Байгазиева Алтынкул Алыпбековна

Туған күні: 16.09.1963
Білім:
Шымкент педагогикалық институт, тарих және педагогика, тарих, қоғам тану пәні мұғалім, тәрбие ісінің методисі, 1986
Қоғамдық қызмет:
«Жас ғалым» үйірмесінің жетекшісі
Педагогикалық өтілі: 36 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек қызметі:
1980- д/с «Звездочка», тәрбиеші,
1981-1986 ЖОО
1986-1991жж. №25 орта мектеп, тарих пәні мұғалімі,
1991-1995жж. Аудандық білім беру бөлімі, әдіскер
1995-2006 жж. №15 мектеп-лицей, тарих пәні мұғалімі,
2006-2014 жж. ШККжЖТ колледж, әдіскер
2014-2016ж ж. АТУТЭК колледж, тарих пәні мұғалімі
2016 ж. Алматы Автомеханикалық колледж , әдіскер
Кәсіби жетістіктер:
2012 ж. Қазахстан Республикасының Білім Министрлігінің «Құрмет грамотасы»
2017 ж. «ХХІ ғасыр ғылымы» республикалық ғылыми конференцияға дайындаған оқушым 3-орын алды, Астана
2017 жыл 17 ақпан, «Тұран үміті-2017» VІІ қалалық ғылыми байқауға дайындаған оқушым 1-орын алды
2017 ж. Алматы қала әкімінен «Алғыс хат»
2017 ж. Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығынан «Алғыс хат»
2017 ж. Астана «Зияткерлік қоғам» республикалық ғылыми журнал редакторынан «Алғыс хат»
2017 ж. VІІ қалалық конкурстан 1-орын Алматы «Алғыс хат»
2017 ж. Алматы қала әкімінен «Алғыс хат»
2014 ж. «Мақтау қағазы» ОҚО, «Болашақ» колледжі
2015 ж. «Мадақтама» 3-орын Алматы Технология Университеті
2004-2013 жж., ОҚО ОББ-нан «Алғыс хат» «Құрмет» грамоталары, «Дипломдар»
2009, 2010, 2011, 2012 жж.Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжінен «Алғыс хат» «Құрмет» грамоталары
Сертификат 2017 жыл 15 наурыз, халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция материалдарының еңбектер жинағы 48-бет.
Сертификат, 2016 жылдың 17-29 қазаны аралығында «ТжКБ ұйымдарында оқыту сапасын заманауи педагогикалық менеджемент негізінде арттыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстарында 80 сағаттық оқытудан өткенін растайды
Сертификат, 2016 жыл 16-қараша «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» атты қалалық семинарға қатысқаны үшін берілді
«Алғыс» 2017 жыл 15 наурыз «ТжКБ ұйымдарының индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы білім мазмұнын жаңғырту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысқаны үшін берілді
Сертификат, 2015 жыл мамыр, «Жетісужағы Алаш қозғалысы» тақырыбында республикалық ғылыми конференциясы
учебно-методическое пособие, УДК 94 (075.8), ББК 63.3, Б 18, «Божественная комедия»Данте Алигьери в изображении Сандро Боттичелли»
----------------------------------------
Мен педагогтар отбасынан шыққанмын. Ата-анам 1961 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық интитутты бітірген. Анам Баян Шоңғарақызы орыс, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ал әкем Әліпбек Қадырұлы математика, физика пәндерінің мұғалімі. Ата-анам өздері педагог болған соң ба, әпкем Асыл Әліпбековна, сіңілім Әлия Әліпбековна және мен мұғалім мамандығын таңдап, қазіргі таңда үлкен еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздар қатарында қызмет етіп жүрміз.
1986 жылы Шымкент педагогикалық институтты бітірдім. Осы жылы тұрмысқа шығып, отбасылы баолдым. Ұстаздық қызыметіммен қатар ана атандым. Бұл сәт менің өмірімдегі ең қымбат кезең болғаны айқын. Себебі өмірде орнымды ерекшелейтін сүйікті маман иесі болдым және әйел бақыты болып саналатын ана атандым.
1986 жылы мен ұстаздық еңбек жолымды Шымкент қаласындағы №25 орта мектепте тарих пәні мұғалімі қызметінен бастадым. Ұстаздық өмірім мені шыңдап бүгінгі күнгі жетістіктеріме жеткізді. Сондықтан 2012 жылы. ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. 1996 жылдан бері жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімімін. 3 рет расталды: 2004 ж., 2009 ж., 2013 жылдары расталды.
