Аухатова Гүлзейнет Тастемірқызы

Туған күні: 30.03.1971

Туған жер: ОҚО, Ордабасы ауданы

Білім:
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті. Химия пәнінің мұғалімі, 1994 ж.

Қоғамдық қызмет:
«Қыран» ғылыми қоғамының жетекшісі

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
ОҚО «Үздік мұғалімі» медальінің иегері. «Qurmet-AB» қоғамдық қоры

Педагогикалық өтілі: 22 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
ОҚО, Ордабасы ауданы. Амангелді атындағы жалпы орта мектебі, химия пәнінің мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2010 жылы Облыстық педагогикалық оқуда «Дәстүрлі емес әдістердің тиімділігі» тақырыбында оқыған баяндамам үшін ОПКБА және КДИ-дің «Алғыс хатымен» марапатталдым.
2011 жылы ОББЖЖТ, ПКБА және ҚДО-ның, аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес сәуір айының 24 жұлдызында «Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы шығармашылық жұмыстың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинарда «Көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыс» тақырыбындағы Он-лайн режиміндегі сабағым, «Дәстүрлі емес әдістердегі ойын элементтері арқылы оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру» тақырыбындағы шығармашылық есебім, ашық сабақтарымды үздік өткізгенім үшін ОББЖЖТ, ПКБА және ҚДО-ның «Құрмет грамоталарымен» марапатталдым.
2011 жылы «Білім берудегі ізденістер мен тәжірибелер» атты аудандық педагогикалық калейдоскоп байқауында І орын алғаным үшін АББ-нің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2011 жылы облыстық «Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің» педагогикалық марафонында «Қышқылдар», «Ұлы Жібек жолы тарихи танымдық ойын сабағы» тақырыбындағы ашық сабағымды үздік қорғап, І дәрежелі ОПКБА және КДИ-дің дипломымен марапатталдым.
2011 жылы 9 сынып оқушысы Алтынбек Дана аудандық оқушылар олимпиадасының І орын иегері атанып, облыстық пән олимпиадасына қатысты.
2011 жылы «Ұстаз жаршысы» газетінің №21(10.10.2011ж.) «Көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар» тақырыбында дәстүрлі емес тарихи-танымдық ойын сабағым жарияланды және осы сабағым «Үздік слайд-2014» сайысына қатысып, электронды нұсқада тартылып, «Химик анықтамалығы» республикалық журналында жарық көрді.
2012 жылы Тәуелсіз еліміздің 21 жылдығына орай аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.
2012 жылы «Ордабасы оттары» газетінің №42(6.10.2012ж.) нөмірінде «»Мадақтасаң ұстазыңды мадақта, сол емеспе сені қосқан санатқа» тақырыбында мақалам жарық көрді.
2012-2013 оқу жылында оқушым Алтынбек Дана аудандық КҒА-да «Ауыр металдармен ластанған суларды тазарту әдістері» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, І орын алды.
2012-2013 оқу жылында ҰБТ –те химия пәнін таңдаған оқушыларым Алтынбек Дана, Асыханова Қарлығаш (ОҚФармА) жоғары балл жинап, жоғары оқу орынының грант иегерлері атанды.
2013 жылы «Үздік мұғалімнің үздік сабақ жоспары» байқауына қатысып, сабақ жоспарым республика көлемінде таралатын энциклопедияға енгізілді және сертификат ие болдым; оқушым Ноғайбек Ж. аудандық олимпиадада ІІІ орын алды.
2014 жылы Республикалық дистанциондық пәндік олимпиадада жақсы нәтиже көрсеткенім үшін сертификат алдым.
2014 жылы оқушым Балтабай Нұрай «Ақбота-2014» марафонында І орын алғаны үшін дипломмен марапатталды және оқушыларым ОҚО дистанциондық олимпиадада бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
2014 жылы «Ордабасы қоңырауы» газетінің №10 (26.09.2014ж) нөмірінде «Зереш апай ақылменен емдейтін», «»Ұстаздарды ұмытпайық ұлықтайық», «Ордабасы оттары» газетінің 4 қазан күнгі нөмірінде «Өмірден өтті жақсы адам» мақалаларым жарық көрді.
2015 жылы «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» атты мектеп экоклубтарының облыстық фестивалінде дайындаған оқушыларым ынталандыру орнын иеленгені үшін ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының дипломымен марапатталдым.
2015 жылы «Сабақта белсенді әдістер қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген құштарлығын арттыру» тақырыбында өткізілген аудандық семинарда екі ашық сабақты жоғары деңгейде өтіп, белсенділік танытқаным үшін АББ-нің Құрмет грамотасымен марапатталдым.
2015 жылы аудандық «Ең үздік тәрбие сағаты» байқауына қатысып, ІІ орын иеленгенім үшін Алғыс хатпен марапатталдым.
2015 жылы «Білім бұлақ «газетінің №7 (15.04.2015ж.) нөмірінде «Дәстүрлі емес әдіс- тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында мақалам жарық көрді. №10 (30.05.2015ж) нөмірінде «Миллионер болғың келсе..», №13 (16.07.2015ж.) нөмірінде «Оттегі тарауын қайталау», №19 (15.10.2015ж.) «Химиялық байланыстың негізгі түрлері» деген тақырыпта әдістемелік материалдарым жарияланды. «Химик анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналдағы «Алхимик -20105» сайысына оқушыларымнан құралған «Ордабасы» тобының жауаптары №3, №5, №6 нөмірлерінде жарияланды. Осы журналдағы «Үздік слайд-2015» қатысып, №5 нөмірінде «Әлемнің жеті кереметі», №6 «Хлор және оның қасиеттері» слайд-презентацияларым жарық көрді және бұл әдістемелік материалдарым электрондық нұсқаға енгізілді.
2016 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастырған республикалық дистанциондық олимпиадасына оқушыларым қатысып,жақсы нәтиже көрсетіп, сертификаттарға ие болды.
2015-2016 оқу жылында аудандық мұғалімдердің педагогикалық оқуында «Ұлттық Бірыңғай тестілеу тапсырмаларындағы күрделі есептердің шығарылу тәсілдері» тақырыбындағы жасаған құнды баяндамам үшін АББ-нің «Алғыс хатымен» марапатталдым. «Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың ой жүйелілігінің дамуына ықпал ету» тақырыбында өткен (14.12.2015) аудандық семинарда «Радиоактивті заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар» тақырыбындағы өткен сабағым жоғары бағаланды.
2016 жылы Республикалық дистанциондық пәндік олимпиадада жақсы нәтиже көрсетіп, «Аудандағы ең үздік нәтиже» атағына және «Алтын кубокқа» ие болып, сертификат алдым.
2016 жылы «Химик анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналдағы «Үздік слайд-2016» қатысып, №1 нөмірінде «Радиоактивті заттар туралы түсінік.Ядролық реакциялар» сабағымның слайд презентациясы жарық көрді. Осы тақырыптағы әдістемелік материалым «Білім бұлақ» газетінің №4 (29.02.2016ж) нөмірінде жарық көрді.
2016 жылы (24.02.) республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық «Химик анықтамалығы» журналындағы «Алхимик-2015» сайысына оқушыларын белсенді қатыстырып, жетекшілік жасағаны үшін және танымды, мазмұнды жауаптарымен топтың жақсы нәтиже көрсетуіне үлес қосқаным үшін «Ордабасы» тобы және жетекшісі ретінде «Мадақтамамен» марапатталдым. Сонымен қатар осы журналдағы «Үздік слайд-2015» байқауына қатысып, әдістемелік материалдарым электронды нұсқаға енгізілді және сертификатқа ие болдым.

