Ибраев Саят Баймуратович

Туған күні: 28.12.1984

Туған жер: Қазақстан, СҚО, Айыртау елді мекені

Білім:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, мамандығы «Тарих, құқық және экономика» пәндері, Алматы қ., 2006ж.

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
Археология және этнология магистрі, 2008 ж.

Қоғамдық қызмет:
2007 ж. қазірге дейін - «Ынсап» қоғамдық қорының директоры, Алматы-Астана қ.қ.

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, 2016 ж.

Педагогикалық өтілі: 10 жыл

Еңбек қызметі:
2006-2008 ж.ж. - № 17 мектеп-интернаттың пән оқытушысы, Алматы қ.
2007-2008 ж.ж. - Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының редакциялық- баспа бөліміні бастығы, Алматы қ.
2008-2009 ж.ж. - «Оқушылар сарайы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушы педагогі, Алматы қ.
2007-2011 ж.ж. - № 5 кәсіптік лицей оқытушысы (қазіргі Алматы полиграфия колледжі)
2011-2012 ж.ж. - № 5 кәсіптік лицей директорының кәсіптік білім беру ісі жөніндегі орынбасары, Алматы қ.
2012-2016 ж.ж. - Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты оқу бөлімінің меңгерушісі, Астана қ.
2016ж. - қазіргі - Қазақ ұлттық өнер университетінің колледж және мектеп бойынша уақытта оқу үрдісін ұйымдастырушы, Астана қ.

Кәсіби жетістіктер:
Республикалық «Шәкәрім оқуларын» биік деңгейде ұйымдастырып өткізгені үшін:
Алғыс хат, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ, 2009 ж.
Алғыс хат, Тілді дамыту басқармасы, Алматы қ., 2009 ж.
Алғыс хат, Алматы қаласының мәдениет басқармасы, Алматы қ.
Алғыс хат, Түркістан қаласының әкімі, Түркістан қ., 2010 ж.
Алғыс хат, Көкшетау қаласының білім бөлімі, Көкшетау қ., 2010 ж.
Кәсіптік білімнің дамуына қосқан үлесі үшін:
Мақтау грамотасы, №5 кәсіптік лицей, Алматы қ., 2011 ж.
Мектеп оқушыларының халықаралық және республикалық конкурстарға жоғары деңгейдегі дайындығы үшін – 1,2,3 орындар
Алғыс хат, А. Жұбанов атындағы РҚМММИ, Алматы қ., 2012 ж.
Ғылыми-педагоикалық фестивальге белсенді қатысқаны үшін
Алғыс хат, «білім және ғылым» республикалық бірлестігі, Астана қ., 2014 ж.
Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:
Біліктілік санатын беру туралы
№102 куәлік, Алматы қ., 2010 ж.
Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік растау куәлігі №1149, Алматы қ., 2010 ж.
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру туралы сертификаты №0380401, Астана қ., 2012 ж.
Біліктілігін көтеру туралы сертификаты №0354615, БКИ, Алматы қ., желтоқсан, 2011 ж.
Біліктілігін көтеру туралы сертификаты №0239904, БКИ, Алматы қ., ақпан, 2011 ж.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ сертификаты №0001204, Астана қ., 2014 ж.
Қазақстан Оқу Ассоциациясының семинарлар жиынтығы, №038872 сертификат, Астана қ., 2012 ж.

----------------------------------------

Ибраев Саят Баймұратұлы білікті, тәжірибелі әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы, қарамағындағы оқытушыларға талап қоя білетін жетекші. С.Б.Ибраев ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік еңбектердің, атап айтсақ, 25 шақты мақаланың, «Бабалар мұрасы» зияткерлік құқығы бар жобаның авторы. Аталған жоба бойынша республикалық «Шәкәрім оқулары» ұйымдастырылып, арнайы жасалған бағдарлама негізінде биік деңгейде өтуіне байланысты сол кездегі Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Саят Баймұратұлы басқарған ұжымға арнайы Құттықтау хат жолдаған. С.Б.Ибраев 2007 жылдан қазіргі күнге дейін Қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін зерттеуші «Ынсап» қорының директоры қызметін қоғамдық негізінде абыроймен атқарып келеді.

С.Б. Ибраев Қазақ ұлттық өнер университетінде 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Жаңа оқу жылының қарбалас уақытында мектептің оқу бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалған басшы ұжымды жұмылдыра отырып, жоспарлау, тарификациялау, сабақ кестесін жасау, тағы басқа көптеген жұмыстарды қолға алып, тез арада реттеп, іскер жетекші екенін іс жүзінде дәлелдеді. Саят Баймұратұлының басқаруымен мектеп педагогикалық ұжымы кезекті мемлекеттік аттестацияға жақсы дайындықпен келіп, комиссияның талаптарына сай жұмыс нәтижесін көрсету арқылы тексерістен ойдағыдай өтті. Мектеп пен колледж оқытушыларының санатын жоғарылату аттестациясына дайындаған жеке құжаттары С.Б.Ибраевтың жетекшілігімен биік деңгейде жасалып, басқа оқу орындарына үлгі ретінде министрлік тарапынан насихатталды.

Ибраев Саят Баймұратұлы өзінің тікелей қызметінен тыс жұмыстармен де айналысып, кәсіби бағдар жүргізу шараларына белсенді қатысады. Жас жетекшінің еңбекқорлығы мен құлшынысы, білімі мен біліктілігі басшылық назарына легіп, университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Еңбегі еленген ұстаз 2016 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері атағының иегері атанды.

Ибраев Саят Баймұратұлы үлгілі жанұя иесі, үш баланың әкесі, үй мен түздің тізгінін қос ұстаған жігіт қалисаны. «Асыл – тастан, ақыл – жастан » деген халық даналығы Саят Баймұратұлы сынды адамдар жөнінде айтылған: кез келген жағдайды шиеленістірмей , ақылмен шешетін басшы бүгінде ұжымның сый-құрметіне бөленген. Парасатты, байсалды, көреген, өнегелі адам ретінде әкімшіліктің жауапты тапсырмаларын орындайтын сенімді қызметкерлерінің қатарында жүрген басшымызды біз үлгі тұтамыз және осындай азаматпен қызметтес болуымызды мақтанышпен айта аламыз, сондықтан С.Б.Ибраевтың кандидатурасы «Қазақстанның мақтанышы» энциклопедиясының беттерінде басылып шығуға толығымен лайықты деп санаймыз.