Айтжанова Айгерим Тулегеновна
Туған күні: 29.01.1989
Туған жер: Қазақстан Атырау облысы Атырау қаласы
Білім:
Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Информатика пәнінің мұғалімі, 2011 жыл
Педагогикалық өтілі: 5 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Еңбек қызметі:
2011 жыл қазіргі таңда №2 орта мектеп, Атырау қаласы
Кәсіби жетістіктер:
Атырау облыстық Білім беру басқармасы «Құрмет грамотасы», 2011 жыл
Қалалық «Жас мұғалім - 2013», ІІІ орын
Облыстық «Үздік бағдарламашы» байқауында «Бағдарламалық өнім» секциясы бойынша,ІІ орын,2014 жыл
Республикалық Отбасылық тәрбиелеу орталығы «Алғыс хат», Астана 2014 жыл
Қалалық білім бөлімі «Құрмет грамотасы», 2015 жыл
Атырау облыстық әдістемелік кабинетінің директоры «Құрмет грамотасы», 2015 жыл
Республикалық әдістемелі ғылыми – педагогикалық журнал «Білімге сапар» басылым «Информатика әлеміне саяхат» (информатикалық-интеллектуалды ойын) 2015 жыл
Қалалық «Үздік жыл сынып жетекшісі», ІІ орын, 2016 жыл
----------------------------------------
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп
Ер өлседе еңбегіңді ел өлтірмес
Неше мың жыл өтседе тарих білмек
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Сонымен бірге, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едім. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан дүниесін де емдейді емес пе?! Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайда сын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Менің таңдаған мамандығым – информатика пәнінің мұғалімі болу.Мен өз арманыма қол жеткіздім деп ойлаймын.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне, мұқият қарайтын дәуір» деп айтқан.
Бұл мамандықтың тағы бір ерекшелігі – тек мұғалім ғана болып қоймай, қазіргі кездің ең басты құралы болып тұрған компьютердің барлық мүмкіншіліктерімен танысып, оқып, үйреніп шығасың. Қазір XXI ғасыр – Нағыз техника заманы.
Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім арқылы адамның қабілеттілігі артады, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Және сол үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыс жасайық дегім келеді. Мен мамандық таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін. Сөзімді қорыта келе,педагог білім беруші тұлға ғана емес.Ол- тәрбиеші.Сондықтан мен өз шәкірттеріме білім ғана емес өнегелі тәрбие беретін, шәкірт үлгі тұтатын тұлға болуым қажет.