Байсугурова Алия Кабаевна

Туған күні: 12.08.1970

Туған жер: ҚазССР, Шығыс Қазақстан облысы

Білім:
М.Әуезов атындағы Семей университеті, Педагогика әдістемесі және бастауыш сынып мұғалімі, 2006 ж.

Қоғамдық қызмет:
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 31 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Кәсіби жетістіктер:
Құрмет грамотасы (облыстық )2014ж.
2016жылы "Инфоурок" атты Халықаралық сайтта сабақ жоспарлары жарияланып Алғыс хатпен марапатталды
2017 жыл Құрмет грамотасы республикалық сайттан «USTAZ tilegi»
2017 жылы 26-27 қазан Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Сертификат
2013-2014 жыл «Ақ бота» облыстық интеллектуалды олимпиада 1 орын Буланбаев Даулетхан
2 орын Қуанышпаев Еркебұлан; Алишерова Малика
2014-2015 жыл «Асыл тас» 3 орын Буланбаев Даулетхан
«Тұлпар» облыстық олимпиада 3 орын- Амангелдиева Альмира; Серікбосынов Бекнар; Алишерова Малика
Халықаралық «Инфоурок» математика пәнінен 3 орын Алишерова Малика; Амангелдиева Альмира
2 орын дүниетану пәнінен Буланбаев Даулетхан;
2015 жылы «Айналайын» облыстық конкурс 1 орын Буланбаев Даулетхан;
2орын Токенова айдана; Серікбосынов Бекнар
2015-2016 жылы «Балапан» облыстық олимпиада Жүкенов А., Құдайбергенов Т., Құдайбергенқызы Д.,
2017жыл «Айналайын» облыстық конкурс Еженхан Дастан 2 орын.
2015-2016 жылы «Айналайын»
2014 жыл «Жауқазын» фестивалі Алишерова малика Грамота
2014 жыл «Пони» халықаралық турнир Сертификат Алишерова Малика
2015 жыл «Білім және Ғылым» шығармашылық фестивалі Алишерова Малика Сертификат жүлдегер номинациясы
2015 жыл «Білім және Ғылым» Республикалық шығармашылық фестиваль Грамота 1 орын
2018жыл Алғыс хат «Өрлеу» республикалық ғылыми – әдістемелік орталығы «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар»

----------------------------------------

Алия Кабаевна біліктілігі жоғары санатты мұғалім, «Балдырған» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. А.К. Байсугурова - шәкірттеріне білімнің қыр-сырын меңгертуде ерінбей еңбектене білетін, өз пәндерін және заманға сай жаңаша оқыту әдістерін терең меңгерген педагог. Жыл сайын білім сапасын жоғары деңгейге жеткізу жолында аянбай тер төгіп келеді.

Алия Кабаевна өзінің білімін жетілдіріп, біліктілігін көтеруде арнайы курстардан өтті. Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсетіп, арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстарда мұғалімнің жеке қажеттіліктері ескерілді. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері кәсіптік білім, білік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік десек бұл белгілердің барлығы да мұғалімнің бойынан табылады.

Бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа сапасына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұзтаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді. Ұстаздық қабілеті, шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеті, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік білімі бүгінгі заман талабына толығымен сәйкес келеді. Шығармашылық қуаты шексіз, әрі үздіксіз ізденісте жүреді. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы дамудың жоғары деңгейіне жетуде мәні зор. Біздің ойымызша педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінің құрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді яғни білім, іскерлік қабілет пен қасиеттерді қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда А.К. Байсугурова жеткен жетістіктері – оның жаңашылдыққа деген талпынысын көрсетеді. Оның бойындағы аптимизм, тәуекелге бел буа білу, қуаттылық, төзімділік сияқты тұлғалық қасиеттерін атауға болады.

Аталған қасиеттер мұғалімді жаңашылдыққа жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады. Сыныбында тәрбиелік іс- шараларды ұйымдастырып, тәрбие сағаттарын, кездесулер өткізеді. Сынып оқушыларын қалалық мұражайға, кітапханаларға, театрларға апарып, оқушылардың қоғамдық орындарда өзін ұстау мәдениетіне үйретеді. Ата-аналармен тығыз байланыс жүргізеді.

А.К. Байсугурова -өз сабағына талапшыл, оқушыларын әрдайым танымдылық тапсырмаға, логикалық жаттығулар арқылы қабілеттірін дамытуға бағыттай білетін шығармашыл ұстаз.

Мінезі салмақты, іскер, А.К. Байсугурова ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына ынталы тіл табыса білетін оқытушылар ұжымы мен оқушылар арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген жан. Тұрмысқа шыққан, үш баласы бар, бір немересі бар. Мектеп ұжымына беделді, жас мамандарға үлгі.