Баймуханова Алма Уразаевна

Туған күні: 30.03.1978

Туған жер: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы

Білім:
А.О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, 2005 ж. «Ағылшын тілі мұғалімі»

Қоғамдық қызмет:
«Исток» ғылыми мектепішілік ағылшын тілі секциясының жетекшісі.

Педагогикалық өтілі: 15 жыл

Біліктілік санаты: екінші

Еңбек қызметі:
№ 13 жалпы орта білім беретін мектебі

Кәсіби жетістіктер:
2015 жылы білім беру жүйесін дамытудағы нәтижелі және шығармашылық еңбектері үшін Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен алғыс хатпен марапатталған.
2014 жылы білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін Мұғалімдер күні мерекесіне орай Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен алғыс хатпен марапатталған.
Оқушыларды қалалық ағылшын тілінде жобаны қорғау байқауына сәтті дайындағаны үшін Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен сертификатқа ие болды. /2014, 2015, 2016 жж./
2015 ж. алпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» республикалық байқауға қатысқанын растайтын Сертифмкатпен марапатталды.
2013 жылы – Мектепшілік байқауда “Ең үздік сынып жетекшісі - 2013” дипломмен марапатталды.
2015 жылы – Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінде «Менің педагогикалық қоржыным» байқауының «Бағдарлама» номинациясы бойынша II – орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды.
2015 жылы - Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған ЖОО білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Жас зерттеуші» тақырыбындағы республикалық байқауда білім алушылардың зерттеушілік ынтасын арттыруға және еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
2016 жылы – Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ұстаз салтанаты» атты қашықтықтан өткізілген интернет –байқауға қатысып I – дәрежелі дипломмен марапатталды.
2016 жылы – Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінде «Менің педагогикалық қоржыным» байқауының «Білім беру жобасы» номинациясы бойынша I – орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды.
2016 жылы – Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінде «Менің педагогикалық қоржыным» байқауының «Білім беру бағдарламасы» номинациясы бойынша I – орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды.
Баймуханова Алма Уразаевна «Бастауыш сыныптағы ағылшын тілі сабағында белсенді оқыту әдістерін қолдану» атты шығармашылық тақырыпты негізге ала отырып, жұмыс жасайды. Мұғалім оқыту үдерісінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақтарында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық тұрғыда жан-жақты ойлауын, тілін, қызығушылығын оята біледі. Баймуханова Алма жетістіктерге жету мақсатында үздіксіз өз білімін жетілдіруде.
Сабақ процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыруға көңіл бөліп, сабақтарында дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді, ойын элементтерін пайдаланып өткізеді.

----------------------------------------