Куатбекова Раушан Сабиялиевна

Туған күні: 30.11.1981

Туған жер: ҚазССР, Алматы облысы

Білім:
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, мамандағы "Математика-информатика пәні мұғалімі", 2002 жыл
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, мамандығы "Физика пәні мұғалімі", 2016 жыл.

Қоғамдық қызмет:
Дарынды балалар жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 17 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
2001-2018 жж – Н. Бозжанов атындағы орта мектеп, мұғалім

Кәсіби жетістіктер:
Аудан әкімінің Құрмет грамотасы-2014,
Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы-2014 ж,
Аудандық "Жылдың үздік мұғалімі" бас жүлде 2014 жыл,
облыстық "Жылдың үздік мұғалімі" Алғыс хаты -2014 ж.,
аудандық "Алтын диск" 2 орын 2015 жыл,
Республикалық мақтау грамотасы 2016 жыл.
"Безопасный мир" халықаралық қашықтық олимпиада Алғыс хат 2016 жыл,
"КИО" республикалық қашықтық олимпиада сертификат 2016 жыл
Мұғалімдерге арналған математикадан өткен Ұлттық ИнтернетОлимпиадасы Nio.kz І дәрежелі дипломмен марапатталған.
Озық іс- тәжірибесін тарату және насихаттау мақсатында мерзімді басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында мына төмендегідей материалдары жарияланған:
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Математика" №6 2016 жыл
"Математика сабағында оқушыларға практикалық мазмұнды есептерді шығарту" мақаласы, Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Математика" №6 2016 жыл
"Координаталық жазықтық" үлгілі сабақғы және ғылыми жоба бойынша "Оқушылардың ғылыми жоба байқауына дайындаған доклад тезистері" 2014 жыл,
Алматы облысының білім басқармасы "Құзыреттілік - шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негізі" мұғалімдердің іс-тәжірибелер жинағы "Координаталық жазықтық" сабағы 2014 жыл,
Алматы облысы Балқаш аудандық білім бөлімінің "Мектеп -білім тірегі, ұстаз -оның жүрегі" мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибелерінен жинақ "Қысым" және "Пропорция" сабағы 2016 жыл.

----------------------------------------

Әдістемелік тақырыбым: Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы математиканы меңгерту. Ұраным: Біліп қана қою аз, білгеніңді істеп, қолдана білу керек.

Адам тәрбиелеу, баланы өмір сүруге үйрету қиын да қызық. Ұстаз күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды. Француздың ұлы ойшыл философы Ж.Руссо «Ұстаздық ету-өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен. Алдымдағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол табу менің ұстаздық борышым.

Мен әрқашан өз білімімді жетілдіру үстіндемін.

Осы курстар менің кәсіби өсуіме көп септігін тигізді. Әрі оқу үдерісінде тиімді пайдаланып, әріптестеріммен тәжірибе бөлісудемін.

Қазіргі оқушыға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге үйретіп келемін. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үщін сабағымда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолданып келемін. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып табылатын оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы, ізденуі болса, мен сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерінше ізденуде АКТ-ны тиімді пайдаланамын. Сабақтарымда топтық жұмыс жасап, онда жеке, жұппен, ссосын топта жұмыс жасауға дағдыландырып, достық қарым-қатынастары нығая түсті. Жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеткіншектер дайындау үстіндемін.

«Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» демекші, алдыма қойған мақсат, міндеттерімді іске асыруда іздене отырып, талай биіктерге жетуде еңбек етудемін.

Жалпы алғанда, заман талабына сай білім беруде маңызды жақтары өте көп. Білім-теңіз, оның тереңін жетік білетін, қыр-сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан өзімнің алдағы педагогикалық жұмысымда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді өз бетімен ізденіп жұмыстануын ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым.