Есенова Ляиля Байтоллақызы

Туған күні: 20.07.1962
Туған жер: Қазақстан, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
Білім:
Гурьев педагогикалық училищесі - «Бастауыш сынып мұғалімі», 1982ж
Қоғамдық қызмет:
Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі
Педагогикалық өтілі: 34 жыл
Біліктілік санаты: бірінші
Еңбек қызметі:
1982-1996 ж Азғыр орта мектебі
1996 жылдан осы шекке дейін №9 жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі
Кәсіби жетістіктер:
24 қазан 2014 жылы облыстық ғылыми практикалық конференцияға «Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» атты баяндама дайындады. Ол баяндама жинаққа еніп отыр.
«Курстан алған әсерім» баяндама республикалық 6- көлемдегі жинаққа енді. 2015 жыл. Сертификат және диплом
«Қазақстан патриотизм» Мәңгілік ел» идеясының тұпқағазы» республикалық семинары. (баяндама) жинаққа енді. 14.02.2015 жыл. Сертификат
«Нұрлы білім» атты №2 республикалық үздік сабақтар сайысы топтамасы. 2015 жыл. «Шынықсын денеміз» әдебиеттік оқу пәні бойынша 35 сабақтың бірі болып жинаққа енді. Сертификат
Bilimtime.KZ. сайтында «Гүл-өмірдің сәні» тәрбие сағаты, «Су» «Судың қасиеті» кембридждік ашық сабағы, «деңгейлік курс» туралы баяндамасы жарияланып, сертификатпен марапатталды.
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі.№5.2015ж «Шығыс септігі»
Uzdikter.biz Сайтына 5 сабағын жариялап, жеке авторлық бөлімін ашқандығын растайтын «Сертификат» алды.
Altinfkpsrst.kz 2 ашық сабағын жариялап, 2 диплом алды. 2015жыл
Ustazdol.kz 3-сабақ. Құрмет гармотасы.2015 жыл
Kopilkarokov.ru.1-сабақ. Сертификат 2015 жыл
Республикалық «Ұлағатты ұстаз» сайысы. “ZIAT” ғылыми әдістемелік орталығы Астана қаласы. 2015 жыл Диплом 1-орын
Республикалық «Шығармашыл сынып жетекшісі» байқауы. “ZIAT” ғылыми әдістемелік орталығы Астана қаласы 2015 жыл Диплом 2- орын
u-s.kz сайтына «Болашақтың мектебі қандай болу керек?» мақаласы жарияланды. 2015 жыл
45 минут кз сайты Алғыс хат.Сертификат.Диплом. 2016ж
«1-11 сыныптардағы барлық пәндерден электронды оқулық әзірлеу» республикалық жобасының жеңімпазы.Диплом. 8.02.2016ж
1сынып дүниетану пәнінен «Өсімдіктің көбеюі»тақырыбы бойынша электронды сабақтың авторы. Куәлік.№0014. 8.02.2016ж
Аудандық семинар «Құмырсқалар» тақырыбында деңгейлік сабақ көрсеттім. Алғыс хат.(аудандық) 2017ж
Өзім сәуірдің 17 мен мамырдың 5 аралығында «Бастауыш сынып оқушыларын жаңаша оқыту аясында» атты он бес күндік курсқа барып келдім. 12.05.2017ж осы курс туралы облыстық онлайн конференцияда баяндама оқыдым.
«Мерсибо» халықаралық порталында төрт вебинарға қатысып, сертификат алсам
Edulite.kz сайтына 5 сабақ салып, алғыс хат алдым
----------------------------------------
«Ұстаз болу – өз бақытын аямау,өзгенің бақытын аялау» - деп, Ж.Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білетін ұстаз болу,мен үшінүлкен арманым, алдыма қойған мақсатым болатын.Мектептегі ұстаз-балалардың екінші анасы,болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін,бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол тауып,тентекті жуасытып,еркені сабасына түсіріп, тәртіпке баулып,есейтіп,ержеткізетін мейірімді адам. «Ұстаз» болған адам бақытты,адал,мәдениетті, білімпаз,өз білгенін үйрете білетін,өзгеге үлгі адам сияқты деп көз алдыма елестете білдім.Жүрек қалауым,балалармен жұмыс жасап, қуанышты күлкілерінен нәр алу болатын.Алғашқы қызығушылығым, бастауыш сыныпта сабақ берген Дина апайыма еліктеуден,қызығушылықтан басталды. «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей, сол балалық шақтағы арманым орындалып, бүгінде 34 жыл еңбек өтілі бар, 3 (базалық) деңгейден өткен, 1санатты, бастауыш сынып мұғалімімін. Бар күш-жігерімді осы алдыма келіп отырған шәкірттеріме арнаймын.Шаршамай, талмай,бар білгенімді оқушыларыма беруге тырысамын. АКТ-ны пайдаланамын. Әр өткізер сабағымда жаңа технологияларды көптеп қолдануға тырысамын. Мысалы: «Шелектегі идея» «Ыстық орындық» «Өрмекшінің торы» «Мозайка» «Көпір» «Джиксо» «БҮҮ» «Бұлт» «Түртіп алу» стратегияларын үнемі қолданамын. Ашық сабақтар мен тәрбиелік шараларды мультимедиа арқылы өткіземін. Ата-аналармен байланысым өте жақсы жолға қойылған. Ата-аналар арасындағы бұл жұмыстарым В.А. Сухомлинскийдің мына сөздерімен тұспа-тұс келетін сияқты. «Тек қана ата-аналармен бірге,жалпы күш –жігерді біріктіру арқасында мұғалімнің балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін». Көп ізденемін,өз білімімді көтеруден ешқандай жалыққан емеспін. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігіде жойылады» деген орыс педагогі К.Д.Ушинский. Өйткені қазіргі заман талабыда 3 деңгейлік курстан өту керектігін басты назарда ұстап отыр. Иә, өмір талабы-іздену, үйрену. Ізденсең-табасың, талаптансаң- жетесің, зейін салсаң-ұғасың дегендей бізді осындай жігерлі сөздер алға жетелейді. Қазіргі аумалы- төкпелі заманда тез шешім таба білетіндербес тұлға дайындауымыз қажет. Ол бәсекеге қабілетті, сауатты да, білімді ұрпақ. Сол ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында, маңдай терімді төгіп, адал еңбек ету менің алдыма қойған мақсат-міндетім. Өйткені мен өз мамандығымды ұнатамын, сүйемін. «Ұлағатты ұстаз» атануды аңсаймын. Осы тұста ұлы Абайдың
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға деген өлең жолдары ойға оралады. Біз тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз өмірден өз орынын тауып, бір кірпіш болып қаланып, ұстазынан шәкірті озып жатса,адал еңбегіміздің ақталғаны деп қуанамыз емес пе?! Мен педагогикалық мамандықты таңдағанымды мақтаныш тұтамын!
Бүгінгі таңда, менің шәкірттерім егеменді елдің, Тәуелсіз Қазақстанымыздың толыққанды, білімді де, тәрбиелі азамат болып шықса, менің арманымның орындалғаны деп есептеймін. Осы орайда Б.Момышұлының «Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет»деген сөзі есіме оралады. Ал,ағартушы педагог Ы.Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені-бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарға» деген сөзінен біз сияқты ұстаздардың бала тәрбиесінде басты тұлға екендігін көрсеткенін аңғаруға болады.
Өмірлік ұстанымым: Білу аздық етеді, қолдану қажет! Қалау аздық етеді, жасау керек!
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай қызық, шын бақытын тапса адам.