Жандосова Лора Серікбайқызы

Туған күні: 17.10.1967
Туған жер: ҚазССР Ақтөбе облысы Шалкар ауданы
Білім:
Ақтөбе педагогикалық училищесі, мамандық «Мектепке дейінгі тәрбие», 1982 ж.
Ақтөбе педагогика институт, мамандық «Педагогика және психология, мектепке дейінгі мекеме методисті», 1988 ж.
Ақтөбе С.Бәйішов атындағы университет, мамандық «Бастауыш сынып мұғалімі», 2014ж
Педагогикалық өтілі: 30 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1986-1993 жж. – Шалкар қаласы №12 бала бақша, тәрбиеші
1993 ж. - қазіргі таңда - Шалкар қаласы №3 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибе орталығы Алғыс хат, 2015ж
IV Республикалық «Зерек» ғылыми тәжірибе байқауы, ІІІ орын 2015ж
Сертификат Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Минстрлігі педагогикалық шеберлік орталығы Бірінші (ілгері) деңгей курсы, 2015ж мамыр
Алғыс хат, Облыстық кәсіподақ ұйымынан «Алтын белгі» иегеріне білім мен тәрбие берудегі еңбегі үшін, 2016ж
Сертификат КИО 2013ж, 2014ж
«Нәтижеге бағытталған білім беру», Ақтөбе қаласы, 2011ж
Облыс бойынша таралымда әдістемелік құрал «Бастауыш сыныптата септік жалғауларын оқыту» 2014ж
«Ұстаз шығармашылығы»баспа беттерінде №6, 2013ж
Қашыктық олимпиадасы «Қазақстан ұстазы» бастауыш сынып олимпиадасы ІІІ орын
Сертификат «Методы оценивание ХХІ века» 2015ж
Облыстық бастауыш сынып олимпиадасы, Сертификат 2015ж
Республикалық семинар «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында деңгейлік бағдарламаны жүзеге асыру тәсілдері», Алғыс хат, 2016ж
Ақтөбе каласы Қ.Р.орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы, Сертификат, 2017ж наурыз
«Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтан олимпиадалар 1-4 сынып Диплом 2018ж
Қ.Р.орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып бойынша біліктілікті арттыру курсы, Сертификат
Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Ақтөбе қаласы 2017ж акпан
Сертификат «Білім және жаңа инновациялар орталығы» 2015ж
Благодарность проекта для учителей «Инфоурок» 2015ж
«Золотая грамота» за активное использование информационных технологий
Диплом «Эрудит» интелектуалды білім порталы 2017ж
----------------------------------------
Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы.
Әр адамның жүрегінде ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым.
Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық
Қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі болашағы.
Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Сондықтан өз бойымда мына ұстазға тән мынадай қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етіп алғанмын. Ол қасиеттер кез-келген ұстаздың дағдысына айналуы тиіс деп білемін.
— Кәсіптік білімі мен біліктілігі
— Ұйымдастырушылық қабілет
— Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
— Заманға сай жаңашылдық
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс - тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті.