Егдирова Сауле

Туған күні: 06.06.1954

Туған жер: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясы

Білім:
1975 жылы Гурьев педагогикалық институтының, математика факультетін, математика мұғалімі мамандығы бойынша бітірді

Қоғамдық қызмет:
Облыстық «Үздік мұғалім-2009» байқауының жеңімпазы
Облыс әкімінің грант иегері 2009 ж.

Педагогикалық өтілі: 40 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1975-1976 жылдары Гурьев облысы, Байшонас орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі
1976 – 1991 Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қайыр орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі
1991 – 2011жылдары Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі
2011 жылдан бастап Астана қаласы, №10 мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келемін

Кәсіби жетістіктер:
Облыстық құрмет марапатымен марапатталды, 2007 жыл, Грамота
2012 ж. Түркия елі. Анталия қаласы, Халықаралық пәндер олимпиадасында әділ қазылар алқасының мүшесі болды
2013 ж. Астана қаласы, «Менің педагогилық мамандығым» атты I Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсында I орын иегері
2014 ж. Республикалық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығы. Зияткерлік турнирде дарынды балаларға өз зияткерлік әлеуетін көрсетуге,дамытуға әрі білімге деген қызығушылығын тереңдетуге қосқан үлесі үшін. Алғыс хат
«Астана таңдауы-2013» байқауына қатысушы. «Астана ақшамы»газетінде өз саласының үздік маманы,өмірі өнеге жандарды марапаттайтын, Елорда жеткіншектердің балапандай баулыған ұстаз туралы «Сәулелі жан-осындай!» тақырыбында тілші Әділбек Жапақ жазды
2014 ж. Тұран университетінде оқушылардың қалалық олимпиадасында әділ-қазылар алқасының мүшесі болды
2014 ж. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынған «БЖС» технологиясы, «Білім беру технопаркі» жобасы. Әлемдік ISO 9001 стандарттың халықаралық талапқа сай сапаны басқаруда кәсіби өсуде және білікті жұмысты атқаруда инновациялық озық республикалық жобаны белсенді дамытқаны үшін марапатталды. Мадақтама, I дәрежелі
2014 ж. «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ Бұйрық 21.02.2014. Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада өткізу туралы 26.02-27.02.2014 күндері аралығында Гуманитарлық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданың II кезеңінің қазылар алқасы құрамында математика пәні бойынша (қазақ, орыс) топтарында қазылар алқасының төрайымы
2014 ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігі Республикалық мұғалімдердің қашықтық олимпиадасында үздік нәтиже, Сертификат
2014 ж. Столичное образование №18/24, 30.09.2014 ж. Менің сүйікті ұстазым (оқушы мақаласы ).
2014 ж. Астана Дарыны «Жас математиктер»олимпиадасында.Мадақтама
2015 ж. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Жеңіс эстафетасы» атты мерекелік іс-шарада, өскелең ұрпақтың бойында биік рухани-адамгершілік,елжандылық қасиеттерді сіңіруге бағытталған игілігі еңбектері үшін. Алғыс хат.
2015 ж. Омск қаласы. М.В.Ломоносов атындағы XVI турнирін ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін.Ресей бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.И.Гагарин. Куәлік
2016 ж. Астана қаласы. «Әділет»кәсіподақ комитеті. Мадақтама
2016 ж. Астана қаласы. БИС технологиясы, Астаналық жетістік. Сертификат
2016 ж. ҚРБҒМ қашықтық олимпиадасында үздік нәтиже. Сертификат
2016 ж. Аудандық олимпиада екі рет III орын. Диплом
2016 ж. Қалалық олимпиада III орын. Диплом
2016 ж. Астана қаласы. Академик Ө.М.Сұлтанғазин аймақтық олимпиадада екі рет III орын. Диплом
2017 жылы. Астана дарыны «Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы: Математикалық сауаттылық негіздемесі» тақырыбында Республикалық семинар. Сертификат
2017 жылы. Астана дарыны «Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы: Математикалық сауаттылық негіздемесі» тақырыбында Республикалық семинар. Алғыс хат
2017 ж. «Достижение столичных образования» Биоинформатика и Синергетика EXPO 2017 FUTURE ENERGY ASTANA KAZAKHSTAN. БиС на республиканском семинаре по управлению качеством и технологической карте. Сертификат
2017 ж. Астана қаласы. Аудандық олимпиада. Мақтау қағазы
2017 ж. Астана қаласы, Академик Ө.М.Сұлтанғази аймақтық олимпиадада 3-орын. Диплом
2017 ж. Астана қаласы. Қазақстан жастар конгресінің 15 жылдығы «Көсбасшы-2017» ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы. Сертификат
2017 ж. «Астана Дарыны» Өңірлік-Ғылыми практикалық орталығы. «ZERDELI» Ақыл-ой дамыту орталығы өткізген математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасында. Грамота
Оқушылардың жетістігі
2014 ж. Астана Дарыны «Жас математик» олимпиадасында Төребеков Б Мадақтама
2014 ж. Москва математикалық олимпиада «Весений Олимп»
Ыбырайхан Досымжан I орын. Диплом
Бейсебай Ерлан II орын. Диплом
Жапбарова Айзат II орын . Диплом
Тұрмахан Дінмұхаммет II орын. Диплом
Байболова Индира III орын. Диплом
2015 ж. Аудандық олимпиада Төребеков Б III орын. Диплом
2015 ж. Аудандық олимпиада Кеңесова Жания III орын. Диплом
2015 ж. М.В. Ломоносов атындағы он алтыншы турнир. Омск қаласының Ф.М.Достоевский атындағы мемлекеттік университеті. «Үркер»зияткерлік орталығы «Перспектива» білім беру орталығынан Сертификат алған оқушылар: Маликов Мансур, Саркулов Мади, Абдіғалым Әбдіуахит, Ағаділ Аружан, Нуртаева Камилла, Кубей Ғазикуршат, Байтурова Адия, Рамазанов Рахат , Ахмедов Данияр, Биржанова Дильнура, Даулетияров Алдияр, Мухтарова Айгерім, Турмахан Динмухаммед, Қуаныш Мухаммедали.
2016 ж. Қалалық олимпиада Кеңесова Жания III орын. Диплом
2016 ж. Астана қаласы. Академик Ө.М. Сұлтанғазин аймақтық олимпиадада Төребеков Бауыржан III орын. Диплом
2016 ж. Астана қаласы. Академик Ө.М. Сұлтанғазин аймақтық олимпиадада Кеңесова Жания III орын. Диплом
2017 ж. Республикалық қашықтық олимпиадасында Байтурова Адия III дәрежелі. Диплом. Директор «Дарын» Ш.Қирабаева
2017 ж. Қалалық олимпиадада екі рет III орын.Диплом
2017 ж. Астана қаласы аудандық олимпиада Кенжетөре Файзулла.Грамота
2017 ж. Аудандық олимпиада Төребеков Бауыржан III орын. Диплом
2017 ж. Қалалық олимпиада Төребеков Бауыржан III орын. Диплом
2017 ж. Астана қаласы, қалалық олимпиада Кенжетөре Файзулла III орын. Диплом

