Шналиев Нуржан Урынгалиевич

Туған күні: 04.02.1972

Туған жер: ҚазССР, Батыс Қазақстан облысы

Білім:
Батыс Қазақстан аграрлық университеті, «Агрономия» мамандығы, 1996 жыл
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы, 2002 жыл
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, «Тарих және география» мамандығы, 2006 жыл

Қоғамдық қызмет:
мектепішілік «Атқыш мерген» үйірменің жетекшісі
Кеңес Одағының Батыры Н.С.Майдановтың атындағы «Жас Ұлан» әскери-спорт клубының жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 21 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1997 ж. -осы күнге дейін - Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
2015-2017 жж. - Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, мектеп директоры қызметін атқарды

Кәсіби жетістіктер:
«Нұр Отан» Теректі аудандық филиалының Алғыс хаты, 2009 ж;
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты, «Әскери іс және өмір сүру қауіпсіздігі негізінде кәсіби-педагогикалық қызметті ұйымдастыру» бағыты бойынша курсының сертификаты, 2011 ж;
Облыстық “Үздік алғашқы әскери дайындық кабинеті” байқауының “Үздік әскери - спорт ойындары” номинациясы, 2012 ж;
І дәрежелі диплом, аудандық “Үздік Алғашқы Әскери Дайындық кабинеті” байқауы, 2012 ж;
ІІ дәрежелі диплом “Үздік педагог” аудандық байқауы, 2012 ж;
ҚСРО батыры Н.С.Майдановты еске алу мақсатында аудандық мұғалімдер арасында волейбол ойынынан өткен біріншілігінде «Үздік ойыншысы» атылымы иегері, 2012 ж;
Қазақстан Республикасының “Отан” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Мақтау қағазы, 2013 ж;
Теректі аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Мадақтамасы, 2013 ж;
І дәрежелі диплом Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай аудандық байқауы, 2013 ж;
«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарының облыстық кезеңі ІІІ орын, 2013 ж;
Теректі ауданы әкімінің сыйақысы, 2014 ж;
Диплом «Ер жүрек» Республикалық әскери-спорттық “Денсаулық біздің күшіміз” атты фестивалі, «Жас Ұлан» командасы, 2014 ж;
Сертификат Республикалық әскери-спорттық “Денсаулық біздің күшіміз” атты фестивалі «Жас Ұлан» командасы, 2014 ж;
Республикалық әскери-спорттық “Денсаулық біздің күшіміз” атты фестивальдің Кубогі, 2014 ж;
Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуына 25 жыл аудандық «Сардар» әскери жарысында І орын, 2014 ж;
Аудандық “Сардар - 2014” әскери жарысында І орын;
«Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-далалық жиынын үздік ұйымдастырушысы» облыстық байқауында "Саптық дайындық бойынша үздік оқытушы - ұйымдастырушы" номинациясын иеленгені үшін диплом, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы, БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2015 ж;
ІІІ дәрежелі диплом аудандық «Үздік алғашқы әскери дайындық кабинеті» сырттай байқауы, 2015 ж;
«Педагогикалық әулеті –2015» аудандық байқаудың Алғыс хаты, 2015 ж;
«Қарулы Күштерінің Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының «Жергілікті басқару органдарына 100 жыл» мерейтойлық Медалі, 2018 ж.

----------------------------------------

Алғашқы әскери дайындығы оқытушы - ұйымдастырушының ең басты міндеті - оқушыларды Отанды қорғауға, соның ішінде ұл балдарды тікелей ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге психологиялық, дене шынықтыру, адамгершілік жағынан дайындау болып табылады. Бұл жердегі шешуші рөлді алғашқы әскери дайындығы пәнін оқыту үдертеталмақ. Казіргі оқу талаптарына сәйкес оқытушы - ұйымдастырушының бойында сөйлеу мәдениеті, басқару стилі, интеллектуал, ұйымдастырушы, менеджер, координатор, тәрбиеші, жаңашыл, стратег, бақылаушы, зерттеуші, дипломат секілді қасиеттер болу керек. Осы қасиеттерге Нуржан Урынгалиевич Шналиев ие.

