Емельбаева Нургуль Кусаиновна

Туған күні: 24.05.1974
Туған жер: КазССР, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы
Білім:
Семейдің Шәкәрім атындағы университеті, «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мұғалімі, 1996 жыл
Қоғамдық қызмет:
«Тіл үйрету» үйірмесінің жетекшісі
Педагогикалық өтілі: 22 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1996-2018 ж. - «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
«Жыл мұғалімі- 2010» І орын, аудандық білім бөлімінің Мадақтамасы, 2010 ж.
«Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік ұстазы-2010» облыстық байқауындағы инновациялық негіздегі шығармашылық жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін І орын, ШҚО БАИ директоры С.З. Байхонованың Мадақтамасы, Өскемен қаласы, 2010ж.
«Білім және Ғылым» Республикалық шығармашылық фестивалде «Ең үздік ғылыми жоба» бағыты бойынша І дәрежелі Диплом, Семей қаласы 2015ж.
«Ұлағатты ұстаз» республикалық байқауының «Үздік қазақ тілі мұғалімі» бағытында І орын, «Өрлеу» Ғылыми-әдістемелік орталығы, Астана қаласы 2017ж.
«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынова өлеңдерін оқу байқауы, Алғыс хат, Алматы қаласы 2015ж.
Жаңартылған білім мазмұны аясында әзірленген оқулықтарды талқылау бойынша республикалық семинарға қатысып, сертификат алды. Өскемен қаласы 2017ж.
«Мақсұтым- тіл ұстартып, өнер шашпақ...» тақырыбында этнос жастары арасындағы байқау, Алғыс хат 2015ж
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мадақтамасы- 2015ж
Аудан әкімінің орынбасарының алғыс хаты-2015ж
«МЖБС жүзеге асыру жағдайында негізгі және жалпы орта білім берудің заманауи сабақ өңдеулер әдістемесі» семинарға қатысып, сертификат алды. 2012ж.
«Қазақстандық патриотизм- «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы» атты ұстаздарарсындағы семинарға қатысып, «Мәңгілік елдің белгісі рухы биік ел болу» жұмысымен І дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық Өрлеу порталы, Алматы 2015ж.
Семей аймақтық ғылым және білім беру қызметкерлерінің Кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасы 2016 ж.
----------------------------------------
Қазіргі кездегі білім беруде жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, функционалды сауатты, өзіндік ой-тұлғасы бар адами-рухани құндылығы жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейміз. Осы мақсатта жұмыс істеп жүрген проблемалық тақырыбым: «Тіл дамытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану».
Осы тақырыпты одан әрі кеңейтіп «Қазақ тілі сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сауаттылықтарын, коммуникациялық құзіреттіліктерін қалыптастыру және оқушылардың бәлсенділігін арттыру жолдары» атты авторлық жұмысын жазып, қорғап, әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылды. Авторлық жұмысқа педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Республикалық «Білім және ғылым» шығармашалық бірлестігінің төрайымы, халықаралық ғалымдар одағы мүшесі Т.Ш Ахметова пікір жазды.
Оқытудың озық технологиясын меңгеру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты екені белгілі. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңаны жаңадан табатын өнер», — деп тұжырым жасайды. Сондықтан әр мұғалім өз сабағын қызықты, сапалы жүргізуі әдістемелік шеберлігіне байланысты деп ойлаймын. Өз сабақтарымда жаңартылған білім мазмұны аясында оқытылған курста үйренген белсенді стратегияларды кеңінен қолданып жүрмін. Мұғалім аз сөйлеп, оқушы көп сөйлеу керек қағидасын естен шығармаймын. Осы еңбек жолымдағы еңбегім де нәтижесіз емес.
Өз іс-тәжірибемді тарату мақсатында республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналында «Қазақстан –біздің Отанымыз», «Біз қазақша сөйлейміз» атты мақалаларым шықты. Сонымен қатар «Инфоурок» сайтына да сабақ презентацияларымды жариялап отырамын. Облыстық «Үздік сабақ презентациясы» қашықтық байқауына қатысып сертификат алдым. «МЖСБ жүзеге асыру жағдайында негізгі және жалпы орта білім берудің заманауи сабақ өңдеулер әдістемесі» атты облыстық семинарға қатысып, сертификат алдым. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әзірленген оқулықтарды талқылау бойынша республикалық семинарға қатыстым. Мектебімізде қоғамдық жұмыс ретінде өзге ұлт өкілдеріне тіл үйрету үйірмесін жүргіземін
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.