Наралиева Рахила Турсыновна

Туған күні: 09.10.1963

Туған жер: Қазақстан, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-еңбек ауылдық округі

Білім:
Жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мамандығы: «Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы», 1992 жыл

Қоғамдық қызмет:
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызметі жөніндегі орынбасары
«G-global» платформасы аясында өткен 2015-2016 жылдардағы «Еліміздің тұрақты дамуындағы шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеудегі жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің рөлі» атты халықаралық онлайн-конференцияның жауапты ұйымдастырушысы
«Жас талап» этнолингвистикалық үйірмесінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 17 жыл

Еңбек қызметі:
1981-1985 жж. Жамбыл облысы, «Аса» совхозының жұмысшысы
1986-187 жж. Жамбыл облысы, «Чапаев» колхозының машинист-хатшысы
1987-1992 жж. әл-Фараби ат.ҚазМҰУ-дың студенті
1992-1994 жж. бала күтіміне байланысты демалыс
1994-1997 жж. ҚазҰУ филология факультеті деканатында жетекші әдіскер маман
1997-1998 жж. ҚазҰУ қазақ филология кафедрасының тағылымдамашысы
1999-2011 жж. ҚазҰУ филология факультеті, Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы
2008-2013 жж. «ҚазТЕСТ» орталығының тұрақты тест әзірлемешісі
2011-2016 жж. ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
100-ден астам ғылыми-әдістемелік және имидждік еңбектің авторы, серіктес авторы, 13 оқу-әдістемелік құралдың авторы/серіктес авторы, 1 ғылыми монографияның серіктес авторы
Негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері:
1) «Қазақ тілі» ОӘҚ, (журналистика факультетінің орыс бөліміне арналған) Алматы-2005;
2) «Тіл – құрал» 5 деңгейлік ОӘҚ, ҚР БҒМ бекіткен, Астана «АқарманМЕДИА», 2011, 5 кітап;
3) «Modern Methods of Teaching Kazakh as a Foreign Language: Search, Innovation, Quality, Result»//«SCOPUS из Elsevier Customer» Service Review – Vol. Canada - June 2015 Индекс150428- 003953, ISSN: 1918-7181. импактфактор 0,588;
4) The beaty of novel “SHakan sheri”»// «Bilimsel Eksen» scientific axis Vol.II. №15 (2015 Sping-Summer:) Түркия, Анкара-2015. ISSN:1309-5811 P. 103-106;
5) Поиск и исследований инновационных приоритетов в преподаваний казахского языка в полиязычной сфере. //Коллективная монография: Вопросы современной науки//ISBN 978-5-9907913-2-9. Издательство: ООО "Интернаука", 2016, стр.135-157.
Алғысхаттары мен дипломдары: 1995 ж. ҚазҰУ-дың алғысы еңбек кітапшасына жазылған;
1998 ж. ҚазҰУ-дың алғысы еңбек кітапшасына жазылған;
2005 ж. Оңтүстік Корей елшілігіндегі оқу-ағарту орталығының алғысхаты;
2014 ж. «Жанашыр» халықаралық қайырымдылық қорының алғысхаты;
2015 ж. Ауғанстан Ислам Республикасының елшілігінің алғысхаты;
2016 ж. әлемдік ғылым кеңістігіне қосқан ғылыми ізденісі мен жаңалығы үшін алған «World Science» халықаралық ғылыми ұйымның дипломы;
2016 ж. «Elibrary» халықаралық электронды кітапхананың Science Index жүйесіне тіркелген авторлардың бірі
2016 ж. «Просвещение» Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығының ІІ дәрежелі дипломы.

