Ахметкаримова Гүлнәр Мырзашқызы

Туған күні: 21.10.1969

Туған жер: Қазақстан, Қостанай облысы

Білім:
Қазақ Ұлттық университеті, биология, 1993,
Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, қазақ тілі мен әдебиеті, 2014

Қоғамдық қызмет:
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі

Педагогикалық өтілі: 24 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№6 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
- «Ұстаз-ұлы тұлға» республикалық сырттай байқауы, 2015 ж., 2 орын
- «Лучший урок с использованием ИКТ» республикалық байқауы, 2015 ж., 1 орын
- «Ұлағатты ұстаз» республикалық сырттай байқауы, 2016 ж., 1 орын
- «Қаһарман батырлар есімізде!» облыстық байқауы, 2016 ж., 1 орын
- Сертификатталған мұғалімдердің 4ші республикалық «Жарқын белес» онлайн форумында шеберлік сыныбын өткізгені үшін диплом, 2016 ж.
- «Өнегелі ұстаз» республикалық сырттай байқауы, 2017 ж., 3 орын
- Жоғары кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігі үшін Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының Құрмет Грамотасы, 2016 ж.

----------------------------------------

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 51 бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті», - делінген. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім арттырудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес. Жеке әдістемелік тақырып: «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту»

Осы бағыттағы жұмысымның мақсаты: диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу, оқу әрекеттерін дамыту жолдарын анықтау және оларды тиімді қолдана білу.

Аталған тақырып бойынша жұмыс жоспарымның негізгі бағыттары:

- кәсіби (пәндік баспалар мен Интернет арқылы жаңа педагогикалық технологиялар жайлы мәлім алып отыру; педагогикалық газет-журналдарын шығу мерзіміне сәйкес оқып отыру);

- психология-педагогикалық (қазіргі психология мен педагогика облысындағы жетістіктермен танысып тұру; оқушылардың жеке психология-физиологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу),

- әдістемелік (түрлі деңгейдегі семинарлар арқылы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысып отыру; қалалық, мектептік әдістемелік бірлестігінің жұмысына белсенді қатысу; коучинг өткізу арқылы оқытудың 7 модулін насихаттау; дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру және сайыстарға, ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға қатыстыру; әдістемелік шаралар мен сабаққа кіру арқылы мектеп, қала мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу; орта-қысқа мерзімді жоспарлар базасын құру; ашық сабақтар өткізу; педагогикалық тәжірибені жалпылау);

- ақпартатық-технологиялық (интерактивті тақтаны қолдану, кабинеттегі үлестірме және тағы басқа материалдарды жүйелеу, электрондық базасын құру, әдістемелік өнімді жасау);

- денсаулықты қорғау (білім беру процесіне денсаулықты қорғау технологияларды енгізу).

Сертификатталған мұғалім ретінде қала мұғалімдері үшін түрлі коучинг өткіздім: «Диалогтік өзара әрекеттестік арқылы тұлғаның белсенділігін қалай арттыруға болады?», «Как помочь одаренным и талантливым детям?» (орыс тілінде), «Как поддержать ребенка при социализации?» (орыс тілінде), «Для чего педагогу необходима ИКТ-компетентность? (орыс тілінде). Сонымен бірге, әдістемелік тақырыбым жөнінде облыстық конференцияларға қатыстым: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту жолдары», «Диалогическое обучение на уроках казахского языка и литературы как фактор развития функциональной грамотности» (орыс тілінде). Тәжірибемен бөлісу мақсатында түрлі деңгейдегі басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде мақалаларым шықты: «Білім Инфо» облыстық журналы, «Учительская плюс» облыстық газеті, «Бизнес Пресс Лисаковск» қалалық газеті, «Білімді ел» және «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық басылымдары.

Сонымен бірге Интернет ресурстарына да сабақ жоспарларын, мақалалар, флипчарт, презентацияларды жіберіп, куәліктерін алдым. Соның ішінде infourok.ru, «ТАК ТО ЕНТ», «Копилка уроков» «Мультиурок» педагогикалық порталдарын атауға болады.. Infourok.ru педагогикалық жобасында жеке сайтым ашылғаны жөнінде сертификат алдым.

Жеке әдістемелік тақырып бойындағы қызметім дарынды оқушылармен жұмысының нәтижелілігіне де әсер етті: қазақ тілінен «Қазақстан экология туралы не білесің?» қашықтық облыстық олимпиада, «Алғыр» қалалық байқаулары, «Тіл ұшқыры» қазақ тілінен қашықтық олимпиада, Республикалық сырттай оқу мектебінінің оқушыларына арналған онлайн олимпиадасы, V республикалық «Жас ғалым» ғылыми жұмыстар сайысы, қазақ тілінен жалпықазақстандық олимпиада (8, 9 сынып), «I-school generation» деген білім сайыстарында оқушылар бірнеше жүлделі орынға ие болды.

Соңғы үш жыл бойында тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтарды өткіздім:

2014ж. – «Аққудың айырылуы» (қалалық семинар аясында),

2015ж. – «Қай тіл көп тараған?» (пәндік апталық жоспары бойынша),

2016ж. – «Қазақ театры» (қалалық деңгейіндегі аттесталанатын мұғалім күні).

Аталған сабақтарда жаңа әдістер, сын тұрғысынан ойлау технологиясының тәсілдері, деңгейлік курстар Бағдарламасының жеті модулі, сонымен бірге интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері кеңінен пайдаланды.

Білім беру саласындағы еңбегі, жоғары кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігі үшін 2016 жылы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет Грамотасы берілді.