Бекешова Гулшат Базарбаевна

Туған күні: 17.03.1975

Туған жер: Өзбекстан

Білім:
Орта арнаулы, Ташкент заң техникумы, мамандығы «Заңгер», 1995 ж; Жоғары, Ажинияз атындағы Нөкіс Мемлекеттік педагогикалық институты, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, 2006ж.

Қоғамдық қызмет:
«НҰР ОТАН» мүшесі

Педагогикалық өтілі: 16 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1998-2000ж. №36 мектеп тарих пәні мұғалімі. Өзбекстан Республикасы;
2000-2001ж. Аудандық білім басқармасы бөлімі, заңгер-кеңесші, Өзбекстан Республикасы;
2002-2003ж. №53 орта мектебі, тарих пәні мұғалімі, Өзбекстан Республикасы;
2003-2007ж. №53 орта мектебі, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, Өзбекстан Республикасы;
2008-2017ж. аралығында Темір жол көлігінің колледжі қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы, сонымен қатар
2016 жыл қыркүйек айынан колледжде жалпы және арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының менгерушісі, Тараз қаласы.

Кәсіби жетістіктер:
Жамбыл облысы білім басқармасы құрмет грамотасы, Тараз қаласы, 2012жыл;
Болашақ мамандарды тәрбиелеуде белсенді үлес қосқаным үшін колледж алғыс хатымен және мадақтамасымен марапатталдым, 2011 жыл
2016 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруде заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат алдым.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы ретінде менің басшылығыммен білімгерлер қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:
Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығына байланысты «Желтоқсан жаңғырығы» атты қалалық жас ақындар байқауына білімгер қатысып, жүлделі I-шы орынға ие болып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды, 2010 жыл;
«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ…» қалалық Абай оқулары байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды, 2015 жыл;
Қалалық «ТІЛ-ПАРАСАТ» байқауында III-шы орынды иелегені үшін дипломмен марапатталды, 2015 жыл;
Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлігінің қалалық байқауына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды, 2016 жыл;
Ж.Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына орай «Жыр жазамын елім үшін!» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасына қатысып, алғыс хатпен марапатталды, 2016 жыл;
«Cүйемін туған тілді-ана тілін... » ғылыми-танымдық интернет байқауына білімгер қатысып, сертификат берілді, 2016 жыл;
«Просвещение» республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығына тест топтамасын әзірлеп, орталықтың «тест тапсырмаларын құрастыру авторы» анықтамасын алдым, 2016 жыл;
«Тұманбай Молдағалиев» қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақтың әзірлемесін дайындап,сертификат алдым, 2017жыл.

----------------------------------------

Мен бала кезден мұғалім болуды армандадым. Үнемі көз алдымда оқушылардың алдында сабақ түсіндіріп тұрғаным елестейтін.Бауырлас өзбек елінің Қарақалпақстан  Республикасы, Қонырат деген жерінде дүниеге келдім. Қазақ мектебінде оқыдым,қазақ тілі мұғалімі болуды көп  армандадым.  Алайда мектеп бітірісіммен ата-анамның ықпалымен құқық бөлімінде оқыдым. Тіпті оқу бітіргеннен кейін де мектептен алыстай алмадым. Мектепте іс жүргізуші, жетекшілік, құқықтану пәні оқытушысы, аудандық  білім басқармасы бөлімінде заңгер-кеңесші қызметтерін атқарып келдім.  Көп жылдар бойы армандаған  Нөкіс Мемлекеттік Педагогикалық Институтына 2002 жылы құжат тапсырып, аталған оқу орнын 2006 жылы аяқтап,дипломды қолыма ала салысыммен жұмысқа кірістім.

Оқушылардың арман-мұратқа тола көздері, ұшқыр ойлары, аңғал көңілдері мені бақыт кемеліне қондырғаны анық.

2007 жылы Атамекен қазақ еліне қоныс аудардым.Ұстаздықтың туын әлі де желбіретіп келемін. Білімгерлердің бойынан адалдық пен адамдықты көрген сайын бойыма күш-қуат бітіп, жігерленіп, елімнің болашағына деген сенімім артып, ерекше құлшыныспен жұмысқа кірісемін.