----------------------------------------

Мұғалім деген – ерекше тұлға шың,
Ұмытылмастай көңілде сәңгі қалатын.
Мұғалім деген – аяулы адам асыл жан,
Шәкіт көңілінде күн болып жайнап жанатын

Мен келешекте жас ұрпақтың бойына білім нәрін таратсам деген арманмен ұстаздық жолдың ауыр жүгін өз жүрегімнің қалауымен таңдап алдым. Ұстаздық жолда адал міндет атқаруды өзіме мақсат етіп қойдым. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектепте педагогикалық философиям және ұстанымым қалыптасты. Әрбір оқушының жан дүниесін түсінгім келді.

Әр бала қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, балалармен санасу бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет етудемін. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бұл қасиеттер ұстаз бойынан табылу үшін әр мұғалім біліктілігін көтеріп отыру қажет.Ахмет Байтұрсынұлы: «Олақтықтың белгісі — бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі — түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу… Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп жазған еді. Қазіргі кезде, оқыту технологиясының оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл әдістерді жүзеге асыру мұғалімнің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Өз еңбегімді байыту және біліктілікті жоғарылатып отыруды жүзеге асыруды қолға алдым. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілеттілігі білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын жол — білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы, басшы болары сөзсіз. Бұл орайда ұстазға артқан сенім өте зор.

Қорыта келгенде, О. Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей қазіргі қоғам мұғалімге үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Ұстаз бақыты — білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім.

Еркін елдің ертеңі –кемел білім мен кемел ғылымда.