Бегалиева Айша Карыпжановна

Туған күні: 20.06.1958

Туған жер: ҚазССР, Алматы облысы

Білім:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мамандығы «Тарихшы, Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы», 1985 ж.

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Еңбек қызметі:
1979-1985 жж. - Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті тарих факультеті
1979-1980 жж. - Қазақ мемлекеттік университетінің жоғары оқу орындары мұғалімдерінің білім жетілдіру факультетінің деканатында методист
1980-1993 жж. - Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде қызметкер
1993-1997 жж. - Абай атындағы педагогикалық университетінің аспиранты
1993-2007 жж. - Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде аға оқытушысы
2007-2008 жж. - Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында Қазақстан тарихы пәнінен дәріскер
2009-2018 жж. - ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
100-ден астам ғылыми-әдістемелік және имидждік еңбектің авторы, серіктес авторы, 5 оқу-әдістемелік құралдың, 2 нұсқаулықтың авторы/серіктес авторы, 1 ғылыми монографияның серіктес авторы

----------------------------------------

Мен, Бегалиева Айша Карыпжановна, Алматы облысы ауылдық округінде 1958 жылы еңбекші отбасында дүниеге келдім. 1965 жылы онжылдық мектебінің 1-сыныбына барды, 1976 жылы онжылдық мектепті бітірді. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті тарих факультетіне түсіп, 1985 жылы тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірдім. 1979 жылы наурыз айынан 1980 жылға дейін қазақ мемлекеттік университетінің жоғары оқу орындары мұғалімдерінің білім жетілдіру факультетінің деканатында методист қызметін атқардым. Ал 1980 жылдан 1993 жылға дейін қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде қызмет атқарды. Университет қабырғаларында жүргенде көптеген қоғамдық жұмыстарға (комсомол комитетінде, кәсіподақ ұйымдарында, көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшесі, спорттық жарыстарға т.б.) белсене араласып, комсомол, кәсіподақ конференциясына, съездеріне делегат болып сайландым. 1993-1997 жылдар аралығында Абай атындағы педагогикалық университетінің аспирантурасында оқып жүріп, 1993-2007 жылдары Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде аға оқытушы болып қызмет атқардым. 2007-2008 жылдары Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында Қазақстан тарихы пәнінен дәріс бердім.

2009 жылдан бастап ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде тарих пәнінің аға оқытушысы болып еңбек етіп келемін

Ұстаздық тәжірибеcі мен әдістемелік-кәсіби біліктілігн арттыру жолында тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіп жүреді. Осы еңбек еткен жылдар ішінде «Қазақстан тарихы пәнін оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулық», «Қазақстан тарихы» оқу құралы және т.б. сол сияқты 100-ден астам ғылыми-әдістемелік, имидждік еңбектерім отандық және АҚШ, Ресей, БАЭ, Қытай, Канада, Түркия секілді алыс-таяу шетелдердің шетелдік баспасөз беттерінде және Томсон Рейтерстің, Скопустың базасында индекстелетін импакт-факторы жоғары ғылыми журналдарда 3 мақалам жарияланды және 5 әдістемелік-оқу құралы, 2 нұсқаулықтың мен 1 ұжымдық монографияның авторымын, серіктес авторымын. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін шетелдік азаматтарды да таныстыру мақсатымен халықаралық семинарға да қатысып жүремін. Оралман тыңдаушы жастары мен АИР тыңдаушыларына қазақ тілі сабағында сапалы білім беру ісін саналы тәрбиемен ұштастыра жүргізгені үшін Қазақстан халықтарының қауымдастығының, Ауғандық жерлестік қауымдастық тарапынан алғысхат алдым, 2016 ж. ғылым кеңістігіне қосқан ғылыми ізденісі мен жаңалығы үшін төсбелгімен, 2017 ж. Ы.Алтынсарин атындағы орденiмен марапатталдым.

Қазіргі таңда 100-ден астам ғылыми мақаласы зерттеу жұмысы бойынша (Отан тарихы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы және Абай атындағы университеті, Қазақ Еңбек әлеуметтік қатынастар академиясы хабаршы журналдарында, т.б. ғылыми журналдарда жарық көрді. Халыкаралық ғылым кеңістігінде импакт-факторы нөлден жоғары Scohus базасында индекстелетін журналға үш мақалам

баспаға ұсынылды.

Мақсатым: әлемдік ғылым-білім кеңістігінде қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолындаында қазақстандық білім саласының дамуына, отандық тарихты зерттеу саласына өз үлесін қосу.