Азербаева Сауле Ұзақбайқызы

Туған күні: 13.03.1962

Туған жер: Қазақстан Гурьев (Атырау) облысы Индер ауданы Жарсуат ауылы

Білім:
Ақтөбе педагогикалық институты, ағылшын тілі пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 34 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
Жамбыл атындағы орта мектебі, ағылшын тілі пәні мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
2016-2017 жж. Индер ауданынан «Ең үздік оқу ісінің меңгерушісі» дипломымен марапатталды
2016-2017 жж. Республикадан «Ең үздік оқу ісінің меңгерушісі» «Құрмет граммотасымен» марапатталды
2017 жылы Атырау облысы әкімінің сыйлығы
2017 жылы Диплом Аудандық білім бөлімі
2017 жылы Республикалық Құрмет Грамотасы
2017 жылы Астана қаласы Құрмет Грамотасы

----------------------------------------

Азербаева Сауле Ұзақбайқызы - өзіне, өз ісіне талап қоя білетін, қарапайымдылығымен, ізденгіштігімен танылып келе жатқан директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өз пәнін жақсы меңгерген жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Азербаева Сауле Узакбаевна - оқу-тәрбие үрдісін жақсарту, мектептің білім сапасын арттыруда әр мұғалімнің күнделікті сабақты жаңа технология әдістерін, педагогикалық жаңалықтарды пайдаланып еңбек етуіне, заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру үшін шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауына мүмкіндік жасай отырып, мұғалім ізденісі мен оқушы білімін көтеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

2003-2004 оқу жылында оқушысы У.Ерниязованың «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығын салыстыру» тақырыбындағы жұмысы ғылыми жобалардың облыстық байқауында І орынға ие болып, Республикалық ғылыми жобалар байқауының І турына қатынасты. Ізденіс үстіндегі шығармашыл ұстаздың деңгейлік тапсырмалар бойынша 5-8 сыныптарға дайындаған «Саралап оқыту арқылы оқушы білімінің сапасын арттыру» тест жинақтары тест жинақтары, «Оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын қалыптастырудағы тіл пәндерінің ролі», «Үздік әдістемелік жұмыстар» тақырыбындағы озат тәжірибесі аудан көлеміндегі әріптестері арасында көмекші құрал ретінде аудан мұғалімдерінің пайдалануына ұсынылды. Бірнеше сабақтары әдістемелік «Ағылшын тілі Қазақстан мектебінде», «Мұғалім KZ» журналдарында жарияланып, арнайы сертификатқа ие болды. 2006 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында ІІІ орын, 2008 жылы «Үздік әдістемелік жәрмеңке» облыстық байқауында жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 2009 -2010 оқу жылында сабақ процесінде ақпараттық технологияны пайдалану шеберлігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Ашық сабақтар» байқауында үлкен дайындығы және шығармашылық ізденісімен танылып, ІІ жүлделі орынға ие болды. 2009 -2010 оқу жылында ғылым негіздері пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінен А.Талғатова, 2010-2011 оқу жылында Б.Дүйсенова ІІІ орынға ие болды. 2009-2010 оқу жылында оқушылары Б.Дүйсенова облыстық «Полиглот» байқауында ерекше қабілеттілігімен, білімділігімен танылғаны үшін ІІІ дәрежелі Дипломмен, 2010-2011 оқу жылында С.Нәсіпқалиева «Алғыс хатпен» марапатталды. 2010 жылы оқушылар А.Бердешова, А.Болат, 2012 жылы оқушы А.Тулешова «Үздік аттестат» иегерлері, 2011 жылы оқушылар Г.Әли, А. Қайырғали , 2013 жылы оқушы Ж.Сансызбаева «Алтын белгі» иегерлері атанды. 2009-2010, 2010-2011 оқу жылдарының қорытындысымен аудан көлемінде «Үздік оқу ісі меңгерушісі» номинациясын жеңіп алды. 2011 жылы аудандық «Инноватор-2011» байқауында кәсіби шеберлігімен танылып, жүлделі І орынға ие болды.

2010-2011 оқу жылында 9 оқушының, 2012-2013 оқу жылында 8 оқушының есімдері «Қазақстанның үміт артарлары» Қазақстан Республикасының үздік оқушылары жинағына енді. 2014-2015 оқу жылында Халықаралық «Кенгуру –лингвист» интеллектуалдық сайысынан А.Нұрмұқанова ІІІ орын, «British Bulldog» интеллектуалдық ойынынан оқушысы А.Нұрмұқанова, Ж.Исашева, Г.Сарсенова – І орын, А.Төлештегі, А.Сапарғалиева – ІІ орын, А.Кабдыгалиева, А.Мұқтажғалиева ІІІ орынды жеңіп алса, 2015-2016 оқу жылында «British Bulldog» интеллектуалдық ойынынан 4 оқушысы І орынға ие болып, арнайы сыйлықпен марапатталды.

Оқушыларының және өзінің үлкен жетістіктерге жетуі - Азербаева Сауле Узакбаевнаның тынымсыз еңбегінің нәтижесі.