----------------------------------------

Мен, Наралиева Рахила Турсыновна, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының «Бірлесу-еңбек» ауылдық округінде 1963 жылы 9 қазанда еңбекші отбасында дүниеге келдім. 1970 жылы «Бірлесу-еңбек» ауылының сегізжылдық мектебінің 1-сыныбына бардым, 1978 жылы сегізжылдық мектепті бітірген соң, аудан орталығы «Аса» совхозының «Жеңістің 30 жылдығы» орта мектебінде оқыдым. Алыс қалаға ЖОО-ға оқуға баруға анам рұқсат бермегендіктен 1980 жылы орта мектепті бітірген соң, Тараз қаласындағы ауылшаруашылық мектебінде есепші мамандығының курсын оқыдым. Еңбек жолымды сол кездегі сан мыңдаған кеңестік дәуірдегі мектеп түлектері секілді мен де туған аулымда («Бірлесу-еңбек» ауылы ол кезде «Аса» совхозының бөлімшесі болатын) қарапайым жұмысшы болып еңбек етуден бастадым. 1981-1985 жылдары «Аса» совхозында жұмысшы болдым. 1986-1987 жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Чапаев» колхозының кеңсесінде машинист-хатшы болып қызмет еттім. Арман болған, атақты ҚазҰУ-ға жиырма төрт жасымда тұрмыс құрған, екі балалы болған кезімде, 1987 жылы обкомның жолдамасы бойынша келіп, емтиханды ойдағыдай тапсырып, оөқуға түстім. Киров атындағы ҚазМУ-дың (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың) филология факультетінің күндізгі бөлімінде оқыдым. Сонау қаһарлы кеңестік дәуірде де тіл тазалығын, қазақтың ұлттық келбетін тұнық қалпында сақтаған тарихи тағылымды Таразда туған менің ана тілінің маманы, жанашыры болуды да таңдауым да, әрине, заңды құбылыс еді. Мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімі бойынша диплом жұмысым ғылыми жаңалығы бар деп танылып, үздік бағаға бітіру жұмысымды қорғадым. Төрт балалы болғанда, 1992 жылы, әл-Фараби ат. ҚазМҰУ-дың филология факультетін ойдағыдай аяқтап, филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша диплом алдым. 1992-1994 жылдары бала күтімі бойынша демалыста болдым. 1994-1997 жылдары ҚазҰУ-да жетекші әдіскер болып еңбек еттім. 1997-1998 жылдары қазақ филологиясы кафедрасында ғылыми ізденуші-тағылымдамашы болдым.

Жалпы еңбек өтілім – 35 жыл. Педагогикалық еңбек өтілім – 17 жыл.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап филология факультетінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы, ал 2000 жылдан бері аға оқытушы болып еңбек етіп келемін. Университетте еңбек етіп жүрген жылдары университет тарапынан бірнеше рет алғыс алдым, алғыстар жеке еңбек кітапшама жазылған.

Қазақ және орыс тілдерін жетік білемін. Дари, ағылшын тілдерінің күнкөрістік деңгейін меңгергенмін. Ағылшын тілінен сөздіктердің көмегімен аудара аламын. MS WORD, Internet Expoler бағдарламаларымен еркін жұмыс істей аламын. Ұстаздық тәжірибем мен әдістемелік-кәсіби біліктілігімді арттыру жолында тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіп жүремін. Осы еңбек еткен жылдар ішінде «Тағы да тіл мәдениеті жайында», Современная методика казахского языка как иностранного: инновация, качество, результат, достижения, Тіл мәдениеті мен ұлттық мәдениеттегі этнотаңбалық жүйе – ұлттық дүниетанымның жемісі», «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің сапасын арттырудың ерекшеліктері: тәжірибе, ізденіс және инновация», «Қаратпа сөз және оның стильдік бояуы» және т.б. сол сияқты 100-ге астам ғылыми-әдістемелік, имидждік еңбектерім отандық және АҚШ, Ресей, БАЭ, Қытай, Канада, Түркия секілді алыс-таяу шет елдердің шетелдік баспасөз беттерінде және Скопустың базасында индекстелетін импакт-факторы жоғары ғылыми журналдарда 2 мақалам жарияланды және 13 әдістемелік-оқу құралы мен 1 ұжымдық монографияның авторымын, серіктес авторымын. Қазақ халқының мәдениетінің озық үлгілерін таныстыра отырып, орыс тілді дәрісханаға қазақ тілін меңгертуді мақсатында негізгі деңгейге арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік құралын жазды, даяр ҰБТ және кешенді тестілеуге талапкерлерді дайындай мақсатында жазылған «Қазақ тілі.: фонетика» оқу құралы 100 пайыз даяр, осы ағымдағы оқу жылы университет баспасына жарияланымға ұсынылады. 2008-2013 жж. «Қазтест» мемлекеттік жобасының тұрақты тест әзірлемешісі болдым, 2008 ж. «ҚазТЕСТ жүйесін жетілдірудің даму бағыттары және халықаралық тіл білімін бағалаудың тәжірибелері» атты авторлық курстың куәлігін алдым. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін шетелдік азаматтарды да таныстыру мақсатымен халықаралық семинарға да қатысып жүремін. Корей елшілігі жанындағы корей ағарту орталығындағы семинарға қатысып, қызықты дәріс оқығаным үшін, ұйымдастырушылар сертификатпен бірге алғысхат та тапсырды. Оралман тыңдаушы жастары мен АИР тыңдаушыларына қазақ тілі сабағында сапалы білімі беру ісін саналы тәрбиемен ұштастыра жүргізгенім үшін Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының, Ауғандық жерлестік қауымдастық тарапынан алғысхат алдым, 2016 ж. әлемдік ғылым кеңістігіне қосқан ғылыми ізденісім мен жаңалығым үшін «World Science» халықаралық ғылыми ұйымының дипломымен, 2016 ж. «Просвещение» Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.

