Турова Нағима Шапаковна

Туған күні: 12.09.1962

Туған жер: Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы

Білім:
1980-1985 жж - Алматы педагогикалық шетел тілдері институты, мамандығы «Ағылшын тілі»

Педагогикалық өтілі: 31 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1985-1996 ж Жаңаөзен қаласындағы №1 орта мектебі
1996-2017 ж Ақтау қаласындағы №20 М.Әуезов атындағы орта мектебі

Кәсіби жетістіктер:
1996-1997 ж – Oakwood English Language Іnstitute сертификат
2005 ж –Қазақстан-Американ комитетінің шешімімен «Ағылшын-Американ тілдерін дамытудағы ұстаздық шеберлігі» үшін халықаралық дипломы
2015 ж – «iloveenglish» халықаралық тест «advanced» көрсеткіші
2016 ж – «Swiss-American Genius Olympiad» халықаралық олимпиада сертификаты
2012 ж - «Өрлеу» ІІІ деңгейлі ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру курсы
2014 ж – «Аzbuka.kz» сертификат
1991 ж – Облыстық Білім Беру Басқармасының мақтау қағазы
2005-2008 ж – ҰБТ апелляциялық комиссия мүшесі
2012 ж – Маңғыстау облысының білім саласындағы Бақылау Департаментінің мүшесі
2012 ж – «Жаңаша оқытудың жаңа мазмұны» облыстық әдістемелік құралында мақала жариялады
2013 ж – «Маңғыстау филологтары» журналына енді
2014-2016 ж – Маңғыстау Гуманитарлық Колледжінің «Аударма ісі» бөлімінің мемлекеттік емтиханының комиссия төрайымы
2005-2014 ж – Қалалық ағылшын тілі пәнінен шығармашылық топ мүшесі
2005-2014 ж – Қалалық «Тілші мұғалімдер», оқушылардың пәндік олимпиадасының, фронтальды тексеру, пәндік тексеру комиссияларының тұрақты мүшесі
2008 ж – СТО курсы
2011, 2013 ж – АҚББ Құрмет грамотасы.
2012-2013 ж – «Ақтау қалалық білім саласының жеңімпаздары» кітабына енді

----------------------------------------

Ағылшын  тілін білу өмірдің өзекті мәселесіне айналды. Осыған орай әр мұғалім ағылшын  тілін оқытуда жаңа әдістемелік технологияларды қолданып, жас ұрпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын алға қояды. Қазір жаңа технологиялардың өмірге енуі мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, сабақты барынша мазмұнды өткізуге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді міндеті деп санайтын, жаңа технологияларды меңгерген, талапшыл мұғалімдердің бірі – Н.Ш.Турова.

Нағима Шапаковна Турова – Алматы педагогикалық шетел тілдері институтының ағылшын тілі факультетін бітірген, жоғары білімді, жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі. Ол 31 жыл бойы оқушыларға ағылшын тілін үйретуде талмай еңбек етіп келе жатқан мұғалім. Ол 2005 жылы халықаралық АКСЕЛС байқауында «шебер ұстаз» атағын алды, облыстық, қалалық білім беру бөлімдерінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Нағима үнемі қала көлемінде  ағылшын тілінен өтетін байқау-жарыстардың қазылар алқасының мүшесі болады. Ол ҰБТ-да  апелляция комиссиясының мүшесі болады. Ол Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің құрамында облыстың және қаланың мектептерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізу үшін құрылған мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшесі. Ол үнемі қала мектептеріндегі ағылшын тілі пәнінің берілу жағдайы мен оқушылардың білім сапасын тексеру комиссиясының мүшесі болады. Ол  жыл сайын оқушылардың қалалық пәндер олимпиадасының және қалалық «Тілші мұғалімдер» олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі болады.

Нағиманың «Жаңа заманға сай инновациялық білім беру – заман талабы» атты мақаласы білім саласындағы қызметкерлерге арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде шығарылған «Жаңаша оқытудың жаңа мазмұны» атты кітапта жарық көрді. Ол «Маңғыстау филологтері» атты ақпараттық-әдістемелік журналға шықты. Оның ағылшын тілінен гимназия сыныптарына арнап жазған бағдарламасы қала көлеміне таратылды. Нағиманың шығармашылық  жұмысының тақырыбы «Жаңаша оқыту талаптары». Ол сабақтарын үнемі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдаланып өткізеді. Оның қалалық  және облыстық семинарларда өткізген сабақтары жас мұғалімдер үшін әдістемелік көмек болады. Ол өз білімін жетілдіру бағытында 2008 жылы СТО курсынан өтті және 2012 жылы  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру үшін ұйымдастырылған  «Білім берудегі Кембридж тәсілінің сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту негіздері»  курстарынан өтті. Ол ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныптарға  арнап бағдарлама жасады және жоғары сынып оқушылары үшін жасалған «My Motherland - Kazakhstan» атты қосымша әдістемелік құралы облыс көлеміне таратылды.

Нағима Турова - үнемі ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасайтын білікті маман, инновациялық жаңа технологияларды сабақтарында тиімді пайдалана білетін, заман талабына сай білім беріп жүрген ұстаз.