АӘД оқытудағы оқу - тәрбие жүйесінің басты шарты - оқушының танымдық белсенділігін арттыру болып табылады. Мектеп табалдырығынан бастап әрбір азамат өз Отанын қорғауға әскери ғылым тарихын оқып үйрену арқылы пәннің толық бағдарламасын меңгеру қажет. Нуржан Урынгалиевич өз тәжірибесінде балаларға тек әзір білімді меңгертіп қана қоймай, олардың өз бетімен жұмыстануына, кездесетін кедергілер мен қиындықтардан шығу жолдарын үйретуге бағытталған жұмыстар жүргізеді. Пәнді тереңдете оқыту мақсатында оқушыларға теорияны практикалық жұмыстармен ұштастыру үшін Орал қаласындағы № 5517 әскери бөліміне, мұражайларға саяхаттар, әскери оқу орындары курсанттарымен, ҰОС және Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесу шараларын өткізу жұмыстары өз нәтижесін берді.

Тәрбие жүйесінде жүргізілетін әскери - патриоттық бағыттағы үйірменің рөлі маңызды. Осы себептен 2007 жылы Кеңес Одағының Батыры Н. Майданов атындағы "Жас Ұлан" әскери - спорт клубы, мектеп мұражайы, "Атқыш мерген" үйірмесін ашты.

Әскери - патриоттық тәрбие беруде мектеп деңгейінде жүргізілетін жұмыс түрлері, аудан, облыс, деңгейіндегі жоспарлы жұмыс түрлерімен жалғасын тауып жатыр. Мектепте "Ұлан", "Алау", "Жігіт сұлтаны", "Әскерге шақырушы күні", "Жеңіс күніне" арналған салтанатты саптық шеру т.б. әскери - спорттық ойындары өткізіліп тұрады. Осының нәтижесінде оқушылар аудан, облыс, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

АӘД пәніне деген оқушының қызығушылығын мектептегі психолог қызметімен, олардың жұмыс жоспары мен байланыстыра отырып, жүргізу де өз нәтижесін берді. Отанды сүю, қорғау бағытындағы ой - өрісін кеңейтіп отыру керек. Сондықтан да азаматтық қасиеттерді қалыптастыруда психологиялық қызмет көмегі әр уақытта қажет екендігін ұғындыру шарты ұстаздың міндеті. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыс түрлері сұрақ - жауап сағаттары, психологиялық тест сағаты, сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттары, өз нәтижелерін береді. Оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие беру бағытындағы қызығушылықтың өзі оқу - тәрбие процесіндегі басты жетістікке негіз болып табылады. Оқу процесіндегі жұмыстың тәрбие жұмысымен ұштасуы, не болмысы осы жұмыс түрлерінің психологиялық қызметімен байланысуы оның тәжірибесінде көрінісін тапты деп ойлаймын.

Өз пәнің оқытуда баланы жігерлі, ұқыпты, тәртіпті болуға үйретеді. Бала қаншалықты дұрыс тәртіпке үйренсе, оның қоғамда өз орнын таба алу мүмкіндігі соншалықты күшейеді. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімнің оянуы, қазіргі таңдағы бәсекелестікке, құрылған қоғамда үлкен мәнге ие. Сонда ғана бала кез-келген өмір жағдаятында өзгелермен еркін сезінуіне көз жеткізеді.

Сабақтарында тақырыпаралық, салааралық, пәнаралық байланыстарға мән береді. Өз пәнінде шығармашыл жұмысқа қызығушылығы мен қабәлеті бар баланы таңдап алу, оқушылармен әңгіме сауал және әскери - спорттық өнерге ынта салуын бақылау арқылы жүргізіледі. Бірнеше ұлдар мен қыздарды талабына, орындаушылық қабілеттеріне, жетістіктеріне қарай іріктеп алады. Арасында әскери өнерге деген ынтасы жоғары, келешекте әскери оқу орнына түсуді мақсат етіп, қызығушылығымен ерекшеленетін оқушылар да жок емес. Н.У. Шналиевтың басты бағыты, біріншіден, оқушының ақпараттылығы, танымдығы, әскери - спорттық өнерге деген кәсіби көзқарасын анықтау, ата - анасымен әңгімелесіп қолдау табу, үшіншіден болашақ мамандығы, яғни ҚР ҚК қатарында әскери қызметкер болуына ықпал жасау. Міне, осындай жұмыстарды жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор деп сенімді Алғашқы әскери дайындығы оқытушы - ұйымдастырушысы Н.У. Шналиев.