Нарынбекова Карлыгаш Салыкбаевна

Туған күні: 23.09.1972

Туған жер: Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы

Білім:
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды, мемлекеттік университетінің филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті маманы, 1996 жыл

Педагогикалық өтілі: 20 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
«Академик О.А. Жаутыков атындағы ЖББ №1 қазақ орта мектебі» КММ (Қарқаралы қаласы)

Кәсіби жетістіктер:
Ғылыми – практикалық конференцияға қатысым және оның нәтижелері:
1. «Заманауи әлемдегі ғылым және білім» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияға «Заманауи сабақ:оқушылардың жобалық зерттеу жұмыстары»тақырыбындағы жұмысыммен қатысып , сертификатқа ие болдым, мақалам филология бөлімі бойынша жинаққа енді. (20.02.2015жыл)
2. «Білім беру ұйымдарындағы зерттеу және жоба қорғау:мәселе,тәжірибе,жобалау» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға «Жобалық –зерттеу жұмыстары – дарынды балаларды оқыту негізі» тақырыбындағы жұмысыммен қатыстым,мақала маңызды деп танылып,жинаққа шығуға қабылданды.(01.03.2015 жыл)
Шығармашылық конкурстарға қатысым:
1. Қарқаралы ауданының педагог қызметкерлеріне аудан әкімінің
сыйлығын тағайындау байқауына «Үздік тіл маманы» номинациясы бойынша қатысып , сертификатқа ие болдым.(қазан, 2014 жыл)
2. «Өрлеу» БАҰО АҚ Қарағанды облыстық филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курста қазақ әдебиеті пәнінен «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетіп , белсенділік танытқан үшін «АЛҒЫС ХАТПЕН» марапатталдым.(12.02.2015ж.)
Аудандық семинарға қатысым
«Оқу үдерісінде - жаңа жоба» тақырыбындағы аудандық семинарды ұйымдастырдым.Президентіміз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бар жағдайды жасау керектігімізді атап көрсетті, сол мақсатта «Инклюзивті білімді дамыту барысындағы желілік сұрақтар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Шығармашылық топтағы жұмысым
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші(негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді даярлау курсында оқыдым. Осы оқу негізінде құрылған шығармашылық топ мүшесімін.2013-2014 оқу жылында «Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жолындағы көшбасшылықтың ерекшелігі», «Сыни тұрғыдан ойлауда ашық сұрақтардың атқаратын рөлі» тақырыптарында коучингілер өткіздік. 2014-2015 оқу жылында осы бағдарлама негізінде жеті модульді кіріктіре отырып ашық сабақтар өткіздім:1. «Нысанбай жыраудың шығармашылығы «Кенесары- Наурызбай»жыры».2. «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу».
Педагогикалық қызметімдегі оқушылар нәтижелері:
1. Қазақстан интернет олимпиадасы:
- Тлеуханов Жаннұр – 1- дәрежелі Диплом- 2011 жыл
- Сәбит Дархан - 2- дәрежелі Диплом- 2011 жыл
- Мұсайнов Баэль - 2- дәрежелі Диплом - 2011 жыл
- Шоқатай Толқын - 3- дәрежелі Диплом - 2011 жыл
2. Конкурстар:
- «Зерде» VIII Республикалық конкурсының аймақтық кезеңіндегі жетістігі үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды:
Қазақ тілі секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Келдібек Аяулым
3. Байқаулар:
- Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырған «Қымбатты , Сара Алпысқызы! Сізге айтқым келеді ...» тақырыбындағы эпистолярлық жанрдағы облыстық шығармалар байқауына белсене қатысып, үздік шығарма жазғаны үшін Тлеуханов Жаннұр «Алғыс хатпен» марапатталды. Шығармалар жинағына енді. 2011 жыл.
4. Марафондар:
Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында :
- Боранбай Сапар 3- орын- 2012 жыл.
- Тлеуханов Жаннұр 3- орын-2012 жыл.
- Мұсайынов Баэль 3- орын-2012 жыл.
- Шаймағанбет Жұлдыз 3- орын – 2012 жыл.
- Төкен Аяулым 3- орын-2012 жыл.
5. Аудандық , облыстық баспа беттеріне оқушыларымның мақалаларының басылуы:
- «Қарқаралы» аудандық қоғамдық – саяси газетке оқушыларым Тлеуханов Жаннұр мен Боранбай Сапардың «Қаланың болашағы жарқын» тақырыбындағы мақалалары шықты.28.04.2012 жыл.
- Тәлімгерлер мен оқушыларға арналған танымдық аудандық газетке оқушым Қатпа Тоғжанның «Жаз келді күн шуағын шашыратып» деген мақаласы басылды.20.09.2014жыл.
- Облыстық қоғамдық – саяси газет «Орталық Қазақстанға» оқушым Шоқатай толқынның «Жеңіс елге оңай жолмен келген жоқ» тақырыбындағы шығармасы басылды. Ақпан, 2015 жыл.
