Кыдырова Багитгул Салимовна

Туған күні: 02.11.1970

Туған жер: Қазақстан, Атырау қаласы

Білім:
Атырау педагогика институты, мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі», 1992 жылы

Педагогикалық өтілі: 24 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1992 жылы - №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
1994 - 2013 ж. - №15 А.Құнанбаев атындағы орта мектеп,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, әдістемелік бірлестік жетекшісі, инновациялық оқу ісі меңгерушісі
2013 жылынан - қазірге дейін - №19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, әдістемелік бірлестік жетекшісі

Кәсіби жетістіктер:
2007 жылы “Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа ізденістер” тақырыбында VІІІ қалалық педагогикалық оқу І орын
“Білім беру жүйесінің жаңа мазмұны:Бәсекеге қабілетті, білімді және құзіретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту” тақырыбында VІІІ облыстық педагогикалық оқу-2007 жыл ІІ орын
2009 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі РМКҚ «Оқулық» республикалық ғылыми – практикалық орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқулықтары мен оқу – әдістемелік кешендерін сараптауына қатысушы
2010 жылы «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» VІІ Халықаралық олимпиадада оқушысы Бекдар Мұратұлы ІІІ орын алғын.
2010 жылы «Ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, дамыту; іс – тәжірибелер, жаңа бағыттар» атты республикалық, облыстық ғылыми – әдістемелік конференциясының материалдар жинағында мақаласы жарияланған. “Жергілікті ақын-жазушылар мұрасы – болашақ ұрпақ қазынасы” атты облыстық конференция 2-дәрежелі диплом
2010 жылы Алғыс хат Атырау қалалық білім бөлімі
2011 жылы Құрмет грамотасы Атырау қалалық білім бөлімі
2012 жылы Құрмет грамотасы Атырау қалалық білім бөлімі 2012 жылы Оқушыларды “Жарқын болашақ”олимпиадасына дайындап,жүлделі орын алғаны үшін қалалық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
“Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары-2012”жобасы аясындағы “АТ қолданылған ең үздік ашық сабақ”сайысына қатысқаны үшін Грамотамен және осы жоба конференциясына белсенділікпен қатысқандығы үшін марапатталды.
2014жылы «Нұр-Отан» Алғыс хат
2014жылы Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің қашықтық олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен «Үздік нәтиже» сертификат №495662 және №496190 Астана қаласы, «Дарын»Республикалық ғылыми- практикалық орталығы; Атырау облыстық «Қайсар» газетіне Қыдырова Бағытгүл Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде прокуратура қызметкерлерінің біліктілін арттыруға өз үлесін қосты деген «Мемлекеттік тілді білуге ынталылық» атты мақалада прокуратура қызметкерлеріне сабақ беруде алғашқылардың бірі және сабақ беру әдісі ерекше деп жазған болатын.
2014жылы ІІІ дәрежелі диплом қалалық «Ең үздік қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті - 2014»Атырау қалалық білім бөлімі, «Жыл мұғалімі» , «Сынып жетекші», «Үздік әдістемелік бірлестік” ІІ орын, «Педагогикалық оқу» І орын байқауларының жеңімпазы.
ҚР педагог кадрларының бірінші (ілгері) деңгей курсы М-І №002044 22.07.-25.10.2013ж. №0020074/ 22.11.2014.
«Ең үздік қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті - 2014» қалалық байқауы – ІІІ дәрежелі диплом. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасынан «Үздік нәтиже» №496190, №495662 сертификат.
Қалалық «Үздік сабақ» байқауы -2014 – ІІ дәрежелі диплом.
Республикалық www.45 minut.kz сайтының грамотасы мен сертификаты 00202/А/Р.2015.6. Қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасы «Үздік нәтиже» №727069 сертификат. «Мәңгілік еліміздің бағдары – орта білім мазмұнын жаңғырту» тақырыбындағы облыстық ғылыми- тәжірибелік семинар №0001286 15.2016ж. Сертификат және жұмысы жинаққа енгізілді. «Бәйтерек» желілік қоғамдастығы аясында жүргізілген жұмыстар бойынша кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін «Үздік коучинг» номинациясы Алғыс хат.
«Bilimger.kz” әдістемелік сайты №000025 сертификат
Баспа беттеріне жарияланған материалдары:
1.«Ұлттық шешендік өнер» «Әдіскер мұғалім» журналының №5(14ж)
2.«Мақатаев поэзиясы» «Әдіскер мұғалім» журналының №3 (14ж.)
3.«Лексикадан өткенді қайталау» «Педагогикалық кеңес» журналының №3 (14ж.)
4.«Ахмет Байтұрсынов ақын, тілші» «Мектеп директорының орынбасары» журналының №4 (14ж.)
5.Республикалық www.45 minut.kz сайтының грамотасы мен сертификаты 00202/А/Р.2015
6. «Төгілген тердің өлшемі» «Атырау» газеті №97 26.08.2014ж
7. «Педагогтардың кәсіби қоғамдастығының потенциалын қалыптастыру: тәжірибесі мен болашағы» атты әдістемлік жинаққа «Сын тұрғысынан ойлау - шығармашылыққа шыңдау» тақырыбындағы коучинг жоспары.
Оқушыларының жетістіктері:
1. Қалалық «Бауыржан Момышұлының рухани – адамгершілік және әскери мұрасы» І республикалық байқау - 8ә сынып оқушысы Оспанова Асел ІІ орын
2. «Қоғам ағзасын кеулеген лаңкестік» облыстық шығарма жазу сайысы ІІ орын 11а сынып оқушысы Кеңесова Алия;
3. «Имандылық –ақындар жырларында» облыстық мәнерлеп оқу сайысы Алғыс хат 6ә сынып оқушысы Байболатова Ақерке. 4. 2015ж. Абай-Шәкәрім оқуы мәнерлеп оқу бөлімі 6а сынып оқушысы Махметова Айлина ІІІ орын
5. 2016ж.Қалалық ХVІІ Абай-Шәкәрім оқуларының «Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы»атты кезеңінен 7а сынып оқушысы Махметова Айлина ІІ орын 6. 2015ж.Атырау облыстық «Ақиқат алаңы» атты Ф.Оңғарсынованың көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы 9ә сыныбының оқушысы Қазиоллаев Айсұлтан Алғыс хат,
7. 2016ж. 7ә сынып оқушысы Ғизат Мадина №00749634-0919 ІІ дәрежелі дипломға және «Күміс жүлдеге сай»№749634 сертификатына ие болса
8. 2016ж.7а сынып оқушысы Құлкайыр Мухаммед те жоғары нәтиже қазақ тілі пәнінен «Үздік нәтиже» №750473, қазақ әдебиеті пәнінен пәнінен «Үздік нәтиже» №747916 сертификат
9. 2016ж. Республикалық олимпиаданың 2- кезеңі, қалалық мектеп оқушыларының арасындағы пәндік олимпиадасы 11а сыныбының оқушысы Құрмашева Мейрамгүл ІІІ орын.
10. Қалалық Махамбет оқуы 2016ж. 7ә сынып оқушысы Сәрсембаев Арман ІІ орын