2017 жылы, 15-наурызда «ТжКБ ұйымдарының индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы білім мазмұнын жаңғырту» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «ТжКББ ұйымдарында инновациялық технологиялар арқылы әдістемелік жұмыстың нәтижелігін арттыру» тақырыбындағы еңбегімді оқыдым, «Сертификат» және «Мадақтама» алдым, мақалам еңбектер жинағына 48-бетке енгізілді. 2017 ж. 17 ақпанда Алматы қалалық колледж білім алушылар арсында «Тұран-Үміті-2017» VІІ қалалық байқауында «Ы.Жайнақовтың Жетісу тарихындағы қоғамдық саяси қызметі» тақырыбына дайындаған оқушым І-орынға ие болды. Осы еңбегім бағаланып, Алматы Тұран университеті ректорынан және Алматы қала әкімінен «Алғыс хат» алдым. 2017 жылы 10-мамырда «ХХІ ғасыр ,ылымы» республикалық ғылыми конференцияға дайындаған оқушым 3-орын алды, Астанадан Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығынан «Алғыс хатпен» марапатталдым. 2016 ж. желтоқсанда «ТжКББ жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» Алматы қалалық семинарына қатысып, «Сертификат»алдым. 2015 жылы «Жетісудағы алаш қозғалысы» республикалық ғылыми конференциясында «Иса Тергеусізов алаш қайраткері» тақырыбында баяндама оқыдым, «Сертификат» алып, «Таң» теле арнасының кешкі жаңалығында сұхбат бердім. 2017 ж. сәуірде Астана қаласындағы «Зияткерлік қоғам» республикалық ғылыми журнал редакторынан мазмұнды мақалаларым үшін «Алғыс хат» алдым. 2006 ж.№12/39, 2007 ж.№02/41 «Мектеп» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналға «Тәуелсіздікке қол жеткізген желтоқсан», «Жанымызда жүр жақсы адам» тақырыптарында мақалам жарияланды.2007 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау» тақырыбындағы қалалық семинарда оқыған баяндамам маңыздылығымен ерекшеленіп, қаржылай сый ақы алдым. Осы баяндамам 2007 ж. ақпан №05/428 «Болашақ» облыстық газетіне жарияланды. 2011 ж. сәуір №13/613 «Болашақ», 2011 ж. наурызда «Оңтүстік ұстазы» облыстық газеттерінде «Жаңа технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында мақалам жарияланды. 2009 ж. 21-22 қазанда облыстық ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдар жинағына «Шығармашылық ізденіс рен кәсіби тәжірибе-шеберлік шыңдау кепілі» еңбегім 306-бетке енгізіліп, конференция «Мадақтамасымен» мараппатталдым. 2011 ж. «Божественная комедия» Данте Алигьери в изображении Сандро Боттичелли әдістемелік оқу құралым (УДК 94 (072.8)ББК 63.3 Б 18 ISBN 9965-560-43-9) жарық көрді. Еңбегімді ескеріп ОҚО Білім Басқармасынан 2004 жылы-2 рет, 2009, 2011, 2012, 2013 жылдары «Құрмет грамотасы» - мен марапатталдым. 2006 жылы Д.И. Менделеев ат. №15 м-л директорынан «Мадақтама» алдым, 2001 ж. еңбек кітапшасына атқарған еңбектерім үшін алғыс жазылды. 2009, 2010,2011, 2012 жылдары Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директорынан «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатпен» марапатталдым. 2014 ж.педагогикалық оқуларға қатысып, ОҚО «Болашақ» колледжі директорынан «Мақтау қағазымен» марапатталдым.
2015 ж. №3, наурызда Алматы технологиялық университетінің «Технолог» газетінде «Батырлар мұрасы-ел бірлігінің куәсі» еңбегім жарияланып, осы жылы Алматы АТУ-да өткен «Мұқағали жырлары» байқауында 3-орын алып, «Мадақтама» алдым. 2015 ж. №3 желтоқсанда «Жас талант» Республикалық спорт колледжінің газетінде «Тәуелсіздік-бағым» еңбегім жарияланды. «Зияткерлік қоғам» республикалық ғылыми журналдың 2017 ж сәуірінде №5 санында«Кәсіптік білім беру ұйымдарында инновациялық технологиялар арқылы әдістемелік жұмыстың нәтижелілігін арттыру» тақырыбындағы мақалам жарияланды. Алдағы уақытта ұстаздық жолда жақсы істің ұйытқысы болатыныма сенім білдіремін.