6. «Сарыарқа дарыны» облыстық конкурсының 3-орын жеңімпазы Серік Аяулым.
Марапаттарым:
1. «Мадақтама» «Нұр –Отан» ХДП – 2010 жыл
2. «Мадақтама» Аудандық білім дене шынықтыру және спорт бөлімі-2011жыл.
3. «Сертификат» «Зерде» VIII Республикалық конкурсының аймақтық кезеңіне оқушы дайындағаны үшін- 2012 жыл.
4. «Алғыс хат» Қарағанды облыстық білім басқармасы -2013 жыл.
5. «Грамота» интернет жүйесінде сабақтарын орналастыруда белсенділік танытқаны үшін – Республикалық 45 минут басылымы.
6. «Сертификат» 45 минут интернет ресурсында сабақтары жарияланғаны үшін- 2014 жыл.
7. «Сертификат» Білім беру саласында Қарқаралы ауданы әкімінің сыйлығын тағайындау байқауына қатысқаны үшін- 2014 жыл.
8. «Мадақтама»-»Көп ұлтты тату елім – Қазақстан» атты шараға оқушы дайындағаны үшін- Орталықтандырылған аудандық кітапхана-2014 жыл.
9. «Алғыс хат» - Аудандық білім дене шынықтыру және спорт бөлімі- 2014 жыл.
10. «Сертификат» «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін- 2015 жыл.
11. «Алғыс хат» «Өрлеу» БАҰО АҚ Қарағанды облысының филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.
Шеберлік сағатын көрсеткені үшін- 2015 жыл.
12. «Сертификат» - Қазақстан интернет олимпиадасы-2015 жыл.
Іс – тәжірибемнің таратылуы:
1. Ашық сабақтар : 1. «Нысанбай жыраудың шығармашылығы «Кенесары- Наурызбай»жыры».2. «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу».9- сынып, 2015 жыл.
Аудандық,облыстық, республикалық жинаққа шығуым:
1.«Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағы. Алматы, «Ғылым» баспасы (2012 жыл)
2. «Санатты ұстаздар» аудан мұғалімдері еңбектерінің 4- жинағына «Қазақ әдебиеті және қазақ тілі пәндері – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің бастауы» тақырыбымдағы мақаламды іс-тәжірибемді тарату мақсатында жіберіп, көпшілік қауымға ұсындым.(2014 жыл)
3. Ұстаздың жеке еңбектер жинағы 45 минут интернет ресурсында жарияланды.(2014 жыл):
- Әбу-Насыр Әл-Фараби. 8-сынып.
- Әбу-Насыр Әл-Фараби өлеңдері.8-сынып.
- Тіл ұстарту. 6- сынып.
4. «Заманауи білім» облыстық оқу – әдістемелік журналында «Нысанбай жыраудың шығармашылығы «Кенесары- Наурызбай»жыры» тақырыбымдағы ашық сабақ жоспары басылады.(01.03.2015ж.)
Республикалық ғылыми – әдістемелік басылымдарға шыққан іс- тәжірибелерім
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» Республикалық ғылыми – педагогикалық , әдістемелік жұрналына «Ақпараттық коммуникациялық технология негізінде сын тұрғысынан ойлауға үйрету-білім берудегі инновациялық үдеріс» тақырыбындағы мақалам басылады.Анықтамасы берілді(01.05.2015ж)
2. «Ашық сабақ. Факультативті сабақтар» Республикалық – әдістемелік жұрналға «Сандық технология негізінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тақырыпты жылдам қабылдау және өңдей алу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы материалым шығады.Анықтамасы алынды.
(01.03.2015ж.)
Мақалаларым:
1. «Ізденіс- ізгілікке бастайды» тақырыбындағы мақалам «Қарқаралы»аудандық қоғамдық – саяси газетіне басылып шықты.(10.12.2012 жыл)Мақала бірге жұмыс істеген әріптесінің жетістігін бағалау төңірегінде жазылды.
2. «Білім сапасын арттыру-тұрақты даму мен жаһандану кепілі» тақырыбындағы мақалам «Қарқаралы» аудандық қоғамдық – саяси газетінде жарық көрді.(07.05.2011 жыл) Мақала сапалы білім беру бағытында білім сапасын көтеру негізінде қозғалған өзекті мәселе төңірегінде жазылды.
3. «Тұлға» аудандық газетінде «Ұстаз-мәртебелі мамандық» тақырыбындағы эссем жарық көрді. Эсседе мұғалімнің қоғамдағы беделін көтеру мәселесі туралы айтылды.(10.10.2014ж.)
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Сол себепті кәсіптік қызметті дамыту жоспарлы түрде болу керек:
1. Оқытатын пәннің теориялық негіздерін білу Диаграмма,сызба арқылы жаңа тақырыпты меңгерту. Сайыстар,байқаулар, пікірталастар ұйымдастыру Теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практикалық білімімен ұштастыра білу.
2. Оқытатын пән ғылымының әдістерін білу ,оқушы білімін шығармашылық деңгейге жеткізуге жұмыстану .Оқушыларды олимпиадаларға қатыстыру .
3. Ғылым дамуының тарихы мен қазіргі жетістіктерін білу. Жаңа технологияларды кеңінен пайдалану. Оқушылардың рухани дүниесін байыту,логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдығын арттыру Дарынды және үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізу.

----------------------------------------