Алсеитова Гулбану Досымбековна

Туған күні: 09.12.1961

Туған жер: Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Мұқыр ауылы

Білім:
Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті, Мамандығы: неміс тілі пәнінің мұғалімі, 1998 ж.
М.О.Әуезов атындағы Семей университеті, Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2003 ж.

Қоғамдық қызмет:
Әдісмемелік кеңестің хатшысы, бірлестік жетекшісі, жас педагогтар мектебінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 33 жыл

Біліктілік санаты: бірінші

Еңбек қызметі:
1985-1987 жж. - Абай атындағы орта мектеп, Неміс тілі пәнінің мұғалімі
1987-2013 жж. - С. Сейфуллин атындағы орта мектеп, Неміс тілі мен қазақ тілі пәніннің мұғалімі
2013-2016 жж. - «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК колледж әдіскері, Семей қ.
2016 жылдан осы уақытқа дейін - «Алматы автомеханикалық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Кәсіби жетістіктер:
Аудандық Құрмет грамотасы , 2011 ж.
Облыстық құрмет грамотасы, 2012 ж.
2012 ж. Аудандық Білім Басқармасы, мадақтама, пән оқытушылар арасында олимпиада, 2 орын.
2012 ж. Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы, шығармалар сайысына оқушы дайындағаны үшін мадақтама, 2- орын.
2016 ж. құрмет грамотасы, қалалық «Жас ақындар мүшайрасына» оқушы дайындағаны үшін, 1- орын
2017 ж. қалалық ғылыми–практикалық конференцияда оқылған баяндама үшін, «Алғыс 2017 ж. «Алғыс хат», Республикалық «Зияткерлік қоғам» журналынан, Астана қ.

----------------------------------------

Туып өскен мекенім-Ұлылар елі! Мен мұны қашан да мақтан етемін. Ұлы Абай, данышпан ақын Шәкәрім, заңғар тұлға Мұхтар , кемеңгер ақын Көкбай туған жерде мен де дүниеге келген екенмін. Менің туып-өскен мекенім, киелі мекенім-Мұқыр ауылы. Бұл күнде Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданындағы Көкбай ауылы. Осы ауылдағы М.О.Әуезов атындағы орта мектепті тәмамдап, арман қуып қалаға келдім. «Баланы оқытуды жек көрмедім» ,деп Абай атам айтқандай мен де ұстаздық жолды таңдадым.

«Ұстаздық еткен жалықпас» деген қағиданың растығына өмір бойғы еңбегім куә дер едім.

Осыдан 33 жыл бұрын ұстаздық еңбек жолымды шағын ғана ауыл мектебінен бастап, күні бүгінге дейін үздіксіз қызмет етіп келемін. Бар ғұмырымды бала оқытуға арнадым.

Өткен өміріме ой жүгіртер болсам, аналық міндетпен ұстаздық қызметті қатар алып жүру қиын да қызық болыпты. Өз балаларымды тәрбиелеумен қатар шәкірттерімді тәрбиелеп, оларға білім беріп, қиындығынан қызығы басым бір керемет ғұмыр кешіппін. Ұстаздық жолымда бірнеше жүздеген баланы мектеп қабырғасынан түлеткен екенмін. Ұстаз- ол өзі оқыта жүріп өзі де қоса оқитын ерен еңбек, ғажап маман иесі ғой. Мен де өзімнің осынау ұзақ еңбек жолымда талай-талай жетістіктерге жеттім. Оқушыларды әр түрлі сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, пәндік олимпиадаларға дайындай жүріп, өзім де мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға белсене қатынастым. Әсіресе жас жеткіншектерді сайысқа дайындау аса қызық еді. Жыл сайын өтетін аудандық, облыстық, республикалық «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Мұқағали оқулары» сынды айтулы жарыстарды ешқашан назардан тыс қалдырмаппын. Сол сайыстарда оқушыларым жоғары нәтиже көрсетіп келді. Атап айтар болсам: «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» деген тақырыпта өткен аудандық «Махамбет оқуларында» оқушым Тұрлыбекова Данура 1-орынды жеңіп алды. ХІ аудандық «Абай оқуларында» оқушым Жұмағалиева Айгерім 2-орынды иеленді. Осы сайыста оқушым Оразбаева Еркежан 3-орын алды. Облыстық интелектуалдық «Айналайын» конкурсында оқушыларым Жұмағалиева Айгерім 3-орын, Тұрлыбекова Данура 2-орын иеленді. Республикалық «Жарқын болашақ» атты олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңінде « Жас ғалымдар» бөлімі бойынша Жұмағалиева Айгерім 2-орын иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аналған «Мен неге мұғалімдік мамандықты таңдаймын» атты Шығыс Қазақстан облыстық жазба жұмыстар сайысы 10-сынып оқушылары арасында «Шығармашылық зертхана» номинациясы бойынша оқушым Серікқажиева Мөлдір 2-орынды жеңіп алды. Осы сайысқа оқушы дайындап, жазба жұмыстар дайындау жетекшілігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым. Ұстаздық еткен жылдарымда өзім де мәнерлеп оқу сайыстарына белсене атсалыстым. Ф. Оңғарсынованың туғанына 70 жыл толуына арнап ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысында 3-орынды иелендім. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен Мұқағали оқуларына қатысып, «Ерекше өнері» үшін Құрмет грамотасымен марапатталып, , бағалы сыйлыққа ие болдым. Пән мұғалімдері арасында өткен аудандық олимпиадада 2-орынды жеңіп алдым.

