Сисенгалиева Айнагул Толеукаировна

Туған күні: 27.02.1974

Туған жер: ҚазССР, Батыс Қазақстан облысы

Білім:
Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжі, мамандығы «Музыка мектебінің оқытушысы, әуесқой ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі, ансамбль әртісі», 1996 ж.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы «Кітапханатану және библиография», 2006 ж.

Қоғамдық қызмет:
«Кітапқұмарлар» клубының жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 22 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1996 ж. - осы күнге дейін - Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, кітапхана меңгерушісі

Кәсіби жетістіктер:
Құрмет Грамотасы, «Оқитын ел - озық ел» атты аудандық байқауы, ІІ орын, 2009 ж;
«Қадыр Мырза Әлі жылы» аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін Теректі аудандық білім бөлімінің мадақтамасы, 2012 ж;
Батыс Қазақстан облысының Білім Басқармасының Құрмет Грамотасы, 2012 ж;
Ауған соғысының мүгедектер және ардагерлерінің БҚО қоғамы қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты, 2012 ж;
Гран-при мадақтамасы, аудандық «Ең үздік мектеп кітапханасы», 2012 ж;
«Қазіргі заманғы кітапхана - интеллектуалды және шығармашылық даму орталығы» атты семинар қатысушының сертификаты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, 2014 ж;
Қазақстандағы «Болашақ үшін оқыту» Intel бағдарламасы қатысушының куәлігі, Intel Education, 2014 ж;
ҚР білім және ғылым министрлігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ «Білім мазмұны жаңарту жағдайындағы білім мекемелері кітапханасының қызметі» атты бағдарламасы қатысушының сертификаты, 2014 ж;
І дәрежелі диплом, аудандық мектеп кітапханашыларының «Үздік әдістемелік құрал – 2015» байқауы, 2015 ж;
аудандық «Ең үздік мектеп кітапханашысы-2015» байқауында «Озық тәжірибелі мектеп кітапханашысы» аталымының иегері, мадақтама, 2015 ж;
«Педагогикалық әулеті –2015» аудандық байқау, Алғыс хат, 2015 ж;
ҚР Білім және ғылым министрлігі, республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, «Білім беру мекемелері кітапханалары жұмысын ұйымдастыру. Кітапханалардың ақпараттық-кітапханалық қызметін автоматтандыру» атты бағдарламасының қатысушысы сертификаты, 2015 ж;
Аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хаты, 2017 ж;
ІІІ дәрежелі дилом, аудандық «Жыл мектеп кітапханашысы – 2017» байқауы, 2017 ж;
І дәрежелі диплом, Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Менің сүйікті авторым» атты республикалық интернет-байқауының жүлдегері, 2018 ж (оқырман оқушы Алмашова Раушан);
ҚР Білім және ғылым министрлігі, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Менің сүйікті авторым» республикалық интернет-байқауында балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсеткені үшін Алғыс хаты, 2018 ж;
ІІІ дәрежелі диплом, Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы «Жеңіс күніне» арналған «Жақындарыма хат» атты республикалық интернет-байқауының жүлдегері, 2018 ж (оқырман оқушы Төрәлі Рахман);
ҚР Білім және ғылым министрлігі, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаты, 2018 ж;
Теректі ауданы көлемінде «Жайықтың Ақ Шағаласы» әдістемелік құралдың авторы, 2018 ж;
Астана қаласы, «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы, «Үздік сынып сағаты» атты республикалық конкурсы, сертификат, 2018 ж.

----------------------------------------

«Ғасырдан жұмбақ ашқан талай кісі,
Сырың мол, мұраң ғажап арайлысың,
Сан ұрпақ сусындаған кітапхана,
Сарқылмас парасаттың сарайысың»
А.Бақтыгереева

Сисенгалиева Айнагул Толеукаировна Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ 22 жылдан бері кітапхана меңгерушісі болып қызмет жасап келе жатыр.

Әдістемелік тақырыбы: «Көркем әдебиетті насихаттау, өз бетімен кітап оқуға баулу, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру» болып табылады. Қызметінің мақсаты: оқырмандарды көптеп кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын ояту, әдебиет әлеміне енгізу. «Әр адамның ең жақын досы... өмір досы кітап болуға тиіс» деп М.Әеузов айтқандай осы бағытты А.Т. Сисенгалиева мынадай жоспарға сәйкес жұмыстанады- көркем шығармаларды жарнама жасау арқылы оқуға қызықтыру, шағын шығармаларды үзілісте оқу, баспасөз басылымдарына оқушыларды жаздыру. Осы жоспары бойынша жыл бойына жұмыстанды. Мектепте оқушылар біртіндеп кітап оқи бастады. Әсіресе бес томдық Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері, қазақ әдебиетінің классикалық кітаптарын, шетел әдебиеті аудармаларын қызыға оқыды.

Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі. Онда қилы-қилы замандар, адамдар басынан кешірген оқиғалар, кешегісі мен бүгінгісі өмірі суреттеледі. Мектеп бағдарламасында көркем шығарманы оқып талдау, төменгі сыныптан жоғары сыныпқа қарай түрленіп отырады. Орта және жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Орта буында оқушының сөздік қордың дамуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, әдеби талдаудың кейбір тәсілдердің меңгеруіне назар аударса, жоғары буында шығармалардың жанрлық ерекшеліктерімен танысып, күрделі ұғымдар жайлы мағлұмат алуына библиографиялық сабақ өткізеді.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерімен бірлесіп, көптеген шараларды өткізеді. Шараларды ұйымдастыру барысында жаңа технологияның кластер, үш бөлімді күнделік, эссе, концепциялық карта, тренинг, үзіліспен оқу тәсілдерін қолданады. Білімалушылардың, жеке тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында ғылыми жобаға дайындап қатыстырады.

Тәжірибе алмасып, өз білімін жетілдіру үшін, аудандық семинарларға қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөліседі. Бауыржан Момышұлына арналған, «Кітапқұмарлар» клубының авторлық бағдарламасы, Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай мектебімізде аудандық кітапханашылар семинарында «Қыран қанатты ақын» атты панорамалық сабақ көрсетті.

Республикалық ғылыми әдістемелік «Мектептегі кітапхана» журналына мақалалары шығып тұрады: «Дулат Бабатайұлының шығармаларын насихаттау» 2017 ж, №1; «Жайықтың жайсаңдары» 2018 ж, №1; «Поэзия падишасы» 2014 ж, №3; «Әкем шешем және мен, отбасымыз оқырман» 2012 ж, №5 және т.б. ХХІ ғасыр кітапхана қызметі атты обылыстық (қашықтық) ғылыми тәжірибе жинақ кітабына «Кітапхана білім мен тәрбиенің ең тамаша ордасы» атты баяндамасы шықты.