Ибетова Гульжан Жалгасовна

Туған күні: 11.08.1970

Туған жер: ҚазССР, Гурьев облысы

Білім:
Батыс Қазақстан тілдер және басқару институты, «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», мамандығы бойынша «Экономист-бухгалтер» біліктілігі, 2003 г.
Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті, Экономика ғылымдарының магистрі, 2016 г.

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Экономика ғылымдарының магистрі, 2016 г.

Педагогикалық өтілі: 16 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
2002 жылдан бастап - Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі, арнайы пән оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының дайындауымен «Білім беру саласына сіңірген жемісті еңбегі және қоғамдық жұмыстағы белсенділігі» үшін Алғыс хатпен марапатталдым, 2016 ж.
Калмыкия Мемлекеттік университетінде «Қазіргі заманға экономиканың актуальды мәселелері» тақырыбында стажировкадан өттіп, сертификатқа ие болдым, 2015 ж
Калмыкия Мемлекеттік университетінде дөңгелек үстелге қатысып,сертификатқа ие болдым, 2015 ж
Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен Облыс педагогтары арасында өткізген «Менің үздік сабағам» байқауына қатысып ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталдым, 2015 ж
Білім ақпараттану педагогикалық технология орталығы өткізген «Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру» тақырыбы бойынша оқыту семинарына қатысып Сертификатқа ие болдым, 2015 ж
Білім ақпараттану педагогикалық технология орталығы өткізген «Мұғалімдердің кәсіби әрекеттерін технологияландыру жағдайы ретінде электрондық оқулықтар негізінде АКТ-ды пайдалану» тақырыбында курсқа қатысып Сертификатқа ие болдым, 2015ж
Ақтөбе қаласы Платон Халықаралық даму орталығының ұйымдастырумен Республикалық байқау «Ең үздік курстық жұмыс» студенттерді дайындап, қатыстырғаны үшін Грамотамен марапатталдым, 2016
Областық олимпиадаға студенттерді дайындадым «Экономика» пәнінен 2016
«Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік бәләм беру орталығы ұйымдастыруымен «Модульдік –құзіреттілік тәсіл негізінде әзірлген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру»тақырыбында курстан өтіп,Сертификатқа ие болдым, 2017 ж
«Білім нәрі» Республикалық ғылыми –әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Республикалық «Үздік курстық жұмыс» байқауына студенттерді қатыстырып, нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін Мадақтамамен марапатталды, 2017 ж
Ақтөбе қаласы «АлмаМенеджмент» университетінің ұйымдастырумен «Білім саласындағы менеджмент» тақырыбында семинарға қатысып, Сертификатқа ие болдым, 2017 ж
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу мәселелері мен келешегі» Республикалық ғылыми –тәжірибелік он –лайн семинар жұмысына қатысып баяндама оқып, Сертификатқа ие болдым, 2017 ж
Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Баста UР» жергілікті бастамаларды қолдау» қоғамдық қорымен ұйымдастырылған «Smart EL» компьютерлік сауаттылықты дамыту» курсынан өткендігі жөнінде Сертификатқа ие болды, 2017 ж
«Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны –білім сапасын арттырудың кепілі» атты курсын аяқтап, Сертификатқа ие болды, 2017 ж
Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен колледжішілік «Үздік педагог -2018» байқауында «Шығармашыл оқытушы» номнациясы бойынша Дипломмен марапатталдым, 2018 ж

----------------------------------------

Мен оқытушы ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті ұстаз бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, студенттерге деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, студенттермен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. студженттерге аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын.

Ал жеке тұғаны қалыптастыру — оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік гәжірибені меңгерту. Нақтылай түсетін болсақ, ана тілін ерекше құрметтеп, жетік білетін, басқа тілде де жетік сөйлей алатын, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы калыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, саналы еңбек етіп, өз ойын дамыта алатын, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын кезбен қарай алатын, салауатты тұлға. Бір сөзбен, жаңа әлеуметтік-экономикалық нарықтық қоғамдағы жеке тұғаның бойында болуға тиіс бірден-бір қасиеттер: белсенділік, жаңа қоғамдағы қатынастар жүйесінде өз орнын таба алатын шығармашылық іс-әрекет. Міне, осыншама жақсы қасиеттерді болашақ ұрпақтарымыздың бойынан көрігіміз келсе, олардың табыстарына таңдай қаққымыз келсе ұстаз қауымы қара терімізді ағызып аянбай еңбек етуіміз қажет.