Тәшімбай Пәтима Тангилқызы

Туған күні: 15.03.1964

Туған жер: Шымкент облысы Ордабасы ауданы

Білім:
Түркістан педагогикалық училище,1987 ж
Шымкент әлеуметтік университеті, 2007 ж

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1983-2010 ж - Ө. Тұрманжанов атындағы орта мектебі, ОҚО
2010 ж - №75 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласы ОҚО

Кәсіби жетістіктер:
«Үздік педагог-зерттеуші» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік жұмыстар конкурсы, 1-орын 2012ж
«Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары ІІ томында материалы жарияланды. 18.05.2012 ж
«Ақбота»Республикалық марафоны, II орын
«Өрлеу»-ден қолданбалы курс бағдарламалары, кітап
«Білімділер» веб порталы «Үздік видео сабақ», диплом 2013 ж
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы III дәрежелі диплом 2014 ж
2014 жылы «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын »оқып куәлік алдым.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қолдауымен «Қолданбалы және таңдау курстары үшін бағдарламалар жинағы» кітабында материалы жарық көрді. (2014ж)
45minut.kz сайтында материалдары жарық көріп, сертификат және алғыс хатпен марапатталды. 2015-2016 «Білімділер порталында», «Ұстаздар сайтында» жарияланған.2015 ж
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Монопәндік жарыстан алғыс хаттар мен мақтау қағаздары. ДИК. 2016 ж
«Кругозор» командалық жобадан алғыс хат. 2016 ж
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Монопәндік жарыстан 1-орын-6 оқушым, 2-орын-5 оқушым алып, мақтау қағаздарымен марапатталды. ДИК.2016 ж.
Республикалық бастауыш сынып оқушылары арасында пән олимпиадасы 3 оқушы жүлделі орындар 2016 ж
Қалалық білім бөлімінен мадақтама.2011 ж
қалалық кәсіподақ ұйымынан мадақтама, 2011 ж
«Ханталапай», «Алын сақа», «Балқаймақ» республикалық журналынан оқушысы, мадақтама.
ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің алғыс хаты 2013 ж
Облыстық «Болашақ» баспасөзінде «Ұлт тәрбиесі, ұлт болашағы» тақырыбында мақаласы жарияланды. 2012 ж

----------------------------------------

Мектепті бітірген әр түлектің алдында кім болам деген сұрақ туындайды емес пе?! Мамандық таңдау – тағдырыңды шешумен тең. Білімнің бесігінде тәрбиеленген аяулы мектебіммен қоштасар сәттің , өмір атты даңғыл жолға түсер күннің жақындап қалғандығы мені терең ойға жетеледі. Өмір деген даңғыл жол... Ендеше сол жолда адам баласының барлығы дерлік жанына жақын мамандықты игеріп , сол мамандықтың шебері болса нұр үстіне нұр. Мамандық өмірлік серігің, мәңгі таусылмас азығың. Менде мамандықты таңдауда жүрегіме ерік бердім. Бастауыш сыныпта білім берген Дариға апайыма еліктейтін едім. Сол апайымыз алғаш әріп танытып, қолымызға қалам ұстауды үйреткенімен қатар, біздің бойымызға адамгершілік, әдептілік, ұқыптылық қасиеттерін де сіңіре білді. Нағыз мұғалім тап осындай болуы керек деп, апайымның әрбір сөз мәнеріне, әрбір қимылына, сауаттылығына тамсанып, қызыға қарайтынмын. Менде бастауыш сынып мұғалімі болуды армандадым.

...Арманым орындалды. Қазіргі күні еліміздің ертеңі үшін ерінбей еңбек етудемін. Ұстаздық қызметі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін қасиетті қызмет. Шәкірттерімнің бойына біліммен қатар, сыпайылықтың бастауы әдептілік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту менің тікелей міндетім деп алдыма мақсат қойып келемін.

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлтттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу ұстаздардың қолында деп ойлаймын. Әрбір бала бір жұлдыз, оның жарқырауына жәрдем ету ұстаздар парызы. Алдымда отырған әрбір шәкіртімнің жұлдызы жарқырап, егеменді елімізді әлемге танытып, адамгершілігі мол, әдепті ұқыпты, саналы тұлға болғаны, менің арманымның орындалғаны, еңбегімнің жанғаны.