----------------------------------------

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Мен терең теориялық білімімді әдістемелік тәжірибемен ұштастыра, ұлттық болмыстың ұлығы – тіл мен әдебиет өнерінің сан қырлы иірімін бүгінгі күн талабына сай, заман ағымына үйлестіре, үндестіре білген жанмын.

Оқушылардың білімге құштарлығын оятып, адамгершілік, отаншылдық, ұлтжандылық сезімдерін дарытқан, қазақ этнопедагогикасын жас ұрпақ бойына сіңіруде, бәсекеге қабілетті, білімді және құзіретті тұлғаны қалыптастыру мен дамытуда көп ізденіп, талмай еңбек етудемін.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр», - деп көрсеткен болатын. Қазақстан әлемдік өркениетке ұмтылып отырғанда, білім сапасын көтеріп, бәсекеге қабілетті, білімді және құзіретті жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуда өз құндылығымызды сақтап қалуға үлес қостым.

Сонымен бірге соңғы кезде ұмытылып бара жатқан «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсетуге, жасаған жақсылығыңды міндет қылмауға, адами қасиеттерге көп көңіл бөлемін. Өйткені халық тәлімі – сабақ шырайы.

«Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң» - деп алаштың айбынды ұлы Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай, талмай ізденіп, оқып, «білім» атты шырақты маздата білейік!