----------------------------------------

Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде 2000-2001 оқу жылынан  бастап жұмыс жасаймын. Жұмыс жасаған кездегі басты жетістіктерімнің бірі ретінде оқушыларымның жолымды  қуып, химия пәнінің мұғалімі болғандарын мақтанышпен айта аламын. Таңдау пәні ретінде химия пәнін таңдап, мемлекеттік білім грантының иегерлері атанып жатқан оқушыларымның саны да жылдан-жылға артып келеді. Кәсіби шеберлігімді   арттыру үшін білім жетілдіру курстарынан өтіп тұрамын.  Педагогикалық қызметімде өздігінен білім алуда  орын алады. Осы уақыт аралығында біршама маңызды іс-шараларға (облыстық, аудандық семинарлар,  аудандық пед.оқуларда баяндама жасау, түрлі іс шараларға т.б.) қатыстым. 2015 жылы «Дәстүрлі емес  әдістердегі  ойын  элементтерінің  оқушылардың  ой-өрісін  дамытудағы  маңызы"  тақырыбындағы шығармашылық жұмысым аудан көлемінде кітапша түрінде таратылды. Өзімнің педагогикалық іс- әрекетімде балалардың талап ету қажеттілігін барынша  ескеруге тырысамын. Алдыма қойған  мақсат-міндеттерім білім алушылардың жеке ерекшеліктерімен сәйкес келеді деп есептеймін. Ұстаздармен тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарына қатысып, түрлі әдістерімен және АКТ арқылы өзіме қажетті белсенді әдістермен танысып, оларды сабақтарыма  қолданамын.  Сабақ кезіндегі оқушылардың бірлесіп еңбек етуін  топтық, жұптық т.б. жұмыстар арқылы ұйымдастырып отырамын. Танымдық қызығушылығы жоғары деңгейдегі оқушыларды пәніме қызықтыру үшін, ерекше мүмкіндіктері мен бейімділігі бар оқушыларды   «Химик анықтамалығы» журналындағы «Алхимик» республикалық сайысына қатыстырып жүрмін және олар жүлделі орындардан көрініп жүр. «Инфоурок»,  «Мультиурок» халықаралық  сайттарында және республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда  өзімнің де, оқушыларымның да мақалалары жарық көрді.

2016 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының  ұйымдастырға дистанциондық пәндік олимпиадада жақсы нәтиже көрсетіп, «Аудандағы ең үздік нәтиже» атағына және  «Алтын кубокқа» ие болып, сертификат алдым, ал оқушыларым қатысып,жақсы нәтижелер көрсетіп, сертификаттарға ие болды.