Тұралбай Тәттігүл Тұрғанбайқызы

Дата рождения: 20.09.1983

Место рождения: ҚазССР, Қызылорда облысы

Образование:
Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институты, мамандығы «Экономика», біліктіліг: «Экономист, әлеуметтік сфералар мен салаларға мамандандырылған», 2005 ж.

Педагогический стаж: 8 жыл

Квалификационная категория: екінші

Трудовая деятельность:
2015 ж. - Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі, экономика пәндер оқытушысы

Профессиональные достижения:
Марапаттау: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білім беру саласына елеулі үлес қосқан үшін, Алматы қаласы, 2016жыл
Алғыс хат «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, білім және ғылым, ағартушылық саласындағы сындарлы саясаттың іске асуына белсенді ат салысқаныңыз және егеменді еліміздің әлеуметтік бағытындағы қызметке қосқан үлесіңізге шынайы алғысымды білдіремін, Алматы қаласы, 2017 ж.
Мадақтама «Мен кәсіпкермін» атты іскерлік экономикалық ойынына студенттерді дайындап, жетекшілік жасағаны үшін марапатталады, Алматы қ., 2017 ж.
Құрмет грамотасы: Алматы қаласының білім беру жүйесіне және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани-әлеуметтік дамуына қосқан зор үлесі үшін марапатталады, Алматы қаласы, 2018 ж.

----------------------------------------

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне, Осындайда «Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.

Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізі аласың деп білемін. Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.

Ұстаз ретінде ментек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.