Мақсатым: отандық білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті қазақ тілін көптілді ортада оқытудың инновациялық кешенді әдістемесін қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілінің инновациялық әдістемесін қалыптастырудың өзектілігі – Елбасымыздың тіл саясатына қатысты айтқан тұжырымды терең ойларын жүзеге асыру мақсатында, отандық білім беру сатысын әлемдік деңгейге көтеруге, көпұлтты елімізді, біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыратын негізгі фактор – мемлекеттік тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын, бәсекеге қабілетті дамыған елу елдің қатарына енуіне, әлемдік аренаға шығуына жол салатын білім мен ілімнің, ғылым мен техниканың тілі ретінде құзыреттілігін артуына байланысты қазақ тілін көптілді ортада оқытудың инновациялық әдістемесін мемлекеттік және жалпыадамзаттық мәдени кеңістікте ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, оқыту технологиясына қатысты лингвистикалық және инновациялық әдістемелік мәселелерді анықтайтындығында болып табылады. Қазақ тілін көптілді ортада деңгейлеп оқытудың инновациялық әдістемесін : қазақ тілінің грамматикасын парадигматикалық тұрғыдан оңтайлап оқытудың кешенді әдістемесін: қазақ тілді дәрісхана үшін қазақ тілін ана тілінің жоғары - іскери-ресми және кәсіби қазақ тілі деңгейлерінде оқыту, орыс тілді тұтынушыларға қазақ тілін екінші тіл ретінде бастауыш деңгейден бастап оқыту, ал шетелдік тіл үйренушілер үшін қазақ тілін шет тілі ретінде нөлдік деңгейден бастап, өзгетілді дәрісханаға қазақ тілінің грамматикасын парадигматикалық тұрғыдан бейімдеп оқыту, ал ҰБТ және кешенді тест тапсыратын талапкерлерге арнап қазақ тілі грамматикасын кешенді түрде оқытатын қарқынды оқыту жүйесін ұсынамын. Сөз соңын, былайша түйіндегім келеді, тілді дамыту, мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің тұрақтануына үлес қосу тек тіл мамандарының ғана емес, Мемлекеттік тілдің мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға өз үлесін қосу барша қазақстандықтардың қасиетті парызы екенін ұмытпайық.. Бәрімізді «Мәңгілік елдің» азаматтарымыз болғымыз келсе, Елбасымыздың парасатты саясатын қолдайық, еліміздің гүлденуі, экономикамыздың. өркендеуі, тұрмысымыздың, әл-ауқатымыздың артуы, мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздігіміздің татулығымыздың тұғыры – тіліміздің дамуы үшін аянбай еңбек етейік!