Касаинова Айнаш Кабидолдиновна

Туған күні: 28.03.1970

Туған жер: ҚазССР, Шығыс Қазақстан облысы

Білім:
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Математика» мамандығы, 1994 жыл

Қоғамдық қызмет:
«Жаратылыстану және математика пән бірлестігінің» жетекшісі,
Еңбекті қорғау инспекторы

Педагогикалық өтілі: 24 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1994 ж. - осы күнге дейін - «Балғын орта мектебі» КММ, математика және информатика пәні мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
«Құрмет грамотасы» Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие бергені үшін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен
«Құрмет грамотасы» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне, 2011 жыл
«Мадақтама» Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жетістіктері үшін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен, 2012 жыл
1-ші орын алғаны үшін «Мадақтама» аудандық шаңғы жарысында, 2015 жыл
2-ші дәрежелі «Диплом» «Үздік сынып жетекшісі» республикалық конкурсы, 2016 жыл
Үздік нәтиже «Сертификат» Қазақстан Интернет Олимпиадасында, 2016 жыл
«Сертификат» Мамандығым мақтанышым! тақырыбындағы Республикалық байқау, 2016 жыл
«Алғыс хат» Егеменді еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, саналы шәкірт тәрбиелегені үшін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің әкімшілігінен, 2016 жыл
«Алғыс хат» Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына оқушылар дайындағаны үшін, 2017 жыл
«Алғыс хат» Республикалық ұстаздар сайтына белсенділік танытқаны үшін, 2017 жыл
«Мадақтама» Катонқарағай аудандық білім саласына қосқан үлесі үшін, 2017 жыл
1-ші дәрежелі «Диплом» Республикалық Ұлттық интернет олимпиада, 2017 жыл
3-ші дәрежелі «Диплом» Аудандық «XXI–ғасырдың табысты мұғалімі» атты әдістемелік фестивалінің жүлдегері, 2018 жыл
«Ұстаз тілегі», «Инфоурок» сайтына «Математика және логика» республикалық журналына, «Ұстаз әлемі» газетіне мақалалары жарияланды

----------------------------------------

Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Сол қиыншылығы мен қызығы мол ұстаздық жолды таңдадым.

Менің кәсіби ұстанымым: «Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт». Осы мақсатпен еңбек жолымда үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету үшін тыңбай еңбек етудемін.

Ұстаздық тәжірибемнің әр жылдарында оқытудың әдіс-тәсілдерін оқып-зерделей отырып «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының маңызы зор екенін байқадым. Оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана отырып көптеген ашық сабақтар мен семинар-оқулар өткіздім. Оқушыларым әр жылдарда мектепішілік, аудандық, республикалық олимпиадаларда I, II, III жүлделі орындарды иеленді. Сол сияқты мектепішілік математикалық-жаратылыстану пәндерінің апталығын өткізуді дәстүрге айналдырдық, себебі бұл сияқты шаралар оқушылардың шығармашылықтары мен қабілеттерін шыңдайды. Әрқайсысы жауапкершілікпен еңбек етуге дағдыланады.

Көптеген жылдар бойы мектеп түлектерін Ұлттық біріңғай тестілеуге әзірлеу шығармашылығым мен тәжірибемді ұштауға жол ашты. Әрбір түлекті тұлға ретінде танып, келешегіне өз үлесімді қосуға атсалысамын. Мен шәкіртімнің сәл де болса жетістігіне қуанамын. Өзімнің іс әрекетіммен жақсы нәтижеге жететін оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруға жағымды ықпал етуді көрсете білдім деп ойлаймын, өзіндік мүмкіндігін жүзеге асыратын адамгершілік құндылықты қалыптастыратын педагог болуға тырысамын.

Өзімнің педагогикалық қызметімде бірнеше рет мектеп әкімшілігі, аудандық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталдым. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры атынан «Саналы шәкірт тәрбиелегені» үшін Алғыс хатпен, «Үздік сынып жетекшісі» конкурсында 2-ші дәрежелі дипломмен, 3-ші дәрежелі «Диплом» Аудандық «XXI–ғасырдың табысты мұғалімі» атты әдістемелік фестивалінде марапатталдым.