Жагипарова Салтанат Каирнасовна

Туған күні: 04.06.1973

Туған жер: КазССР, Көкшетау облысы

Білім:
Көкшетау педагогикалық училище, мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбиелеу», 1991 ж. Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжі, мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 2015 ж.

Қоғамдық қызмет:
Мектепке дейінгі ұйымда кәсіподақ ұйымының мүшесі

Педагогикалық өтілі: 11 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1991-1993 жж. - Ленин ауданы, с/з Жана-аул, балабақша, тәрбиеші 2007-2018 жж. - Ақжар ауданы, Ленинград ауылы, «Еркетай» балалар бөбек бақшасы» МКҚК, тәрбиеші

Кәсіби жетістіктер:
Аудандық әдістемелік отырыста өз тәжірибесімен бөліскен үшін Дипломмен марапатталды, 2010ж.
Облыстық МЖД «Ең жақсы табиғат бұрышы» конкурсы, диплом 3 орыниегері, 2013ж.
Тәрбиеленушілер халықаралық Пони турнирына қатысқаны үшін сертификат берілді, 2014ж.
Тәрбиеленушілер Республикалық интеллектуалдық «Үркер» марафонына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды, 2017ж.
Республикалық интеллектуалдық «Үркер» марафонына тәрбиеленушілерін дайындаған үшін дипломмен марапатталды, 2016-2017 ж.
Қашықтықтан өткізілген «Ізденімпаз тәрбиеші» атты Республикалық сайысында «Мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелік іс- шара» номинация бойынша диплом 1 орын, 2017 ж.
«PLANI.KZ» республикалық білім беру парталында оқу материалы жарияланды, 2017 жыл.
«infourok.ru» халықаралық білім беру парталында «Алтын күз» атты тақырыбына оқу материалы жарияланды, 2018 жыл

----------------------------------------

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты. Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Өйткені бала-кіршіксіз пәк, жүрегі жұмсақ, көкірегі ашық, сезімтал, көруге асығады. Балалар маған шаттық сезім сыйлайды, қанаттандырады, күш жігер береді.

Менің мақсатым балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, дидактикалық ойындар арқылы ой- сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту.

Жылдар барысында алға қойған мақсаттарым менің кәсіпке деген ұмтылысымды ұштастырып, балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырады. Менің және тәрбиеленушілердің жеткен жетістіктерімнің көрсеткіші мынадай.

Аудандық әдістемелік отырыста өз тәжірибесімен бөліскен үшін марапатталдым. . Облыстық МЖД «Ең жақсы табиғат бұрышы» конкурсына қатысқаны үшін

ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталдым. . Қашықтықтан өткізілген «Ізденімпаз тәрбиеші» атты Республикалық сайысында «Мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелік іс-шара» номинация бойынша диплом 1 орын. Республикалық білім беру парталында «От бізге дос па, қаспа?» оқу материалы жарияланды. Республикалық интеллектуалдық «Үркер» марафонына тәрбиеленушілерді дайындаған үшін дипломмен марапатталдым. Тәрбиеленушілер Республикалық интеллектуалдық «Үркер» марафонына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Тәрбиеленушілер халықаралық Пони турнирына қатысқаны үшін сертификат берілді. Республикалық «Адам және табиғат» конкурс-ойынына қатысқаны үшін сертификат берілді.

Тәрбиеленуші аудандық «Қыз сыны» сайысының бас жүлде женімпазы, мадақтама. Тәрбиеленуші аудандық «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» байқауына қатысып 2-орын мадақтама. Тәрбиеленуші аудандық «Толағай» отбасылық спартакиядасында ІІ-орынды жеңіп алған үшін марапатталды.

Балабақшада іс-шаралар жоғары деңгейде шығармашылықпен, ата-аналармен тығыз байланыста өткізуге барлық мүмкіндіктерді пайдаланамын, осылай тәрбие берумен бірге өмір құндылықтарын асыра білуге дағдыланып келемін.