Жандилдина Роза Есентаевна

Туған күні: 23.01.1966

Туған жер: Қазақстан Қостанай облысы

Білім:
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты педагогика және психология (мектепке дейінгі) 1991 жыл

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Педагогика ғылымдарының магистрі

Қоғамдық қызмет:
Құрмет грамотасы Білім және ғылым минстрлігі 2015 жыл

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1985 -87 жыл аға пионервожатый
1991-1995 жыл псәдеп және жантану пәнінің мұғалімі,
1996 -2016 жылға дейін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып қызмет жасаймын

----------------------------------------

Р.Е.Жандилдина бұрынғы Торғай облысы,Жангелдин ауданы, Еңбек совхозында 1966 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген.

1983 жылы орта мектепті тәмамдап, 1985 жылы Арқалық педагогикалық училищесін бітіріп, еңбек жолын Жангелдин ауданындағы Албарбөгет орта мектебінде аға пионервожатый болып, 2 жылдан соң, 1987 жылы Алматы қаласына Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының «Педагогика және психология» (мектепке дейінгі ) мамандығына оқуға түсіп, оны 1991 жылы бітіріп шыққан.

1991-1995 жылдар аралығында Жангелдин ауданындағы Жаркөл ауылында Қаратүбек орта мектебінде ұстаздық жолын жалғастырып, «Әдеп және жантану» пәнінен сабақ берді.

1996 жылдан осы уақытқа дейін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында  «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасында қызмет атқарып келеді.

2002-2004 жылдары Қостанай мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша сырттай оқып, диплом иеленген. Р.Е.Жандилдинаның жалпы педагогикалық өтілі -  30  жыл, ал ЖОО – 20 жыл.Осы уақыт аралығында оның 45  шақты ғылыми мақалалары, 14 әдістемелік оқу құралы, 23 шақты сертификаты бар. 2 ғылыми  жоба,лицензиялық жұмыстары бар.

2011 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық  Университетінде «Білімді ұрпаққа – талантты педагог » тақырыбында өткен II Республикалық  пәндік олимпиадада «Балажан» тобына жетекшілік жасап, жүлделі 3 орынды иеленді. тәжірибелі маман ретінде «Белсенді жетекші» номинациясы бойынша марапатталды.

2013 жылы Жоғары оқу орындары студенттерінің 5В010100- «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойыншы ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысына арналған республикалық байқауда «Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында аға оқытушы Р.Е.Жандилдинаның жетекшілігімен жазылған ғылыми жобасы (студент Қайралапова Мадина) жүлделі 2 - орынды иеленді,дипломы бар.

2009, 2010 ,2011 жылдары Ұлттық бірыңғай тестілеу кешеніне білім министрлігінен комиссия мүшесі, аппеляциялық комиссиясының төрайымы қызметін атқарған және арнайы марапаттаулары мен алғыс хаттары бар.

2012 жылы «Өрлеу» ЖОО-да педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру қурсынан өткен.

2014 жылы қазан айында институт ректорының  алғыс хатымен  марапатталды.

2015 жылы жылы мамыр айында институтішілік «Үздік куратор» байқауында «Білімді ұрпаққа –талантты педагог»номинациясымен  марапатталды.

2015 жылы шілде айында Астана қаласында өткен республикалық оқытушылар  сайысына қатысып, «Зиат» орталығынан «әдістемелік жинақ» номинациясы бойынша 2-орынды иеленді.

2015 жылы желтоқсан айында Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов  қолымен «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» мен марапатталды.

2016 жылы  сәуір айында институтішілік «Үздік әдіскер» сайысында 3 орынды иеленіп, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2016 маусым айында Туран-Астана университетінің  Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрлігін қорғады.

2016 жылы қыркүйек айында республикалық «Зиат» ғылыми-әдістемелік орталығында өткен 3 республикалық ғылыми жұмыстар «Ең үздік ғылыми жоба» сайысында жүлделі 2 орынды студенті Тұрсынхан Г иеленсе,ғылыми жетекшісі ретінде дипломмен марапатталды.

2016 жылы қазан айында ағартушы ғалым Ы.Алтынсариннің 175 жыл толуына орай «Ұлы ағартушыға 175 жыл» атты төсбелгісімен марапатталды.

Аға оқытушы Р.Е.Жандилдина мамандық студенттерін оқыту мен тәрбиелеуде үздіксіз ізденіспен жұмыс атқарып келеді.

Мамандықты тәмамдаған студенттердің жетістіктері де жетерлік. Сондықтан да аға оқытушы, магистр Р.Е.Жандилдинаның жалпы ЖОО-дағы педагогикалық еңбек жолы, ғылыми-зерттеу, оқу- әдістемелік жұмыстары сараланды