Орта мектепте қызмет істеген жылдарым өзім үшін де оқушылар үшін де, ата –аналар үшін де айтарлықтай жемісті болды деп мақтанышпен айта аламын. Олай дейтінім: сол жылдарда жаңа технолгиялық әдістерді сабақта тимді пайдалану жолға қойылды. Мен де жаңалықтан қалыс қалмай,ғалым, профессор, Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арылы, ҰБТ-ге оқушылар дайындап жоғары жетістікке жеттім. Орта мектепте жасаган қызметімнің тағы бір нәтижесі оқушылар арасында ұйымдастырылған сауалнама бойынша көпшілік дауыспен жеңіске жетіп, «Ең сүйікті ұстаз» номинациясымен марапатталуым болды.

Кәсіптік білім беру мекемесінде әдіскер болып еңбек еткен жылдарымда жас педагогтармен жемісті жұмыс атқардым. «Жас педагогтар мектебіне» жетекшілік ете жүріп сол жас мамандарға арнап , электронды нұсқада «Жас педагогке жәрдем» әдістемелік нұсқаулығын құрастырдым.

Ұстаздық жолымды бұл күнде «Алматы Автомеханика колледжінде» жалғастырып жүрмін. Жас жеткіншектер кәсіптік білім алуен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнін де қызығушылықпен оқып, қалада болып жататын түрлі сайыстарға белсене қатысуда. 35- топ білім алушысы Әбдуәлі Думан бірнеше дүркін өзімнің жетекшілік етуіммен жас ақындар мүшайрасына қатысып, «Алғыс хаттармен» марапатталды. «Мәңгілік ел-страна моей мечты» тақырыбында өткен қалалық сайыста мәнерлеу мәнерімен ерекшеленіп, «Выразительность речи» номинациясын жеңіп алды. ҚР Тәуелсіздігнің 25 жылдығына орай «Тұғырлы тәуелсіз елім» атты жас ақындар мүшайрасында 2, «Мәңгілік жансын бағың, Тәуелсіз Қазақстан» атты сайыста 1-жүлделі орындарға ие болды. Жас ақындар мүшайрасына оқушылар дайындағаным үшін мадақтамамен марапатталдым. Халықаралық қашықтықтан болған пәндік олимпиадада 41-топ оқушылары «Алғыс хатпен» марапатталып, Исмаилов Мурат 2-дәрежелі Диплом иегері болды.

Осынау ұстаздық еткен жылдарымда әр түрлі аудандық, қалалық. Облыстық, Халықаралық педоқулар мен ғылыми –практикалық конференцияларда баяндамалар оқып, ол бандамалар жинаққа енгізілді. Қызметтен қолым босап сәл де болса оқушылардан, балалардан оңаша қалған сәттерімде шығармашылықпен айналысқанды ұнатамын.

Жас өрендермен жұмыс істеу-ол менің өмірімнің маңызды бір бөлігі. «Ұстаздан шәкірт озар» деген сеніммен әлі де талай асулардан асып, шәкірттеріммен бірге шыңдарға шығарыма сенемін.