Алиева Қалбибі Амитқызы

Туған күні: 20.01.1962

Туған жер: Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы

Білім:
Шымкент педагогика институты, мамандығы «бастауыш сынып мұғалімі», 1983 ж

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Төсбелгі «Ұлағатты ұстаз» 2015 жыл Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымы

Педагогикалық өтілі: 33 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1983 - 1984 жыл - «Котлаван» бастауыш мектебі,бастауыш сынып мұғалімі. ОҚО
1984 - 2002 ж - №21 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі. Өзбекстан
2002 жылдан бері №75 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі. ОҚО Шымкент қаласы

Кәсіби жетістіктер:
2004 жылы «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын »оқып куәлік алдым.
2011 жылы Майкрасофт компаниясының ұйымдастыруымен ашылған «Майкрасофт-жазғы мектебіне» жолдама жеңіп алып, компанияның шақыруымен Алматыға барып, «АКТ оқу үрдісінде қолдану» тақырыбында оқып сертификат
Қалалық «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің» педагогикалық марафонына қатысып, III дәрежелі диплом (2011 ж)
Облыстық «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің» педагогикалық марафонына қатысып, III дәрежелі диплом (2011 ж)
«Үздік педагог-зерттеуші» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік жұмыстар конкурсынан 2-орын алып дипломмен марапатталды. 2012ж
«Ғылым және білім ғасыры» ғылыми журналында авторлық бағдарламасы жарық көрді. 2012 ж. №1-3 (33-35)
«Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары ІІ томында материалы жарияланды.18.05.2012 ж
Қалаға іс-тәжірибем таратылды (2013ж)
Қалалық оқушылар олимпиадасынан оқушысы қатысып, математикадан I орын (2013ж)
«Бастау» облыстық математикалық турниріне қатысып, оқушысы-III орын (2013)
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қолдауымен «Қолданбалы және таңдау курстары үшін бағдарламалар жинағы» кітабында материалы жарық көрді. (2014 ж)
45minut.kz сайтында материалдары жарық көріп, сертификат және алғыс хатпен марапатталды. «Білімділер порталында», «Ұстаздар сайтында» жарияланған. 2015 ж
«Самұрық» облыстық математикалық олипмиадасына оқушысы қатысып,жүлделі 1 орын және төсбелгімен марапатталды 2014 ж
«Просвещение» республикалық ақпараттық-әдістемелік орталағының дипломы І орын. 2016 ж
Халықаралық Монопәндік жарыстан алғыс хаттар мен мақтау қағаздары. ДИК.2016 ж
«Кругозор» командалық жобадан алғыс хат.2016 ж
Халықаралық Монопәндік жарыстан 1-орын-6 оқушым, 2-орын-5 оқушым алып, мақтау қағаздарымен марапатталды. ДИК. 2016 ж

----------------------------------------

Мектеп қабырғасында жүріп-ақ бастауыш сынып мұғалімі болуды армандап едім. Сол арманым 1979 жылы Шымкент педагогика институтына түсіп, оны бітірген соң орындалды. Міне,содан бері 33 жыл болды. Сонда да осы өзімнің жүрек қалауым –мамандығым менің өміріме нәр беруде. Қызығы мен қиындығы қатар бұл мамандық кез келген адамның арманы бола қоймас, бірақ мен әлі күнге осы мамандықты жақсы көремін. Сол сүйіспеншілігім болса оқушыларға да әсер етеді. Оқушылардың бойына білім нәрін бере отырып, солардың жоғарыдан көрінуін қалаймын. Осы еңбектерім бағалануда. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталдым. Оқушым «Самұрық» математикалық олимпиадасына қатысып І орын алып, ол да төсбелгімен марапатталды. Оқушым қалалық бастауыш сынып оқушылары арасында өтетін пән олимпиадасына қатысып 1-орын алып,облысқа шықты.Облыстық олимпиададан да жүлделі 3-орынды иеленді. Көптеген оқушыларым қалалық, облыстық,республикалық олимпиадалар жеңімпаздары.2011 жылы Майкрасофт компаниясының ұйымдастыруымен ашылған «Майкрасофт-жазғы мектебіне» жолдама жеңіп алып, компанияның шақыруымен Алматыға барып, «АКТ оқу үрдісінде қолдану» тақырыбында оқып сертификат алып, әрі демалып қайттым.

Әлі де еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосып, Егеменді еліміздің көк туын желбіретер жеке тұлға дайындайтыныма сенімдімін.