Серғазина Гүлмира Дәулетбайқызы

Туған күні: 02.04.1969
Туған жер: Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Ақсуат ауылы
Білім:
Алматы педагогикалық шетел тілдері институты (АПИИЯ), 1990ж. Мамандығы: неміс және ағылшын тілі мұғалімі
Қоғамдық қызмет:
ҚР Парламенті сенат және мәжіліс депутаттарына ағылшын тілінен дәріс беруші
Педагогикалық өтілі: 27 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1990-1992 ж ж.- Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск қаласы, неміс тілі мұғалімі
1992-1994 ж.ж.- Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, кафедра лаборанты
1994-1998ж.ж- Шығыс Қазақстан облысы, Самарское селосы, Болганбаев атындағы №2 орта мектеп, неміс-ағылшын тілдері мұғалімі
1998-1999ж.ж-. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К.Нұрғалиев атындағы №43 орта мектеп, ағылшын тілі мұғалімі
1999-2009ж.ж.- Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты, ағылшын тілі мұғалімі
2009-2010ж.ж.- Астана қаласы, №54 мектеп-лицей, ағылшын тілі мұғалімі.
2010 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, неміс-ағылшын тілдері мұғалімі, Астана қаласы
Кәсіби жетістіктер:
ҚР Тұңғыш Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері, 2012ж.
Қаз ҰӨУ ректорының алғыс хаты, 2013 ж.
ҚР БҒМ «Астана дарыны» ӨҒПО директорының алғыс хаты, 2011 ж.
ҚР БҒМ «Оқулық» ӨҒПО ағылшын тіліндегі оқулықтар эксперті, 2012 ж.
2000ж., 2005ж., 2007ж. - Шығыс Қазақстан облысы біліктілікті арттыру институты, Өскемен қаласы;
2005ж, 2007ж, 2008ж, 2009ж, 2010ж, 2011ж, 2012ж, 2014ж, 2015ж. – Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» халықаралық жоба аясындағы конференцияларға қатысушы, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Астана, Көкшетау қалалары;
2007ж.- Халықаралық «Туран-Профи» кәсіптік академиясы басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсын өтті;
2007ж.- «Оқырман қауым – бәсекеге қабілетті ел тірегі» атты халықаралық Конгресс қатысушысы, Астана қаласы;
2008ж.- «Болон реформасы – білім жүйесінде» халықаралық семинарға қатысушы, Румыния, Клуж қаласы;
2008ж.- Германия, Берлин білім орталығында тілдік курс пен тағылымдамадын өтті;
2008ж. – «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» халықаралық жоба тренері;
2009ж. – ШҚО, облыстық конференция І орын, оқушысы Бейсенбинова Жансая;
2009ж. – Астана қаласы Білім басқармасы және Қазақстандағы Гете институтының ұйымдастыруымен өткен «Болашақ серіктесі-мектеп» атты курсқа қатысушы;
2010ж. – Астана қаласы Білім басқармасы және Ұлыбритания елшілігі ұйымдастырған «Ағылшын тілі оқыту үшін, оқыту ағылшын тілі үшін» атты курсқа қатысушы;
2010-2011жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті жалпы білім беру мектебінің әдіскері;
2010-2012жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті жалпы білім беру мектебінде «Таза музыка», «Оқырман оқушы – бәсекеге қабілетті ел тірегі», «Өнер тарландары» атты оқу конференцияларын ұйымдастырып, өткізуші;
2010-2012жж. – Астана қаласы ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырумен өтетін қалалық конференцияларға ҚазҰӨУ жалпы білім беру мектебі оқушыларын дайындап, қатыстырушы;
2011ж. – Астана қаласы Білім басқармасы қатысуымен ұйымдастырылған «Оқу үрдісі әрекеттерін зерттеу» халықаралық семинарға қатысушы, А.Уорд (Канада), С.Бич (АҚШ); 2011ж. – ҚазҰӨУ жалпы білім беру мектебінің педагогикалық ұжымына «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» халықаралық жобасы аясында курс ұйымдастырып, өткізді, Астана қаласы;
2011ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігінде ҚазҰӨУ жалпы білім беру мектебінің педагогикалық ұжымын аттестация және қайта аттестациялауға дайындады;
2012-2014жж. – Халықаралық Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» халықаралық жоба аясындағы конференцияларға қатысушы, Стамбул қаласы;
2013ж. – «Педагогикалық диагностика: бағалау және білім сапасын басқару» атты шетелдік тағылымдамадан өтті, Рединг қаласы, Ұлыбритания;
2014ж. – «Қазақстан мұғалімдерінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған жұмысы жөніндегі негізгі нұсқаулар» халықаралық конференцияға қатысушы , КТЛ «НұрОрда», Астана қ.
