Алибекова Тарбия Кантургановна

Туған күні: 24.01.1964

Туған жер: Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы

Білім:
«Т.Г. Шевченко» атындағы Нүкүс мемлекеттік университетінің «Экономист» мамандығы, 1985 жыл
«Сырдария» Университетінің «Тарих және география» мамандығы, 2004 жыл

Қоғамдық қызмет:
Мектеп тренері. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша деңгейлік курс мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіігінің жетекшісі

Құрметті атағы, кәсіби марапаттары және премиялар:
ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet AB» Қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалі төсбелгісі,2014 жылы

Педагогикалық өтілі: 21 жыл

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек қызметі:
1989-1991 жж - «Абай» атындағы жалпы орта мектебінде география пәні мұғалімі
1998-2017 жж - «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі» КММ тарих және география пәні мұғалімі

Кәсіби жетістіктер:
№70 Т. Аубакиров ЖОМ "Жыл мұғалімі-2000" байқауында бас жүлде иелегені үшін Мақтау қағазы, Игілік, 2000 ж.
№70 Т. Аубакиров ЖОМ "Өнерлі Ұстаз-2001" байқауында І орын иеленгені үшін Мадақтама, Игілік, 2001 ж.
Мақтарал ауданы әкімі Алғыс хат, Жетісай, 2005 жыл
Мақтарал ауданының білім бөлімі "Үздік мұғалім-2008" байқауында ІІІ орын Мадақтама, Жетісай, 2008 жыл
Республикалық "Зерттеуші-Исследователь" ғылыми журналы "Үздік педагог зерттеуші" І орын Мадақтама, 2009 жыл
Мақтарал ауданының білім бөлімі, тарих пән олимпиадасы ІІІ орын Диплом, 2010 жыл
ОҚО білім беру басқармасы "Қолданбалы және таңдау курстары үшін материалдар жинағы үшін" Диплом, 2010 жыл
ОҚО,Мақтарал мақта шаруашылығы мұражайы Мадақтама, 2010 жыл
Мақтарал ауданының білім бөлімі Алғыс хат, 2013 жыл
Оқушылардың «Салют, Жеңіс!» атты оқу-зерттеу жұмыстарының халықаралық өлкетану байқауының І орын Диплом иегерін дайындағаны үшін Алғыс хат, Астана, 2015 ж.
«Білімділер» порталының жұмысына белсене қатысқаны және сапалы сабақтарын енгізгені үшін «Құрмет грамотасы», 2015 ж.
«Ең үздік» өлкетану авторлық курс бағдарламасы Мақтарал аудандық байқауында І орын Диплом, Жетісай, 2016 ж.
«Алаш үкіметі һәм Ә.Бөкейханов» атты Қазақстан тарихы пәнінен республикалық қашықтық олимпиадасына оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хат, Астана, 2016 ж.
«Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты қашықтықтан өткізілетін Республикалық педагогтар конкурсында І орын Диплом, Астана, 2016 ж
«Мәңгілік елдің ұлы мұраты» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында Алғыс хат, Астана, 2016 ж
«Ұлттық құндылықтар мен инновациялық идеялар» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының «Үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша Диплом, Астана, 2017 ж.
«Үздік авторлық бағдарлама» І орын Диплом, «Intelurok» жобасы 2017 ж.
Ұлттық интернет олимпиадасына оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хат, Астана, 2017 ж.
Оқушыларын ғылыми жұмыстар жоба байқауына дайындағаны үшін Мақтарал ауданы білім бөлімінен Алғыс хат, Жетісай, 2017 ж.

----------------------------------------

«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ.Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу:керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу.Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» А. Байтұрсынов.

Жеке әдістемелік тақырыбым: "Сыни тұрғысынан ойлау және жазу бағдарламасы стратегияларының тарих сабағында шығармашыл тұлға қалыптастырудағы маңызы". Әдістемелік тақырыбым бойынша «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты қашықтықтан өткізілетін Республикалық педагогтар конкурсына қатысып,І орын Дипломмен марапатталдым.

Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы.Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын топпен жұмыс істеуде қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін.Сабақта жаңа білімді оқушылардың өзіне меңгерту үшін тапсырмаларды кезеңдер ретімен жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп дайындап отырамын.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялардың ішінде - эссе,РАФТ және бес жолды өлеңді пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім.Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу,еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастадыМұның дәлелі ретінде ой-толғаныс кезеңінің шығармашылық тапсырмалары оқушының дарындылық қабілетін шыңдай түсетінін байқағаным.2015 жылы 9 сынып оқушым Абдикадирова Анара оқушылардың "Салют,Жеңіс!" оқу-зерттеу жұмыстарының Халықаралық өлкетану байқауында "Отан үшін от кешкендер" номинациясы бойынша "Отан үшін от кешкен Мақтааралдық батырлар" тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін жүлделі №1 орынды иеленіп мақтау қағазбен,жоба жетекшісі ретінде алғыс хатпен марапатталдым.2016 жылы "ЗИЯТ" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған тарих пәнінен қашықтық олимпиадасына қатысқан оқушыларым эссе жазу арқылы өздерін сынап көру мүмкіндігіне ие болған еді.Нәтижесінде 5 сынып Розум Жанатбек 2 орын,7 сынып Аманбаева Ұлжанат 3 орын,10 сынып Абдикадирова Анара мен Теңізбаева Жанар 3 орынды иеленіп,өздерінің шығармашылықпен шыңдалып,эссе жазу арқылы сөздік қорын кеңейте түскенін дәлелдеді.

2017 жылы 10 сынып оқушым Атабаева Гулшада Ұлы отан соғысы ардагері атасы жайлы бастаған эссені ғылыми жобаға ұштастырып.аудандық білім бөімінің алғыс хатымен марапатталды.