Досова Жайна Сембаевна

Туған күні: 14.08.1981

Туған жер: Қазақстан, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы

Білім:
Талдықорған қаласы, «Жетісу» мемлекеттік университетінің колледжі

Дәрежелер мен ғылыми атақтар:
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Педагогикалық өтілі: 5 жыл

Біліктілік санаты: екінші

Еңбек қызметі:
2012-2017 жж - МКҚК «Таңжарық» балабақшасы», тәрбиеші

Кәсіби жетістіктер:
Мадақтама «8 наурыз халықаралық әйелдер күні». Балабақша әкімшілігінен 2013 жыл
Мадақтама «Кім күшті». Балабақша ішілік спорттық сайыс 2015 жыл
Мадақтама «8 наурыз халықаралық әйелдер күніне». Балабақша әкімшілігінен 2017 жыл

----------------------------------------

Әр күнді балабақшада өткеремін
Жастарға шешен сөзбен от беремін
Ұстаз!-деген ұлы есім, ұлы ұғымға
Лайықты болсам екен деп келемін!

Ұстаз –ұлы есім, қасиетті сөз. Себебі, ұстаздар мейірімді, шыншыл өзінде барды аямайтын, көптің қамын жеп, жұртқа жақсылық нұрын себетін, жаны жайсаң жандар. Ұстаздар –өмірдің ең негізгі сара жолында, таусылмайтын дана жолында жүргендер. Мен балабақшадағы сара жолдың соқпағын, сонау 2012жылы білім іздеп келген уақыттан бастап түстім. Содан бері аз да емес, көп те емес 5 жылдан астам уақыт болды. Мен –тәрбиешімін. Осы мамандық арқылы қаншама асуға шығып, белден асып, әр түрлі ауыр, жеңіл сынақтардан өттім.

Өмір сындарынан сүйікті ұжымыммен бірге өтіп, саналы ұрпақ, ақылды, пайымды азамат тәрбиелеуге өз үлесімді қосып келемін.

Атақты ақын ағамыз М. Шаханов «Бала жүрегі - кішкентай күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» дейді. Осы кілтті жоғалтпай, әрдайым жарқыратып, тот бастырмай ұстай білу - басты парыз, міндет.

Адам баласына көмек көрсету - игілігі мол істердің басы. Мен балабақшадағы ең кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс жасадым. Бүлдіршіндердің балабақшаға тез бейімделуіне, олардың тілдерінің тез шығуына қолымнан келген көмегімді көрсетіп жүрмін. Адамдар мамандықты жүрегімен қалап, халыққа қызмет ете білуі керек. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар, бірақ менің мамандығым ең қажет мамандықтардың бірі және бірегейі деп санаймын. Осы мамандығым арқылы елдің ертеңі, ұлт болашағы жастарға тәлім - тәрбие беріп, саналы, сарабдал азамат тәрбиелеуге үлес қосып жүргенім кеудеме шаттық, жүрегіме қуаныш ұялатаып, өзіме артылған жүктің сенімнің салмағын арттыра түседі. Мен үйретуден, үйренуден еш жалықпайтын, жаңалықты жатсынбайтын мамандығымды мақтаныш тұтамын, ардақтаймын!