2014ж. – «Өздігінен білім алу барысындағы әрекеттерді зерттеу» қалалық Конференцияға қатысушы, Астана қ.,
2014ж. – «Оқуды зерттеу: халықаралық және ұлттық тәжірибе» Қазақ Оқу Ассоциациясының ұлттық конференцияға қатысушы, Астана қ.
2015ж. – Халықаралық Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған «Фукциональды сауаттылық» халықаралық семинарға қатысушы, Стамбул қаласы;
2016ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Skills for the 21st century» халықаралық семинарға қатысушы, Астана қаласы
----------------------------------------
Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері (2012 ж. 24.12. ҚР ТЭК шешімі). Осы бағдарлама бойынша Ұлыбританияның Рединг университетінде тағылымдамадан өтіп және сол университетте «Pedagogical diagnostics criteriа: the effectiveness of the learning process in higher education» тақырыбында ағылшын тілінде мақаласын жариялады.
Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызы 2010 жылдың 1-сәуірінен бастап Қазақ ұлттық өнер университеті жалпы білім беру мектебінде қызмет атқарады. Сергазина Гүлмира біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Кәсіби ізденісі мен шығармашылық белсенділігі жоғары, қазіргі жаңа технологияны өз тәжірибесінде қолданып, сабақ берудің кәсіби шебер маманы атанған ұстаз. Сергазина Гүлмира – білім мен тәрбие беруде оқушының жеке дамуына жаңа көзқараспен қарайтын, әр баланың жеке қабілетін дамытуға жұмыс жасай білетін білікті маман. Өз шәкірттерін бүгінгі күннің талабына сай терең біліммен қаруландыру мақсатында зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, оқушының танымдық ойының дамуына, ғылымды жан-жақты игеруіне, белгілі бір іспен айналысуына ықпал жасай білетін, ата-аналардың мектеп өмірімен тығыз байланыста болуына мүмкіндік туғыза алатын ізденімпаз әрі шығармашыл мұғалім. Қазіргі білім талаптарының сұранысы жоғары деңгейде көрінуіне байланысты әрбір ұстаздың оқытудың жаңа технологияларынан хабардар болып, өз тәжірибесіне енгізуіне мол мүмкіндіктер туып отырған сәтте, мұғалім өз біліктілігін көтеруде, кәсіби даму жолында білімін жетілдіріп, оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда, тіл мәнерін үйретуде көп жұмыс жасауда. Бүгінгі күні Гүлмира Дәулетбайқызы өз тәжірибесінде «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясын қолданады және осы халықаралық жобаның тренері, Қазақстан және Халықаралық Оқу Ассоциацияларының мүшесі.
Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызы өзінің іс-тәжірибесін халықаралық деңгейде танытып, ҚазОА-ның ұйымдастырған бірнеше ұлттық және халықаралық конференцияларына қатысып, арнайы алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталған.
2008 жылы Румынияда өткен халықаралық конференцияға Қазақстаннан барған екі қатысушының бірі. Осы жылы мемлекет грантын ұтып алып, Берлин қаласында басқару қызметі бойынша білімін жетілдіріп келген білікті де іскер маман. 2009-10 оқу жылында Халықаралық деңгейдегі Британ елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ақпаратты технологияны қолдану арқылы ағылшын тілін жүргізу және оқушыларды басқару» тақырыбындағы семинарға қатысушы.
Өркениетті еліміздің жас ұрпақтарына сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі үздіксіз ізденісі мен жаңашылдығы, терең де мол білімі Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызының өз мамандығының шебері екендігін дәлелдейді. Ол әріптестері, оқушылары мен ата-аналар арасында беделді де сыйлы.