Досмағанбетов Сайлау Женисович

Туған күні: 01.01.1966

Туған жер: ҚазССР Қостанай обылысы

Білім:
Карағанды Мемлекеттік университет, мамандық «Тарих», 1990 ж.

Қоғамдық қызмет:
Жалпы білім беру цикілдік комиссияняң төрағасы, жас маман тәлімгері, колледжде «Талшын» пікір сайыс үйірмесінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 38 жыл

Біліктілік санаты: жоғарғы

Еңбек қызметі:
1990-1993 жж. - Құмкешу орта мектебі, тарих пәні мұғалімі
1993-1995 жж. - Степняк совхозы, тарих пәні мұғалімі
1995-1997 жж. - Степняк совхозы ауылдық округі, әкімі
1997-2004 жж. - Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған №1 мектеп-интернаты, тарих және қоғамдық пәндердін мұғалімі
2004-2006 жж. - Н. Наушабаев атындағы Затобол қазақ орта мектебі, тарих және қоғамдық пәндердін мұғалімі
2006-2008 жж. - Қостанай әлеуметтік техникалык колледжі, тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы
2008 ж. - осы күнге дейін - «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі, тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
2013 ж. - Обылыстық «Үздік әдістемелік бірлестік » сайысы. Сертификат
2016 ж. - 2015-2016 оқу жылында педагогикалық шеберліктері мен шығармашылықтары, ғылыми жетістіктерінің көрсеткіштері бойынша. Колледж директорынан. Мадақтама
2016 ж. - «Экспо-2017 Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамытудың негізі». Сертификат
2017 ж. - «Рухани жаңғыру аясында өлкетану жұмыстары арқылы патриотизмге тәрбиелеу». Халықаралық конференция қашықтық деңгейде. Малазия. Kuala Lumpur, Конференцияның жинақтар материалына енді
2018 ж. - Костанай гуманитарлық колледжі педогогикалық оқу: «Рухани жаңғыру-жастар мәдениетіне жарқын бағдар». Жинақтар материалына енді
Халықаралық «Мұғалімнің портфолиосы» конкурс. 1-орын, Диплом
2018 ж. - республикалық әскери-патриоттық журнал «Қазақстан патриоты» республикалық шығармашылық «Ел қорғаны мен болам» атты шығарма сайысы. Диплом
2016 ж. - Қостанай обылысы әкімдігінің білім басқармасы. Құрмет грамотасы
2016ж., 2017 ж. - Колледж директорының «Мадақтама»
2013 ж. - «Кубок последного заката» пікір сайыс турнирінде 2-орын. Мақтау қағазы
2016 ж. - «Нұр Отан» «Жас отан» фракциясы ұйымдастыруымен өткен «1916 ж. ұлт-азаттық көтерліске -100 жыл» толуына орай өткізілген студенттер арасындағы обылыстық «Достық кубогы» пікірсайыс турнирінде 2-орынды иемдегені үшін, Мадақтама
2016-2017 ж. - Костанай экономикалық колледжінде өткен есеп –қаржы және экономикалық пәндер апталығында сайыста 1-орынды иеленіп, Диплом
2017-2018 оқу жылында - ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған сайыста Сайлау Ақбаян «Үздік спикер» атанып, Кубокты жеңіп алды
2017-2018 жж - Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған жүйесі» ММ ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу» атты тақырыпта өткен пікір сайыста 3-орын иеленіп,дипломмен марапатталды.

----------------------------------------

Досмағанбетов Сайлау Женисович – Қостанай қаласының «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінде 10 жылдан аса қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Оқытушы өз білімі мен кәсіби шеберлігін шыңдауда шығармашылықпен ізденеді. Заманауи ақпарат құралдарын шебер меңгеріп, әрбір сабағын жаңа ізденіспен, үлкен дайындықпен өткізеді. Өз ісіне жетік, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін алдыңғы қатарлы озық тәжірибені жүйелі пайдалануға, оқу мен оқытуда білім берудің тиімділігін арттыруда. «Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндерден оқушыларға сабақта және сабақтан тыс уақытта патриоттық тәрбие беру» атты әдістемелік тақырып бойынша жұмыстана отырып, өз шәкірттерінің сыни ойлай алуын дамыта отырып, қазақ халқының тарихы мен салт дәстүрлерін,өлке тарихын, әдебиетінің бай мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде ұлттық рухты , рухани бай шәкірт тәрбиелеуде. Педагогикалық оқыту технологияларын саралап, пән ерекшелігіне қарай қолдана біледі. Бұқаралық ақпарат құралдары, газеттерге шыққан мақалалар: 02.12.2016 ж. №47(239) Учительская плюс «Елбасыға ілтипат», 23.12.2016 ж. №50 (242) Учительская плюс «Тәуелсіздік –ұлы дала ұрпақтарына аманат», 05.12.2017 ж. Қостанай таңы «Жат ағымның қаупі», 2017 ж. №3(49) мамыр-маусым Мұғалім KZ Журналы. «Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Қазақстан», 17.01.2018 ж. №6 (18654) Қостанай таңы «Сенімімізді нығайтты», 08.12.2017 ж. №49(292) Учительская плюс «Экстремизм мен терроризмге қарсымыз», 30.10.2017 ж. Интернет-проект «Копилка уроков-сайт для учителей» «Бозбала мен бойжеткен» сайысы сабақтан тыс тәрбиелік іс шар, 04.10.2017 ж. Planet skills.info «Жігіттің сұлтаны» байқауы, 29.01.2018 ж №3(298) Учительская плюс «Болашаққа сенімді нығайтады»