Султанова Гульбану Абдирешовна

Туған күні: 12.11 1970

Туған жер: ҚазССР, Алматы облысы

Білім:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтік унтверситеті, бастауыш сынып мұғалімі, 2005 жыл

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
«Қазақстан ұстаздары» педагогтар қоғамының ІІ дәрежелі медалі, 2018 жыл

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1989-2018 жж. - Н.Бозжанов атындағы орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
«bilimdiler.kz» сайтына «Бастауыш сыныптағы геометрия» авторлық бағдарлама және үлгілі сабақтары 2014ж.
Қазақстан кіші ғылым академиясының 23-ші облыстық ғылыми-практикалық конференциясының доклад тезистері жинағына «Жылқы-жеті қазынаның бірі ғылыми жоба жарияланды,2015ж.
Республикалық грамота «Мен және менің коучингім» байқауы «Коучинг сабағының үздік жоспары» номинациясы 2016ж.
«Нұрлы болашақ» қашықтық олимпиадалар орталығынан алғыс хат 2016ж
«Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық журналының Құрмет грамотасы 2017ж.
Ұлттық Интернет Олимпиадасы ІІ дәрежелі диплом 2017ж.
Республикалық «Дарабоз» оқу орталығының алғыс хаты 2017ж.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығармашылық байқау «Шығармашыл ұстаз» І дәрежелі дипломы 2016ж.
Республикалық «Ұстаз тілегі» сайтының Құрмет грамотасы 2017ж.
«Тарым» білім орталығының алғыс хаты 2017ж.
Қазақстан кіші ғылым академиясының 26-ші облыстық ғылыми-практикалық конференциясының доклад тезистері жинағына «Балдың пайдасы» ғылыми жоба жарияланды 2017ж.
Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталына математикадан «Қосу және азайту» үлгілі сабағы жарияланды.
«Plani.kz» Қазақстан ұстаздарына арналған жоспарлау сайтында ана тілінен қысқа мерзімді жоспары, 2017ж.
«Мұғалім әлемі» халықаралық білім порталында ана тілінен қысқа мерзімді жоспары

----------------------------------------

Мұғалім ретінде оқушылардың пәнді терең игеруіне құштарлығын, алғырлығын арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сабақ барысында терең де, тиянақты білім беру мақсатын көздеймін.

Менің педагогикалық ұстанымым-«Біліп қана қою аз, сол білгеніңді үйрете білуің керек, ниеттеніп қана қою аз, сол ниетіңді іске асыра білуің керек»

Топтық, жекелей, жалпы сыныптық оқыту, тест, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, зерттеу жұмыстары, сайыс кештер, коллаж жасау, постер құру, халықтық педагогикамен байланыстыра оқыту.

Өз мақсатым мен міндеттерімді жүзеге асыру -

Ұстаз атын иемденгеннен бері Н.Бозжанов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ, жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктелетінін біліп қана қоймай, үздіксіз ізденуді, өз білімімді үнемі жетілдіріп отыруды талап еттім. Өйткені еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп орынды айтқан педагог К.Д.Ушинский. Сол себепті «білгенімнен білмегенім көп» дей отыра, білім саласындағы қандай да болса жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, үнемі ізденіс танытып, білімімді шыңдап келемін. 2014 жылы Қазақстан Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші деңгей бағдарламасы бойынша, 2016 жылы ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы "Тәжірибедегі рефлексия" жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби дам бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсына, республикалық «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру орталығынан "Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия" тақырыбында курстарға қатысып сертификат алдым. Тақырып бойынша сабақтарға алған білімдерін өмірде қалай пайдалана білу керектігіне үнемі бағыт - бағдар беруден тынбаймын.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.

Оқушы бойындағы оқуға деген қызығудың аз да болса көрінісін дер кезінде байқау, танымдық қызығуды біртіндеп қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасау, оқушының ойын ояту түйінді сұрақ қою, оны таңғажайыптармен таңырқата білу, белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру, міне бүгінгі таңдағы мектеппен мұғалімнің басты міндеті болып отыр. Қазіргі таңда мұғалім бағыт-бағдар беруші. Берілген тапсырмаларды өздігінен игеріп, бір-бірін бағалай отыра, ойларын еркін айта отыра бір-біріне деген сенімі арта түседі. Ал өзім оқушылардың білім деңгейін түрлі әдістер арқылы саралап, сараптап отырамын.