Тарбаков Бауыржан Айдарович

Туған күні: 01.06.1984

Туған жер: Казахстан, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы

Білім:
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, информатика пәні, 2006 ж

Педагогикалық өтілі: 10 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
2006-2009 жж - Байтұрсынов орта мектебі
2009-2016 жж - №2 шағын орталықты орта мектебі, информатика пәнінің мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2008 жыл. Информатика пәні мұғалімдерінің аудандық «Алтын диск» байқауындағы терең білімімен ерекшеленіп, кәсіби шеберлігін көрсете алғаны үшін А.Байтұрсынов орта мектебінің мұғалімі Тарбақов Б. І орын иеленгені үшін аудандық құрмет грамотасынмен марапатталады
2009 жыл. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық еңбегі үшін информатика пәнінің мұғалімі Тарбақов Б. аудандық құрмет грамотасымен марапатталады
ҚР Конституциясы күніне орай білім беру саласындағы шығармашылық жемісті еңбегі мен қоғамдық өмірге араласқаны үшін информатика пәнінің мұғалімі Тарбақов Б. аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталады
2011 жыл. Информатика пәні мұғалімдерінің ІҮ аудандық «Алтын диск» байқауында кәсіби шеберлігімен, терең білімімен ерекшеленіп ІІ орын иеленгені үшін №2 орта мектебінің мұғалімі Тарбақов Б. аудандық құрмет грамотасымен марапатталады
2011 жыл. Жас ұрпақты оқытып тәрбиелеудегі жемісті еңбегі мен шығармашылық ізденістері үшін аудандық грамотасымен марапатталады
2011 жыл. «Тәуелсіз елдің ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының V аудандық фестиваліне белсене қатысып, үздік өнер үлгісін көрсеткені үшін №2 шағын орталықты орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Б. білім қызметкерлері кәсіподағының Т.Рысқұлов аудандық комитетінің алғыс хатымен марапатталады
2011 жыл. «Тәуелсіз елдің ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының V аудандық фестиваліне белсене қатысып, үздік өнер үлгісін көрсеткені үшін №2 шағын орталықты орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Б. Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасы Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының дипломымен марапатталады
2012 жыл. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жемісті еңбегі мен шығармашылық ізденісі үшін Тарбақов Б. мектепішілік «Оқушыларға – сапалы білім» номинациясымен марапатталады.
2014 жыл. Х аудандық «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауында 10-сыныпқа арналған «Компьютерлік графика және дизайн» бағдарламасын жоғары талап деңгейлеріне сай дайындағаны үшін №2 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Б. І орынды иеленіп аудандық құрмет грамотасымен марапатталады
2014 жыл. Жас ұрпақты сапалы білім саналы тәрбие беруде нәтижелі де табысты еңбегі үшін №2 шағын орталықты орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Тарбақов Б. аудандық құрмет грамотасымен марапатталады
2014 жыл. «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауында 10-сыныпқа арналған «Компьютерлік графика және дизайн» бағдарламасы облыстық әдістемелік кабинетінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2016 жыл. «Ең үздік флипчарт сабағы» облыстық әдістемелік кабинетінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
06 – 17 маусым 2016 жыл. Назарбаев Зияткерлік мектебі. «Робот техникасы» курсы
21 қырқүйек – 2 қазан 2015 жыл. «Macromedia Flash, Front Page бағдарламаларын сабақ үдерісінде тиімді пайдалану» «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.
25 ақпан – 26 мамыр 2013 жыл ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Сертификат №0004097
5 – 17 наурыз 2012 жыл. «Оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану»
Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты. Сертификат №0271903
1 – 13 наурыз 2011 жыл. «Орта мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемесі» (on-line оқыту)
Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты. Сертификат №0270833
8 – 12 маусым 2009 жыл. «12 жылдық білім беруге көшу » бойынща «Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында бағдарлы оқытуды ұйымдастыру». Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты. Сертификат №001400
10 – 14 қыркүйек 2007 жыл. «АКТ – ң мүмкіндіктерін мектеп пәндерін оқытуда пайдалану» Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты. Сертификат №001869

----------------------------------------

Кез келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Мұғалім кім болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар ерекше орнын аңғару қиын емес.

Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С.Мұқановтың:

Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты
Білімділік бір биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады сол адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты
Деген өлең жолдары дәлел бола алады.

Тәуелсіз еліміздің мемлекеттігін нығайту өлшеусіз үлес қосып жүрген, республикамыздың білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың табыстары мен жетістіктері үшін өздерінің кәсіби шеберлігін, патриоттық пен имандылығын арнаған мұғалімдер қауымының бүгінгі педагогикалық оқулары тарландарды танытатын, болашаққа бағдар беретін игілікті іс-шара.

Білім қызметкерлерінің I-құрылтайында елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылыарын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақастан сол деңгейде болады» -деген еді. Ия, бұл сөздерде қарапайым мектеп мұғалімдеріне бүтін бір елдің болашағына жол салар, жас ұрпағын нұрлы аспанға көз тіктіріп, ұлы армандарға қанаттандырар құдірет иесіне деген үлкен сенім, жауапкершілік жатыр.

Білім беруді дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында “Қазақстандағы білім беру реформасының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік- экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады” – делінген. Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі қажет. Ашылған жаңалықтарды өз бетінше оқып үйреніп, оларды өз ісіне жаратуы керек. Жеке тұлғаның дамуының, мәдениетаралық алмасулар, әр оқушы пікірін еркін айта алуы, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іс жүзінде қолдана білу керек. Барлық пәндер бойынша оқытудың басты мақсаты оқушыға белгілі бір білім туралы түсінік беру ғана емес, оны бақылауға, ойлауға үйрету маңызды. Білімді терең де жүйелі меңгертуге септігін тигізетін оқуға ынталылық, пәнге деген қызығушылық, ата-анасы алдында, достарының алдында жауапкершілікті сезіну, қажеттілікті ұғыну, білімнің мәнін, қажеттілігін түсіну. Алған білімдерін тиісті жағдайда қолдана білу, талапты оқушылардың дамуына ықпал етеді. Сабақтың негізгі мақсаты мәтінмен жұмыс жасай білу болса, оның ерекшеліктері мұғалімнің басты қаруы – сөз арқылы оқушы жүрегіне ықпал ету, әсерлендіру, пәнге қызықтыру, логиқалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп- ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс- тәсілдерін меңгеруі қажет.

Білім сапасы- мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.