Дузбаева Женискул Кыргызалиевна

Туған күні: 09.05.1968

Туған жер: ҚазССР, Жезқазған облысы

Білім:
Жезқазған педагогикалық училищесі, Мамандық "Тәрбиеші", 1987 ж

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
"Почетная грамота" қалалық білім беру бөлімі, 1999 ж

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1987-1992 жж. - Ет комбинаты балабақшасы, тәрбиеші
1992-2018 жж. - «Айналайын» балабақшасы, тәрбиеші

Кәсіби жетістіктер:
2015 ж. - Құрмет грамотасы қалалық білім беру бөлімі мен қалалық кәсіподақ кеңесінен
2015 ж. - Мадақтама «Зерек бала» V облыстық зияткерлік сайысы
2015-2016 жылғы Қарағанды қаласында облыс бойынша өткен «Үздік портфолия» номинациясы

----------------------------------------

Жалпы адам баласы тәрбиеші болу үшін өзі тәрбие көрген, тәрбиені ұғынған жөн. Тәрбиенің отанында тәрбиеленген адам ғана айналаны, қоршаған ортаны тәрбиелей алады. Тәрбиелі ұрпақ елімізге ауадай қажет. Себебі тәрбиелі ұлттың тамырытереңге бойлап, қаланған іргесі қандай ауыртпалық түсседе құламайды. Сондықтан осы Жезқазған қаласындағы педагогикалық колледжінде тәрбиеші мамандық саласында білім алып жатқандар артылмаса кеміремес. Бәрін түйіндей келеменде болашақ ұрпақ үшін тәрбиеші мамандығынтаңдадым. Қазір осы салада білім жинапжүргеніме 30 жылдың шамасы болды . Осы аралықта мен өте көп нәрсеүйрендім. Бұл мамандық мені бірден баурап алды. Шат-шадыман күбірлеген жаста, күнәдәнпәк, күмістей сыңғырлаған сәби үні күні-түні қүлағыңнан кетпей, бейне бір ақ, адал жолға жетелеп бара жатқандай күйкешеді екенсің. Өйткені балалардан ешқандай жасандылық көрмейсің. Егер олардың алдында шынай ықалпыңда көрінбесең олар сені қабылдамайды. Тәрбиеші мамандығы маған ыстық көрінеді.

Бұл мамандық пен жайқалған, гүлденген, іргесі, нақ бекіген балашағымды көре аламын. Буыны қатпаған жас жеткіншектерді жетілдіру үлкендер мына біздердің парызымыз. Саналы да зиялы және білімді буындарды биіктету біздің қолымызда. Елімнің арқасы асқақ, мерейі үстем болуына азда болса өз үлесімді қосып жатсам, ол мен үшін үлкен абырой!

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елімдейтін бала қайданболсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қайкезеңде болсын ертеңгі елім деп ең ірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізден іспен, ертеңгі азаматтық алыптастыру жауапкершілігі мен ұштасып жатады. Тәуелсізелдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше, олардың әр қайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.

ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз. Өйткені, біз жас ұрпаққа қазыналы да бай анатілі – қазақ тілінсің ірудеміз. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тәнізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениетті кұстанымдарды жұғысты етудеміз.

Ұлы педагог Г. Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеу құқыған жоқ», деген екен.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақыттыжанмын деп білемін.

Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкіміштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Бізбақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық атаулыға тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беругеәр дайым жауаптымыз.

«Баланы ең әуелімейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырынданағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А. Құнанбаев.

Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Отыз жылдан аса тәрбиешілікең бекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басыб үтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірімтөге отырып, биік белестерге жету іне жауапты екенімді ешу ақытта естен шығармаймын.