Бидайбаева Бакыт Каблетовна

Туған күні: 12.02.1974

Туған жер: ШҚО Күршім ауданы

Білім:
Өскемен педагогикалық колледжі, мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбие», 1993 ж.
ШҚМУ С.Аманжолав атындағы, мамандығы «Психолог», 2007 ж.

Педагогикалық өтілі: 9 жыл

Біліктілік санаты: екінші

Еңбек қызметі:
2011-2018 ж. - "№15 орта мектебі" КММ, мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Кәсіби жетістіктер:
2013 ж - «Қажырлы еңбегі үшін және ұстаздар күніне орай». Мадақтама
2015 ж - «Жоғары кәсіби ісі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы шығармашылық педагогикалық қызметі үшін және Мұғалімдер Күнімен». Алғыс хат
2015 ж- «Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде аса жауапкершілік танытып, жүйелі әдіскерлік көмек көрсеткені үшін». Алғыс хат
2015 ж - «Мектепке дейінгі тәрбиеші -2015» қалалық байқауында «Мақсатты және шығармашылық ізденіс» номинациясын жеңіп алғаны үшін. Мадақтама
2016 ж - «Колледж студенттеріне педагогикалық іс тәжірибе барысында көрсеткен сапалы,әрі жүйелі әдіскерлік көмегі үшін», Алғыс хат
2016 ж - «Жоғары кәсібилігі,білім беру жүйесіндегі қажырлы еңбегі,өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі зор үлесі үшін мектеп мерейтойына орай», Алғыс хат
2017ж - «Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыу» республикалық авторлық бағдарлама, Сертификат
Лучшая разработка открытого урока. Сауат ашу «Ә дыбысы мен әрпі»
Лучшая разработка урока в начальной школе «Жануарлардың қысқы тіршілігі»
«Мектепке дейін дайындау сыныбындағы сабақты ең жақсы өңдеу» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы Диплом I дәрежелі

----------------------------------------

Мен Бидайбаева Бакыт Каблетовна Өскемен педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша 1993-жылы «Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін үйретуге құқығы бар тәрбиеші» деген квалификацияны иеленіп шықтым. Оған қоса, 2007-жылы ШҚМУ-дың «Психология» мамандығы бойынша бакалавриатының дипломын иелендім. Қазір Өскемен қалалық әкімдігінің №15 орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісімін.

Мектепалды даярлық бұл- балаларды мектепке бейімдеуге арналған алғашқы баспалдақ. Мұнда келетін балалармен жұмыс істеу үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Әр бала – бір-бір үйдің еркесі. Олардың әрқайсысының тілін тауып, өзара келісіп жұмыс жасау оңай емес. Бұл сыныпта балалармен бала болып ойнап, бала болып ойлай білсең, бала болып күліп, бала болып жүре білсең ғана алғақойған мақсатқа жетуге болады. Бес жыл бойы ата-ананың қасында еркелеп, дегенін жасатып өскен балаға бірден ұжымға үйрену оңай емес. Әрине бұлардыңарасында балабақшада топпен жұмыс жасауға үйренген балалар да бар. Дегенмен балабақшадағы әдіс пен мектептегі даярлық сыныптың айырмашылығы болғандықтан әр баланың мінез-құлқын танып, олармен бірдей қарым-қатынас жасау әрбір мұғалімнің міндеті. Даярлық сыныпта балалар әріптерді танып, санауды үйренетіндіктен сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес технологияларды қолданып келемін. Әсіресе, жеті модуль элементтері: АКТ-ны қолдану, дарынды, талантты балалармен жекелеген жұмыстар, жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар беру-менің күнделікті сабақ жоспарларымда ескеріліп келеді... Бұл жастағы балалар әлі ештеңені түсінбейді, ұқпайды деу дұрыс емес. Олар мықты психолог. Өздерін шын ықыласымен жақсы көріп тұрғанүлкендерді бірден сезеді, мейлінше сол адамға жақын болуға, ойларын ашық айтуға тырысады. Осындай сәттерде баланың басынан сипап, оны толғандырған сұраққа жауап беріп отырсаңыз, ол сізге ашыла түседі.

Мектепалды сыныбының тәрбиешісі ретінде осы аталған әдіс-тәсілдерді үнемі қолданып келемін. Сыныптағы әр баланы мейіріммен жақсы көріп, сырласып, ашық сөйлесіп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. Бүгінгі бала-ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған бүгінгі сәби жасынан саналы тәрбиені сіңіру ата-анасынан соң біздің міндетіміз деп есептеймін. Мектептерде тек біліммен қаруланған адамдар ғана емес, сондай-ақ жаныкөркем, нәзік, жүрегінде балаға деген шынайы сезімі бар бапкер ғана жұмысжасауы тиіс. Мектепалды даярлық пен ата-аналар ынтымақтастықпен жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашырлары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Осыны жүзеге асыру мақсатында мен ең алдымен сынып ата-аналарымен қоян-қолтық араласып, сынып тәрбиеленушілерінің білім сапасымен қатар, бөлмеміздің материалдық базасын жақсарту, тазалық жұмыстары, сыныптан тыс шаралар, мерекелік құттықтаулар, каникул күндерінің шаралары, баланың бос уақытын ұйымдастыру сияқты көптеген жопарлы жұмыстарды ақылдасып, бірлесе отырып шешуді әдетке айналдырдық. Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағыборышымыз. Өз өмірімде таңдаған мамандығымның бала тәрбиесімен байланысты болғанын мақтан ете отырып, келешекте де осы ұстаздық-тәрбиешілік жолымда аянбай еңбек ететініме сенімім мол.