Сейсембаева Гулжазира Оспанбековна

Туған күні: 01.01.1965

Туған жер: ҚазССР, ОҚО, Бәйдібек ауданы

Білім:
Қызылорда педагогикалық институты, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 1987 ж

Қоғамдық қызмет:
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Оңтүстік Қазақстан облыстық «Құрмет» АВ қоғамдық қорының «Білім беру ісінің үздігі» медалі, 2013 ж.

Педагогикалық өтілі: 37 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1987-1988 жж. - Заречная мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
1988-1989 жж. - Алғабас аудандық білім бөліміне қарасты Жасөспірімдер клубы, директоры
1989-1990 жж. - «Алғабас» мектебі, ұзартылған күн тобы жетекшісі
1990-1993 жж. - Алматы қаласы №62 қазақ орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
1993-2017 жж. «Алғабас» ЖОМ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2005-2010 жж. «Алғабас» ЖОМ, әлеуметтік педагог
2010 жылдан - «Балбұлақ» шағын орталығы, әдіскері
Қазіргі уақытта Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
Аудандық пән олимпиадаларында, «Абай-Шәкәрім», «Мұқағали оқулары» байқауларында оқушыларым жүлделі орындардан көрініп келеді.
2013 жылы Шымкент қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында І (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өтіп, сертификатталдым.
2013 жылы «Алтын ақпарат веб-порталының «Ашық сабақ» бөліміне «Абай аудармалары» тақырыбындағы ашық сабағымның электронды нұсқасы тіркелді.
2013 жылы «Интерактивті тақтамен пәндік дәрістердің сабақ беру әдістері» курсын оқып, сертификат алдым.
2013 жылы Шымкент қаласындағы «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру орталығында шағын орталық әдіскерлерінің курсынан өтіп, сертификатталдым.
2014 жылы білім беру саласындағы көп жылдық еңбегім ескеріліп, жемісті еңбегім мен қоғамдық өмірге белсене араласқаным үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің марапатына ие болдым.
2014 жылы қазан айында аудандық мектеп директоры оқу ісінің орынбасарларымен өткен аудандық семинарда «Қазіргі заман мұғалімі» тақырыбында коучинг сабақ өткізіп, аудандық білім бөлімінің марапатын иелендім.
2015 жылы Халықаралық білім беру сайтының «Мұғалімдер сайты» жобасында өзімнің жеке сайтым ашылып, «Жүректен жүрекке» тақырыбындағы шеберлік сабағым, «Жетістікке жету» таныстыры лымым, «Абай шығармаларының тілі» тақырыбындағы ашық сабақтарымның электронды нұсқасы «Инфоурок» сайтына тіркеліп, куәлік алдым.
2015 жылы Шымкент қаласы «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру институтында 2 апталық курстан өтіп, сертификатталдым.
2015 жылы Шымкент қаласы Абай атындағы облыстық кітапханада өткен сыншы,драматург Рымғали Нұрғалидың 75 жылдық мерейтойына орай өткен семинарға белсене қатысқаным үшін Мақтау қағазын иелендім.
2015 жылы аудандық «Үздік әдіскер» байқауына қатысып,жүлделі орыннан көрініп, аудандық білім бөлімінің ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталдым.
2016 жылы Шымкент қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында «Мектеп тренері»курсынан өтіп, сертификатталдым.
2016 жылы 10-сынып оқушыларымен өткен «Абай аудармалары» тақырыбындағы ашық сабағым «Жеті күн» республикалық-қоғамдық саяси газетіне мақала түрінде жарияланды және грамотасымен марапатталдым.
2016 жылы жалпы орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының ,жоғары оқу орындары педагогтарының арасында өткен «Күз жауһары» тақырыбындағы республикалық интернет-байқаудың «Менің алтын өлкем» бөлімі бойынша қатысып, ІІ дәрежелі Диплом иегері атандым.
2016 жылы мұғалімдердің тамыз конференциясында жас ұрпаққа тәрбиелі де саналы білім бере білгенім үшін Түлкібас ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.
Республикалық «Білім шыңы-ғылым сыры» журналының 2017 жылғы №2 санына «Қазіргі заман мұғалімі» тақырыбындағы мақалам шықты және грамотамен марапатталдым.
18.2017 жылы «Нұрлы болашақ» интернет-олимпиадасына қатысқан 6-7,11-сыныптағы оқушыларым жүлделі орындардан көрінгені үшін Алғыс хат иелендім.
2017 жылы «NIO» интернет олимиадасына қатысып, жүлделі І дәрежелі Диплом иегері болдым.
2017 жылы «Просвещение» сайтының онлайн олимпиадасының І дәрежелі Диплом иегері атандым.
2018 жылы республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына оқушыларым қатысып, жүлделі орындардан көрінгені үшін Алғыс хат иелендім.

----------------------------------------

Сейсембаева Гүлжазира Оспанбековна 1965 жылы қаңтар айының 1-інде ОҚО Бәйдібек ауданында дүниеге келгенмін. Қиын да қызықты еңбек жолымды осы аудандағы «Сарыбұлақ» мектебінде тәлімгерліктен (вожатый) бастадым. 1987 жылы Қызылорда педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірдім. 1987-88 жылдары осы аудандағы «Заречная» орыс-қазақ мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бердім. 1988-89 жылдары Алғабас аудандық білім бөліміне қарасты жасөспірімдер клубының директоры қызметін атқардым. 1990-93 жылдары Алматы қаласында бастауыш сынып мұғалімі болдым. 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап, ОҚО Түлкібас ауданы «Алғабас» жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, аудандық шығармашылық топтың мүшесі болдым. 2006-2010 жылдар аралығында әлеуметтік педагог қызметін атқардым. Оқушыларым аудандық пән олимпиадаларының, Абай-Шәкәрім, Мақатаев оқуларының, облыстық батырлар жыры байқауының жеңімпаздары.Ұстаздық жолды таңдаған көптеген оқушыларым: Тастанбекова Балжан, Оспанова Гүлнұр, Бейсебаева Жанара, Байрамова Фарида - бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері, журналистиканы бітірген оқушым Жанбаева Мөлдір-танымал тілшілердің бірі.2013 жылы деңгейлік бағдарламаның І (ілгері) деңгей курсынан өтіп, сертификатталдым және мектеп тренері курсынан да өтіп,мектепте әріптестеріме жаңа технология әдіс-тәсілдерінің тиімділігін үйретудемін. Қазіргі уақытта Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп тренері, мектеп жанындағы «Балбұлақ» шағын орталығының әдіскері қызметін атқарудамын, сонымен қатар гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісімін. Жыл сайын бітіретін мектеп түлектерін ҰБТ-ға дайындап, жоғары нәтижелер көрсетіп келемін. Оқушыларымның бойында ұлтжандылықты қалыптастыра отырып, өз ана тілін сүюге, қастерлеп, қадірлей білуге, шығармашылықпен айналысуына бағыт-бағдар беріп келемін.