Нурдавлетова Зауреш Нурсеятовна

Туған күні: 12.10.1964

Туған жер: ҚазССР Алматы облысы

Білім:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, мамандық «Педагогика-психология», 1988 ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет, мамандық «Психология», 2007 ж

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
2017 ж Алматы қаласының Общественный фонд «Боевое Братсво» «Патриоттық Тәрбие үшін» дипломы және төс белгісі
2017 ж. ҚР «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағымен төс белгісі

Педагогикалық өтілі: 35 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1988-1996 жж - Алматы облысы, бала-бақша, педагог-тәрбиеші, әдіскер 1996-2000 жж - Алматы облысы, №28 мектеп, оқу тәрбие жөнінен директордың орынбасары. 2000-2004 жж - Алматы облысы Іле аудандық білім басқармасы, әдіскер 2004-2006 жж - Алматы «Бөбек» ҒПББжСО, әдіскер 2006 ж - №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі, педагогика, психология пәндерінің оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
2010-2013 жж. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты V, VI, VIII республикалық педагогикалық олимпиадаға «Өрлеу», ««Жаңа бағыт»» командасын дайындаған креатив жетекші.Топ басшылары I- орын
2012 ж «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» VII Республикалық педагогикалық олимпиадаға тәлімгерім психология пәнінің оқытушысы Демеуханова А.Т. I – дәрежелі диплом және сертификат
2016 ж «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша WORLDSKILIS ALMATV 2016 қалалық чемпионатқа кәсіби маман даярлауда креатив жетекшісі. 4- курс студенті Мадина 1 – Дәрежелі диплом
2017 г РГУ Казахская национальная консерватория имени Курмангазы сертификат выдан за подготовку участников к Республиканской малой олимпиаде среди учащихся специализированных школ и музыкальных колледжей Республики Казахстан по специальности «Педагогика и психология» 3 курс студенті Сауранбай Гулнүр 3- Дәрежелі диплом және «Үздік номинациясы» жеңімпазы
2017 ж. Қазақ мемлкеттік қыздар педагогикалық университеті педагогикалық практика барысында студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға бағыт-бағдар беріп, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, талапшыл оқытушы-әдіскер ретінде көрсеткені үшін алыс хат
2017 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шәкірттерім Қалығұл Гүлжан, Бақытова Жаңагүлді білім нәрімен сусындатып, белсенді студенттік өмірге тәрбиелегені үшін алғыс хаттар
2017 ж ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚМҚ педагогикалық университеті профессор Қазна Аймағамбетованың 80 жылдығына арналған «Қазіргі мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, теориясы, әдістемесі мен тәжірибесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетін басқару жолдары» тақырыбында баяндама жинаққа басылымға шықты және сертификат
Мектепке дейінгі балалар психология (оқулығының) авторы. 2011 ж. Алматы, «Алишер» баспасы
2017 ж. Bilimger.kz сайтына «Өз бақытын өз қолыңда» сабақ жоспары жаряланды. Сертификат және құрмет грамотасы
Алматы Білім басқармасының, Алматы қаласы Бостандық аудандық Білім бөлімінен, Алматы обылыс білім басқармасынан құрмет грамоталарымен
«НұрОтан» ХДП қалалық, Түрксіб аудандық Колледж ішілік дирекция атынан мақтау грамоталар

----------------------------------------

"Тәрбие адамның көз қарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" Д.Локк деп айтып өткендей болашақ мамандарды тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Болашақ- білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білім мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Қазіргі таңда қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау – бүгінгі ұзтаз қауымының басты мақсаты. 2012 ж. 16 қарашада Астанада Ел басының қолдауымен “Нұр отан” Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы “Жас отан” Жастар қанаты II съезі Арман! Еңбек! Сенім! тақырыбында ұйымдастырылған кезекті отырысына қатыстым. Болашақ ұрпаққа салар жолымыз нақты болса, келешегімізден зор үміт күтуге болары һақ. Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында, қалалық семинарда психология және ЭЕМ тәжірибешілік сабағынан «Қиял. Шығармашылық қиял. Графикалық редактордың мүмкіндіктері мен қолданылуы» тақырыбында интеграциялы (кіріктірілген) ашық сабақ өткіздім. Алматы қаласы білім Департаментінің жанындағы Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында, «Жеке тұлғаның психодиагностикалық жұмыс жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында дәріс тыңдалды. «Шеберлік мектебі» семинарында шығармашылық есеп берілді. Ондағы мақсатым-Жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру; білім алушыларда таңдалған бағытта дайындығы (мамандығы) бойынша кәсіби сапаларын, азаматтық көзқарастарын, еңбекке және қазіргі өркениетті өмір шарттарына қабілеттіліктерін, сондай-ақ дербестілік, белсенділік және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруда жеке тұлғаны тәрбиелеу. «Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», – деп Ы. Алтынсарин айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихын, рухани мұрасын ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің болашақ жастары жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке ұмтылары анық.