Атыгаева Клара Мнайдаровна

Туған күні: 21.04.1952

Туған жер: КазССР, Северо-Казахстанская область

Білім:
Петропавловский педагогический институт им. К.Д. Ушинского, специальность «Русский язык и литература», 1973 г.

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Кандидат педагогических наук, 1988 г.,
доцент, 1994 г.

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Нагрудный знак «Отличник образования Республики Казахстан», 1998 год.
2012 ж. 29 қыркүйекте «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» Үлкен алтын медалімен
2016 ж. 16 шілдеде ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен,
2017 ж. 30 қыркүйекте «Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері» медалімен марапатталды.

Педагогикалық өтілі: 43 жыл

Еңбек қызметі:
1975-2018 ж. – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті

Кәсіби жетістіктер:
К.М. Атығаева республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы.
1997 жылы «Сорос – Қазақстан» қоры жариялаған «Развитие критического мышления через чтение и письмо» атты тақырыптағы халықаралық конкурсқа қатысып, осы қордың грантына ие болды.
2008 жылы облыстың әлеуметтік – экономикалық және медени дамуына белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының, Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының грамоталарымен марапатталды.
2011 жылы К.М. Атығаева Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінін Алғыс хатымен марапатталды.

----------------------------------------

Атығаева Клара Мінайдарқызы 1969 жылы К.Д. Ушинский атындағы педагогикалық институтқа түсіп, оны орыс тілі мен әдебиетінің мамандығы бойынша бітіріп шықты. Оқуды бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданындағы Трудовое селосының мектебіне ұстаздық етуге жіберілді.

1975 жылы өзі оқыған институттың орыс тілі және әдебиеті кафедрасына жұмысқа шақырылды.

1977 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына «орыс тілінен сабақ берудің әдістемесі» мамандығы бойынша аспирантурасына түседі.

1988 жылы Мәскеудің Н.К.Крупская атындағы облыстық педагогикалық институтында «Предупреждение и преодоление речевых ошибок в русской речи учащихся-казахов» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады.

1988 жылдан 1991 жылға дейін орыс тілі кафедрасының меңгерушісі болды. «Тілдер туралы» Заңның қабылдауына байланысты және Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің қаулысына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдерді дайындау мақсатында К.Д.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтының орыс тілі кафедрасының жанынан «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы ашылды.

Клара Мінайдарқызы қазақ филологиясы кафедрасының негізін қаласты. Ол бұл кафедраны ең ауыр жылдары қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасу кезінде басқарды. Университеттің тарихында тұңғыш рет доцент К.М. Атығаеваның басшылығымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына студенттер қабылданды. Облыс мектептерін жоғары дәрежелі қазақ тілі мамандарымен қамтамасыз ету мақсатында кафедрада екі жылдық курстар ұйымдастырылды. Онда студенттерге күндізгі бөлімде де, сырттан оқуға да жағдай жасалды.

1996 жылдан 2002 жылға дейін казақ тілі кафедрасын басқарды.

1994 жылы К.М. Атығаеваға ВАК-тың шешімімен «доцент» атағы берілді.

2003 жылы тарих – филология факультетінің деканы болып сайланды, осы жұмыста ол үлкен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.

Клара Мінайдарқызы тілдерді дамытуға, мемлекетік тіл саясатын насихаттауға және жоғары білікті мамандарды даярлау ісіне қосқан көп жылдық жемісті еңбегі үшін

Қазіргі уақыта доцент Атығаева К.М. педагогикалық қызметпен айналысуда: қазақ тілінен практикалық сабақтар жүргізеді, жұмыс бағдарламаларын, тестік тапсырмалар, «Қаржы» , «Есеп және аудит», «Биология», «География» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арнап, оқу – әдістемелік оқулықтар құрастыруда.

К.М. Атығаева 80 – нен астам мақалалардың және оқу – әдістемелік құралдарының авторы.