Хасенеова Айгуль Какимовна

Туған күні: 16.04.1964

Туған жер: КазССР, Көкшетау облысы

Білім:
Шортан педагогикалық училище, мамандығы «Балалар бақшасының тәрбиешісі»,1987 жыл
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», 2011 жыл

Педагогикалық өтілі: 22 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1983-1990 жж. - Ленинград ауданы, «Василек» балабакшасы, тәрбиеші
1990-1996 жж. - Ленин ауданы Казан ауылы, «Малыш» балабакшасы тәрбиеші
2007-2011 жж. - Ақжар ауданы Ленинград ауылы, «Еркетай» балалар бөбек бақшасы» МКҚК, тәрбиеші

Кәсіби жетістіктер:
2013 ж Облыстық «Күн шуағы жерді аялайды» атты сурет байқауының қатысушысы, Сертификатпен марапатталды
2009ж. Аудандық білім бөлімінің Кұрмет грамота.
2010ж. «Жыл тәрбиеші» сайысына белсенді қатысқан үшін.
2014 жыл, Республикалық мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің арасында өткізілген «Сиқырлы Жаңа жыл» тақырыбында байқауының қатысушысы, Сертификатпен марапатталды,
Сертификат 2016ж. «Мектепке дейінгі үйым тәрбиешілері мен жалпы білім беретін мектептердің педогогтарына арналған қашықтықтан өткізілген «Мәңгілік ел» багдарламасы байқауында қатыс қаның растаиды.
«PLANI.KZ» республикалық білім беру парталында оқу материалы жарияланды 2017жыл.
2017жыл, «Білім беру ұйымының әдіскері» республикалық Журналында материалы жарияланды
2017жыл, «Азбука.kz» халықаралық білім беру парталында «Менің елім-тәуелсіз Қазақстаным» атты тақырыбына оқу материалы жарияланды,
НМЦ «ZIAT»-2017ж. «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі үздік эаманауы сабақ» атты қашықтықтан Өткізілген 4 Республиқалық сайысында «тандаулы әдістемелік әзірлеме» наминациясы бойынша І орынға ие болдым.
2017ж. Мадақтама. «Бүгінгі мектепке дейінгі тәрбие және білім мәселелері» атты аудандық семинарда «Декупаж-өте женіл іс» такырыбына тәжірибесімен бөліскен үшін
2017ж. Аудан оку бөлімінің мадактамасы «Білім саласындағы адал шығармашылық еңбегі, оку тәрбие үдерісін жетілдірудегі комақты үлесі, жогары кәсіби шеберлігі үшін»
Диплом 2017ж. «Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техниқалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім алушылары арасында «Қош келджің, наурыз!» сырттай өткізілген интернет – байқауында жүлдегерін жөғары дәрежеде дайындаған үшін.
НМЦ «ZIAT»-2017ж. Баспа туралы Сертефикат «Үлгілі сабақ» атты жинақты материал жариялағандығын растаиды.
Диплом Республикалык марафонана даиындаған үшін.
Диплом 2018ж. «Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техниқалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім алушылары арасында өткен «Жана жылдық колейдоскоп» Республикалык интернет – байқауында жүлдегерін жөғары дәрежеде дайындаған үшін.

----------------------------------------

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.

Тәрбиеші мамандығын таңдағаным: бұл менің бала күнгі арманым, мектептен бос уақытта, каникулда көрші маңайдың барлық кішкентай балаларын жинап, оларға өзімше тәрбиеші болатынмын. Шеңберге тұрғызып ойын ойнатып, тақпақтар айтқызып би билететінмін. Бұл маған өте ұнайтын. Кіп-кішкентай балалардың былдырлаған балдай тәтті тілдері, қылықтары өте қызықты. «Адам өмірінде екі жағдайда қателеспеуі қажет, бірі-жар таңдауда, екіншісі-мамандық таңдауда» деген сөз бар ғой. Сол бір бала күндегі арманым бүгін де орындалып отыр.

Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата - ана, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін

Мен тәрбиешімін. . . Осы мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады.

Бүлдіншілермен «Ұлттық ойындарды қолдана отырып балалардың сөздік қорын молайту» мәселесі бойынша жұмыс атқарамын.

Мысалы: «Хан алшы», «Омпы», «Түйілген орамал», «Такия тастамақ», «Айгөлек» ойындарды ойнатамыз.

Оку-іс кызметтерінде жана техногологияларды колданамын

Математика сабағында турлі-түсті Кюзенер таяқшаларын колданамыз.

Сурет салу оқу іс-әрекетінде дәстүрден тыс тәсілдер қолданылады. Бала сурет салуда тек қана қылқаламмен сурет салып қоймай қана неше түрлі түтікшелерді, жіптерді, саусақтармен тіс пастасы мен тіс щеткасын қолданады

Монтессори технологиясын колдана отырып балаларға қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Зайцев технологиясын колдана отырып, оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.

Ойын технологиясын пайдалана отырып: баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейміз. Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Өзімнің педагогиқалық тәжірибемді насихаттап аудандық семинарда «Декупаж-өте женіл іс» атты мастер класс өткіздім.

Осы «Бүгінгі мектепке дейінгі тәрбие және білім мәселелері» атты аудандық семинарда «Декупаж-өте женіл іс» такырыбына тәжірибесімен бөліскен үшін Мадақтамамен марапатталдым.

Менің тәрбиенушілерім сайыстарға, жобаларға белсенді қатысып женімпаздар болды

Зерттеу мен эксперименттік жұмыстарымен айналысамын.

«Білім саласындағы адал шығармашылық еңбегі, оку тәрбие үдерісін жетілдірудегі комақты үлесі жогары кәсіби шеберлігі үшін» Аудан оку бөлімінің мадактамасымен марапатталдым.