Жунусова Алмагул Амангельдиновна

Туған күні: 22.08.1974

Туған жер: Қазақстан Карағанды облысы Қарқаралы қаласы

Білім:
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, «Филолог.Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы», 1996 ж.

Қоғамдық қызмет:
жетекші мектеп координаторы, мектеп тренері

Педагогикалық өтілі: 20 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1996-1997 ж.ж. - Қарқаралы қаласы №5 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
1997-2017 ж.ж. - Қарқаралы қаласы академик О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі

Кәсіби жетістіктер:
Аудандық Білім беру бөлімінің «Мадақтамасы» 2009ж.
Мектеп өмірінің сан қилы шығармашылық істеріне және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін:
«Мадақтама» 2014 жыл.
«Алғыс хат» 2016 жыл.
Қазақстан интернет олимпиадасы қатысуы:
«Сертификат» №43169, 2012 жыл.
«Сертификат» №977434, 2016 жыл.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі-ҚАЗТЕСТ Базалық (А2) деңгейін меңгергендігі «Сертификаты» №2211346,(180 балл, 90%) 2015 ж.
ҚР БЖҒМ «Өрлеу» БАҰО АҚ «PISA» халықара-лық зерттеу жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы курс «Сертификаты», 2014 ж.
ҚР педагог кадрларының БАДБ аясында І (ілгері) деңгей бағдарламасын оқыту курсының «Сертификаты» І №0006930 ПШО ЖМ Қарағанды қаласы, 2015 жыл.
«Республикалық 45 minut.kz» газетінің сайтына сабағын орналастырып, «Грамота», «Сертификат», 2016 жыл.
«Гран-При» ЖШС «New Opportunities» Білім беру әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында қашықтықтан өткізу байқауының «Үздік ашық сабақ» номинациясының «Бас жүлдегері», қараша 2016 жыл.
«Халықаралық Ғылым мен білімді қолдау орталығы» ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел ұстаздары» атты жобасы жинағына жарияланды, 2016 жыл.
«Грамота», жобасының арнайы медалі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» жобасына қатысып, жаңа технологияларды белсенді және тиімді қолданған ашық сабақ үлгісі ұсынғаны үшін, 2016 жыл.

----------------------------------------

Жұмыс тақырыбым «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интербелсенді оқуды ұйымдастыру». Білімді меңгертумен қатар,тұлғаның танымдылық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, ойлауды,ынтаны,қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндігінше жол ашу. Күнделікті сабақтарда мультимедиа кабинетінде электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны пайдалану да оқушылардың қызығушылығын оятып, білік-дағдыларының қалыптасуына тигізер әсері мол.

Мақсатым: Қазақстан республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсында алған білімімді басшылыққа ала отырып, грамматикалык ережелерді білумен қатар жалпы тілдік білімді оқушының өзіндік логикалық ойлауына, коммуникативтік біліктерін дамытуға, сөйлеу әрекетіне түпкі нәтиже ретінде бағыттап оқыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білім беруді ақпараттандыру, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.