Мардашева Эльмира Маулетовна

Туған күні: 05.08.1972
Туған жер: ҚазССР, Карағанды облысы
Білім:
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы "Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті", біліктілігі "Филолог. Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы", 1995 ж.
Қоғамдық қызмет:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі
Педагогикалық өтілі: 24 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1994-2000 жж. - Қарағанды қаласы, №52 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2000 ж. - осы күнге дейін - Ақтас кентінің №13 жалпы білім беретін мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
Алғыс хат, Республикалық журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті-қазақ, орыс сыныптарында», «Жас ұрпаққа ұлттың рух, ұлттық құндылықтардың негізін қалыптастыратын әдеби шығармалар арқылы отансүйгіштікті насихаттайтын мақалалар бәйгесіне жолдаған мазмұнды мақалаңыз үшін алғыс білдірілді», 2011 ж.
Сертификат, Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында әлеуметтік-кәсіби құзіреттіліктерін дамыту, 2011 ж.
Жинақ, Республикалық ғылыми-практикалық конференция «ҚР азаматының білім беру мазмұнының жаңаруы арқылы адамгершілік-рухани тәрбиеленуі, дамуы және қалыптасуы», 2011 ж.
Грамота, IІ орын, IІ қалалық медиа-сабақ фестивалі «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақ фестивалі», 2011 ж.
Алғыс хат, IV облыстық медиа-сабақ фестивалі «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақ фестивалі», 2011 ж.
Грамота, лауреат, қалалық байқау «Жыл мұғалімі», 2012 ж.
Сертификат, «Қазақ тілін өзге тілді мектептерде еуропалық стандарт негізінде деңгейлеп меңгерту», 2012 ж.
Жетекшілік ету, Диплом, «Арда» жас ақындар газетінің ұйымдастыруымен өткен «Ел еңсесі - Егемендік» Республикалық жас ақындар сайысы, 2012 ж.
Ғылыми жоба қорғауға дайындау, грамота, III орын, 2012 ж.
Грамота, Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беруде жеткен нәтижелері мен білім беру саласындағы мінсіз шығармашылық еңбегі үшін марапатталды», 2011 ж.
Сертификат, ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалар аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы, 2013ж.
Сертификат, II халықаралық интернет конференция «Еуразияда педагогикалық ғылымды дамыту», Австрия, Вена, 2014 ж.
Жинақ, Облыстық ғылыми-практикалық конференция «Қарағанды облысының педагогикалық кадрлар жұмысындағы және білім беру мекемелеріндегі өзекті проблемалар», 2013 ж.
Алғыс хат, Қалалық білім беру бөлімі. «Жас ұрпақтың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен ұлтымызды баға жетпес қасиеттерін сіңіре отырып, оларды жеке тұлға етіп қалыптастыруға, мемлекеттік тідің дамуы мен қолдану аясын кеңейтуге педагогикалық ізденіс, жаңа серпін қосқаны үшін алғыс білдірілді», 2015ж.
Сертификат, Облыстық семинар: «Педагог практиктің іс-әрекеттерін зерттеу», 2015ж.
Сертификат, Аймақтық конференция: «Педагогтың кәсіби дамуы: серіктестік, жаңашылдық, келешек», 2015ж.
Сертификат, Білім беру саласында Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын тағайындау конкурсы, 2016 ж.
Сертификат, «Тәжірбиедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсы, 2016 ж.
Сертификат, «Просвещение» интернет-журнал, Ғылыми-практикалық конференция «ҰБТ-ға дайындық әдістемесі мен тәжірбиесі: тәжірибе және қиындықтар», 2016 ж.
Оқушылырды қазақ тілі пәнінен қалалық пән олимпиадаларына дайындау, 1 орын, 2015 ж., 3 орын, 2015ж., 3 орын, 2016 ж.
----------------------------------------
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш – ол білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда бүгінгі таңда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып жаңаша көзқараста, серпілісті қызмет етіп келемін.
Басты мақсатым басқа ұлт өкілдеріне тіл үйрету болғандықтан, сөйлеу, сөйлесім әрекетін іске асыру үшін «Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілетін сын тұрғысынан ойлау арқылы қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жасап келемін.
Бұл тақырыпта жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөйлеу қабілетін, сөйлесім әрекетін дамытуға ықпал жасаймын, сабақ оқушыларға қызықты, сабақ тақырыбы түсінікті болу үшін және оқушылардың ой - өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту үшін, заман талабына сай жан - жақты дамыған, өз білімін өмірде іске асыра алатын, өз білімін өмірде қолдана алатын бәсекегеқабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру үшін өз қызметімде әр түрлі инновациялық технологияларды қолданамын.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы менің оқушыларым үшін, бірлесе ойлану, ой тастау, іздену, бір-біріне көмек көрсету, пікір алмасу, өз көзқарасын білдіру, тың идеялар айту, шығармашылықта бірлесе жұмыс жасау.
Оқушы бойынан осы қасиеттерді ашу үшін өз сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын «Klaster», «ПОПС формуласы», «Синквейн», «Веер», «Бес қадам», «Ыстық орындық», «Домино», «ТВ шоу», «Автор орындығы», «Венн диаграммасы», «Активатор», «Хикая картасы» т.б.
Менің педагогикалық қызметімнің нәтижесі оқушыларымның жетістіктері. «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы - 1,2,3 орын, қазақ тілі пәнінен пән олимпиадалары - 1,3 орын, шығарма, эсселер байқауының жеңімпаздары - «Арда» жас ақындар газеті, 1, 2 орын,
Ұстаздық қызметімнің екінші бір қыры-мектеп тренері. Өз әдіс-тәсілдеріммен әріптестеріммен бірге коучингтарда, семинарларда, конференцияларда, шеберлік сыныптарында, ашық сабақтарда, баспа беттерінде бөлісіп тұрамын. Конференция «Еуразияда педагогикалық ғылымды дамыту», семинар «Педагог практиктің іс-әрекеттерін зерттеу», конференция «Европаның XXI ғасыр ғылымы», конференция «Жаңартылған білім жағдайында тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері».
ХХІ ғасыр – білім мен білімділер ғасыры, ғылым мен техниканың ғасыры, бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақтың ғасыры. Сол ғасырды білім нәрімен сусындатып, білімді тәрбиемен ұштастырып толыққанды тұлға тәрбиелеу ұстаз еншісінде екенін терең сезінемін.