Хасенова Айжан Лұқманқызы

Туған күні: 19.05.1976

Туған жер: ҚазССР, Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Май селосы

Білім:
Көкшетау университеті, мамандығым «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», 2008 ж

Қоғамдық қызмет:
Аудандық тәрбиешілердің әдістемелік бірлестік басшысы.

Педагогикалық өтілі: 18 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1994-1995 жж. – Май орта мектебі, география пәнінің мұғалімі
1999-2005 жж. - Жаңатұрмыс негізгі мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
2005-2008 жж. - «Балдырған» балалар бөбек бақшасы, тәрбиеші
2008-2018 жж. - «Балдырған» балалар бөбек бақшасы, әдіскер

Кәсіби жетістіктер:
Облыстық жаңа технологиялар фестивалінің жеңімпазы, ІІ орын мадақтама, 2015 жыл
Республикалық «Жаңа жылдық сценарийлер» сайысының жеңімпазы, ІІІ орын, 2015 жыл
Білімділер сайтының bilimsite.kz. жұмысына белсенді қатысқаны үшін, «Құрмет грамотасы» 2015 жыл
Республикалық «Үздік 50 мұғалім» сайысы, сертификат, алғыс хат, 2016 ж.
Облыстық «Ең үздік балабақша» байқауы, ІІ орын, 2016 жыл
«Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесінің дамуы» тақырыбында өткізілген ғылыми практикалық конференциясында педагогикалық тәжірибемді ұсынғаны үшін сертификат, 2017 жыл
«Инфоурок» сайты сертификат, 2017 жыл
Әдістемелік құрал "Хатха-йога — мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтырудың дәстүрлі емес әдісі", 2017 жыл
Сонымен қатар жұмыстарым bilimdileri.kz Білімділер порталы сайтында, облыстық СҚ газетінде жарияланды
Ақжар Ауданының әкімінен алғыс хат, 2016ж.
Ақжар Ауданының білім бөлімінің басшысынан мадақтама, 2016ж.

----------------------------------------

Бүгінгі бала -ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат, мемлекетіміздің болашағы деп тану үшін баланың әрекетін түрлендіріп, қызықты ұйымдастыру керек. Сондықтан мен өзім алдыма бір ғана мақсат қойдым: сапалы білім мен тәрбие беру – әр педагогтың міндеті. Осы міндетке жету үшін әр түрлі технологияларды қолдану керек.

Әдістемелік мәселем: «Педагогтардың инновациялық жұмыс түрлерін қолдануын іске асыру» Осы мәселемді шешу барысында балабақшада әдістемлік отырыстар, пед. сағаттар, семинарлар өткіземін. Педагогтармен алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға бір-бірінің пікірлерін тыңдауға тиімді болады. Оқу іс-әрекетті өткізу барысында әр тәрбиеші балаларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды қолданады: Триз, Монтессори, Воскобович, сурет салудың, дене тәрбиесінің дәстүрден тыс әдістерімен қатар компьютер және қазіргі заманауи технологиялардың бірі интерактивтік оқыту технологиясын қолдану балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арта түседі. Білім сапасы да дәстүрлі оқытуға қарағанда арта бастады. Соның нәтижесінде біздің балабақша жыл сайын республикалық, облыстық байқауының, басқа да интеллектуалды байқаулардың жеңімпаздары.

Өзімнің іс-тәжірибеммен балабақша іс-шараларында, семинарларда, облыс көлемінде өтіп жатқан байқаулар мен семинарларда көрсетіп, бөлісіп тұрамын. Биылғы оқу жылы «» тақырыбына аудандық семинар өткіздік.

Біліктілікті арттыру – кәсіби құзыреттіліктің негізі. Сондықтан үнемі өзімнің біліктілігімді арттырып отырамын. 2015 жылы «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Жаңа технологиялармен әдістер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекетке дағдыларын қалыптастыру» ТРИЗ, Г.Доман, С.Френе, М.Монтессори және т.б. тақырыбы бойынша курсты аяқтап, сертификат алдым және «Білім мекемесінің педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы. Педагог портфолиосы» тақырыбы бойынша сынақтан өттім. Бүгінгі таңда СҚО мұғалімдері желілік қауымдастығында тәжірибе алмасып тұрамын.